Студопедия — Полиомиелит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Полиомиелит






Полиомиелит-жұлын параличі-жұлынның сұр затының зақымдануымен,парез-параличтермен сипатталатын жұқпалы ауруы.Өткен ғасырдың 50-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп,тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келді.

1950 жылдары Сейбин осы ауруға қарсы егілетін вакцина жасап шығарғаннан кейін,бала организмі ауруға қарсы күресуге мүмкіндік алды,ауру саны күрт төмендеді,өлім азайды.Кейінгі жылдары бүкіл дүние жүзі бойынша осы ауруды жою мақсатымен,балаларға полиомиелитке қарсы жаппай иммунизация жүргізілді.

Аурудың қоздырғышы-энтеровирустар,3 серотипі бар.Күн сәулесі және жоғары температураға төзімсіз,ал суықта ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды.Дезинфекциялаушы ерітінділерден тек хлор мен формальдегид қана әсер етеді.

Эпидемиология.Аурудың көзі-ауру бала (2 аптаға дейін) және вирус тасымалдаушылар (3-5 айға дейін) жұқпалы болып саналады.Таралу жолдары-ауыз арқылы (ластанған тамақ,кір қолдар,су арқылы).Аурудың алғашқы 1-2 аптасында тыныс жолдары арқылы да жұғады.Ауру жаз,күз айларында жиірек кездеседі.

Патогенез.Вирус организмге тыныс жолдары және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаттары арқылы еніп,сол жерде өсіп-өніп көбейеді.Одан әрі қанға өтеді де,қан арқылы жұлынның сұр затына шоғырланып,оны зақымдайды.Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтарының қызметі бұзылып,бұлшық еттерінің парез,параличтері басталады.Патологиялық өзгеріске