Студопедия — Кәсіпорынды жалдау шартының мазмұны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорынды жалдау шартының мазмұны






Жалға беруші мүлік жалдаудың басқа да шарттары бойынша сияқты жалға алушыға мүлікті беруге міңдетті. Жалға берушіге кәсіпорынды жалға беруге дайындықпен байланысты ауыртпашылықтар жүктеледі. Оның берілуі өткізу актісі бойынша жасалады. Өткізу актісін жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда жалға берушінің міндеті болып табылады және оның есебінен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында борыштар болса, кәсіпорын жалға алушыға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап еткен несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін. Жалға алушының басты міндеті жалданған кәсіпорынды шарт жағдайларына және оның құрамына кіретін мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануды және арендалық төлемдерді (ақыны) төлеуде болып келеді.

Кәсіпорыны жалдау шартының кәсіпкерлік сипаттамасы болған соң кәсіпорынның құрамына кіретін мүлікке билік ету бойынша жалға берушінің құқықтарды едәуір кеңейтілген ҚР АҚ 578-бабының мағынасы бойынша жалға алушы, жалға берілген кәсіпорын мүлкінің құрамына кіретін материалдық құндылықтарды (олар айналым қаражаттарына жатса) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімсіз сатуға, айырбастауға, не қарыз етіп беруге құқылы. Бірақ осының нәтижесінде кәсіпорынның құны азаймауы тиіс. Негізгі қорларды (қаражаттарды) жалға алушы уақытша пайдалануға, қосалқы жалға бере алады немесе осындай мүлік арендасының құқықтары басқа тұлғаға берілуі мүмкін. Жалға алушының мүлікті осылай билеуі өзге тұлғалар құқықтары бұзылуына (кемсітілуіне) әкелмеуге тиіс. Егер жалға берушінің немесе баска тұлғалардың мүддесіне залал келтірілетін болса, жалға алушы оны өтеуге міндетті. Шартпен немесе заңмен жалға алушының мүлікті билік етуге құқықтары шектелуі мүмкін.

Жалға алған мүлікті пайдалану үшін ақы шарт жағдайларына сәйкес төленеді, егер олар шартта қарастырылмаса, онда ақы мүлік жалдау шарттары бойынша ақы төлеу тәртібін бекітетін АК нормаларына сәйкес төленеді. Ең қолданымды (қолайлы) ақы нысандары болып ақшалай төлемдер және өндірілген өнімнің белгілі үлесін бөліп беру келеді. Сондай-ақ, егер жалға алушы мүлікті жақсартатын болса, онда ол жасалған жақсартулардың құнын арендалық төлемдердің есебіне жатқыза алады.

Кәсіпорынды жалға алушының құқықтарының көлемдігі тағы да мынадан көрініс табады. Жалға алушы жалға алынған мүліктік кешеннің құрамына өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта аспаптауға құқылы және осының барлығы жалға берушінің келісімін талап етпейді.

Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы тараптардың арасында басқа мүлік жалдау шарттарының көпшілігіне қарастырылмаса, онда мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы толығынан жалға алушыға жүктеледі. Сондықтан оның үлесуі туралы біз шартты айтып отырмыз. Кәсіпорын арендаторы шарт күшінде болатын барлық мерзімде кәсіпорынның тиісті техникалық күйін қамтамасыз етуге тиіс, оны ағымдағы және күрделі жөндеуін жүргізеді. Осымен бірге жалға алушы жалға алынған мүлікті тұтынумен (пайдаланумен) байланысты барлық өзге де шығындарды көтеруге міндетті. Кәсіпорын күрделі жөндеуін өткізу жалға алушының міндеті болып қаралғасын, оның күрделі жөндеуді жүргізуге кеткен қаражаттарды өтеттіріп алуға құқығы болмайды.

Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсіпорын тұтастай мүлік кешені ретінде ережелерді сақтай отырып жалға берушіге қайтарылуға тиіс. Өткізу актісін жасауды және оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда, кәсіпорынды жалға беруге дайындау, егер шартта көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушының міндеті болып табылады және соның есебінен жүзеге асырылады.

Жалға алушы кәсіпкерлік қызмет субъектісі болған соң оған берілген мүліктің сақтығы үшін кінәсіз жауапкершілікті қатерді және мүліктің жойылуы немесе бүлінуі бой бермейтін (дүлей) күштердің салдарынан болғанын дәлелдегенде ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

59Мердігерлік шартының элементі, мазмұны. Мердігерлік шартының элементтері.

Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.

Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.

Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.

Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан Мердігерлік шартының элементтері.

Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.

Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады. Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287 бабы, 2 тармағы).Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн және олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi) шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жасасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.

63 сақтандыру шартының элементтері: Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру соманың) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген жəне сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдыққұқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдыққұқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға тиiс. Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдыққұқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген жəне осы кезеңде өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi жəне өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап кемiнде бiр жыл өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi. Шетелдiк қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыруы) ұйымдарының қатысушылары бола алады. Резидент емес сақтандыру ұйымдарының қызметi шектеледi. Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан заңды тұлғалардың мүлiктiк мүддесiн сақтандыру немесе оның жеке бөлiмшелерiн жəне Қазақстан Республикасының резидентi болып саналатын жеке тұлғаның мүлiктiк мүддесiн сақтандыру, тек қана Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын сақтандыру ұйымымен жүргiзiледi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып саналғанға қарамастан, ол жалпы емес, арнайы құқық қабiлеттiлiгiне иеленедi, ал арнайы құқық қабiлеттiлiк коммерциялық заңды тұлғаларда өте сирек кездесетiн қасиет. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiнен бөлек өкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тəртiппен инвестициялық қызметтi жүргiзуге, тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi жəне сақтандыру ұйымының қызметiнiң негiзгi бағытымен тығыз байланысты қызметтерiнiң басқа да түрлерiн жүргiзуге құқылы. Өз мүшелерiнiң жəне өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыру үшiн ұйымдастырылған өзара сақтандыру қоғамдары коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қазiргi заң сақтандыру ұйымдарына қызмет көрсетуге рұқсат беретiн шектерiн анықтауға қатаң қарайтындығымен ерекшеленедi. Бұл өз кезегiнде сақтандыру ұйымы қандай сақтандыру шарттарында сақтандырушы бола алатынына əсер етедi. Қазақстан Республикасының аймағында сақтандыру ұйымының қызметi “өмiрдi сақтандыру” саласы бойынша лицензия негiзiнде жəне “жалпы сақтандыру” саласы бойынша лицензиясымен, лицензияда көрсетiлген сақтандырудың тиiстi кластарының шегiнде жүзеге асырылады. “Жалпы сақтандыру” саласындағы қызмет өмiрдi сақтандыру мүмкiндiгiн жəне жинақтау сақтандыруды өткiзуге жол бермейдi. Сонымен қатар “өмiрдi сақтандыру” саласындағы қызметте “жалпы сақтандыру” саласындағы қызметпен қоса атқарылмайды (жазатайым жағдайдан немесе аурудан сақтандыру жəне медициналық сақтандырудан басқа). Сақтандыру ұйымы, оның сақтандырудың тиiстi кластары көрсетiлген лицензиясы болған жағдайда, сақтандырудың екi жəне одан да көп кластарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын (сақтандыру кластарын бiрiктiруге қатысты шектеулердi ескерсе) сақтандыру түрiн əзiрлеуге құқылы. Құқықтық қабiлеттiлiктiң белгiлi көлемi қайта сақтандыру ұйымында қарастырылған. Қайта сақтандыру жөнiндегi лицензияның болуы лицензиатқа барабар қайта сақтандыру қызметiн де, барабар емес қайта сақтандыру қызметiн де жүзеге асыру құқығын бередi. Барабар қайта сақтандыру шарттары қайта сақтандыру ұйымы ретiнде лицензия алмаған сақтандыру ұйымдарымен де жасалады. “Жалпы сақтандыру” саласы бойынша немесе “өмiрдi сақтандыру” саласы бойынша оған лицензия сақтандыру ұйымы ретiнде берiлген барабар қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi өзiнiң лицензиясында көрсетiлген кластар бойынша қайта сақтандыруға лицензиясыз да жүзеге асыруға құқылы. Егер “жалпы сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру ұйымында лицензия болса, онда ол лицензия алып барабар қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де, барабар емес қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де сақтандырудың тек осы салаласында жүзеге асыруға құқылы. “Өмiрдi сақтандыру” саласы бойынша да сақтандырудың жəне қайта сақтандырудың осындай өзара қатынасы (байланысы) орын алады. Егер ұйым қайта сақтандыруды, қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүргiзсе мұндай шек қойылу қолданылмайды. Лицензияны алып, ол “жалпы сақтандыру” жəне “өмiрдi сақтандыру” салалары бойынша барабар жəне барабар емес қайта сақтандыруды жүргiзедi. Сақтанушы болып сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға келедi. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушының құқықтық жағдайы сақтандыру шартының конструкциясына байланысты өзгеруi мүмкiн. Сақтандыру шартының нормалары мен сақтандырылған адам деген түсiнiк енгiзiледi.

62 тасымалдау шартының мазмұны Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру жəне оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондайақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды. Көлiк – бұл жоғары дəрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк əрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дəстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады жəне ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады. Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлыақша) қасиетi бар. Қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтыққұқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жарияқұқықтық қасиетке, ие екенi мойындалғанын атап өту қажет. Олар əкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) жəне шарттардың туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратынг ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, 1 сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар, тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар. Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi жəне тəртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеунге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады. Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған: көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға; көлiк аясындағы мемлекетаралық жəне халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға; меншiк ысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық жəне нормативтi мəртебесiн анықтайтын заңдық жəне өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға; көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылымитехникалық жəне əлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондайақ кадрларды оқыту мен дайындауға; көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға; болжамдарды жасауға жəне тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға. Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекiту үшiн ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлiк инфрақұрылымын құратын болады жəне басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көлiктiк қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүрiс көпiрлерi мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектiлер құрылысын жүргiзу оны жеке кəсiпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық жəне жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет тасымалдауды жүзеге асыру үшiн айтарлықтай қосымша маңызға ие болады. Мемлекеттiң əртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тəртiбiн жəне т.б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады. Əрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (жəне қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi. Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады

73. Мүлік жалдау шартының ұғымы.
Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауында реттелген, § 1 мүлік жалдау туралы жалпы ережелер мазмұндалған. Мүлік жалдау қатынастарын реттеу, тек АК-пен шектеліп қоймайды, олар сондай-ақ басқа да заңды актілермен реттеледі. Азаматтық құқық нормаларының диспозитивтік мінезі мүлік жалдау шартына да қатысты өзінің көрінісін табады. Сондықтан нақты шарт қатысушыларына алғашқы нормаларды өзгертуге, оларды өздерінің қажет-тіліктерін барынша толық қамту үшін лайықтауға мүмкіншілік береді.

Сатып алу-сату шартында сияқты мүлікті жалдау шартында жалдау нысанасының, шарт орнауының ерекшелігіне сондай-ақ басқа факторлардың әсерінен оның бірнеше түр-түрі қалыптасады. Күшіндегі Азаматтық кодекс мүлік жалдаудың лизинг, кәсіпорынды жалдау, ғимарат және үйлер жалдау, көлік құралын экипажымен жалдау прокат, тұрғын үйді жалдау сияқты тұр түрлерін қамтиды. Мүлік жалдаудың болуы мүмкін бөлек түрлері мұнымен шектелмейді.

Мүлік жалдау және аренда терминдері (түсініктері) тепе-тең болып келеді, осыны қоғамдық катынастардың аталмыш түрін реттейтін Азаматтық кодекстің 29-тарауының өзінен де байқауға болады. Бірақ, кейбір кезеңдерде, терминологиялық түсініксіздік пайда болды. Аренданы мүлік жалдаудың өзгеше түрі ретінде бағалайтын жөне осыған байланысты оның ерекше жағдайларын бөліп шығарған, мысалы, аренда нысанасын сатып алу құқығын қарастыратын жағдайын сатып алу, сату құқығы, Қазақ КСР-нің «Аренда туралы» арнайы Заңы қабылданды. Ол өмірге қабілетсіздігіне байланысты доғарылды. Аталмыш терминдердің ара қатынасы үлкен мәселені дау тудырып отырған жоқ. Бірақ бұл жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Кейбірлеріне сәйкес мүлікті жалдау шарттарының қатарында аренданың бөлектеу орны бар.

Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға бepyгe міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-б.).

74.Жеке мүліктік емес игіліктер және оларды қорғау.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық, құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

75.Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы.
Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты рента, лизинг, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару
шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару
шартына қарағанда, бұл ТМД елдерi ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап
шығарылған құрылым емес, ал құқтың англосаксондық жəне континентальдық жүйелерiнде
тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрi.
Сонымен бiрге оның үш ғасырлық тарихы бар жəне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн толық дəлелдедi.1
Франшиздiк келiсiм деп – лицензиар белгiлi бiр iскерлiк операцияларды (бизнестi) лицензарға
тиесiлi атаумен жүргiзуге жəне оның кəсiпкерлiк қызметiнiң əдiсiн пайдалануға лицензия
беретiн шартты түсiнемiз. Əдетте, франшиздiк келiсiм лицензиарға рұқсат етiлген iскерлiк
белсендiлiкке лицензияның əрекет ету мерзiмi iшiнде қатал бақылау жасау мүмкiндiгiн
бередi.2
Франзайчинг шарты əртүрлi салаларда қолданылады. Патенттердiң тауар белгiлерi мен
интеллектуалдық меншiктiң басқа да нысандарының иелерi оларды басқа тұлғаларға
лицензия бере отырып шетелдерде жиi пайдаланады.3 Яғни франчайзинг кең таралған
халықаралық – жеке құқықтық институттардың бiрi болып табылады.
Қазiргi заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтiк қатынастардың шынайы жайкүйi
туралы айту оңай емес. Оның себептерi алуан түрлi.
Қазақстанда өндiрiстiк сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сiрə,
ең алдымен қызмет көрсету аясында белсендi қолданысқа ие болады. Өндiрiстiң ұлғаюы
жəне франчайзингтi тиiсiнше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды
бағыттардың бiрi ретiнде ауылшаруашылық өндiрiсi бола алады, лицензиялық келiсiмдердi
басқа да салалар үшiн қолдану жоққа шығарылмайды.
Интеллектуалды меншiктi импорттардың кəдiмгi шектеулерi болып республиканың өзiндегi
интеллектуалдық нəтижелердiң көлемi мен деңгейi табылуы мүмкiн.
Əрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан
бiздiң экономика үшiн интеллектуалды меншiктiң iшкi нарығын қорғауға бағытталған белгiлi
бiр саясатты жасап шығару қажет. Бiрақ қарсы тұру түпкi мақсатқа айналмау керек. Өз
нəтижелерiмiздi олардың көп шығындылығынан ұзақ уақыттылығына, тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне
байланысты, пайдалану тиiмсiз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық
нəтижелердi шеттен алу мүмкiндiгiн белсендi түрде пайдалану керек.
Экономиканың əрбiр секторында əртүрлi технологиялардың, бизнес жүргiзу əдiстерiнiң жəне
т.б. қатар болуы мен бəсекелестiгi орынды болары сөзсiз. Экономиканың белгiлi бiр
стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық қатынастарға тiкелей мемлекеттiк
араласуға жол берiлмейтiндiгiн ескеру қажет. Яғни, франчайзингтi реттеудiң жанама əдiстерi
туралы сөз болып отыр. Ал, жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берiлетiн
мүмкiндiктердi белсендi түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан
Республикасы кəсiпкерлерiнiң қатынастарында да кеңiнен қолданылатын болады деген
ойдамыз. Бұған заңнамалық шешiм де əсер етуде. Қазақстан Республикасының 24 маусым
2002 жылғы “Кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы” заңында франчайзингтiк
қатынастарды мемлекеттiк қолдауға қатысты жеке 2тарау бар. Онда франчайзингтiк
қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған.
Бiздiң заңнамада “кешендi кəсiпкерлiк лицензия” термин қолданылған, ол құқықтық
қатынастардың осы тобын ажырату үшiн заң шығарушылармен шартты түрде пайдаланылған.
Бiрақ əлемнiң көптеген елдерiнде франчайзинг терминi пайдаланылатын болғандықтан,
қазақстандық заң шығарушылар бұл терминдi аталған бап атауындағы жақшаның iшiнде атап
өтiп, Қазақстан Республикасында кешендi кəсiпкерлiк лицензия деп франчайзинг
аталатындығын көрсеттi. Осылайша əлемдiк заңнамамен белгiлi бiр үндестiк жасалады.
Сонымен r } бiрге баптардың мəтiнiнде бiздiң заңнамаға белгiлi терминология пайдаланылады.
Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дəстүрлерiн сақтап
қалды.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1871. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия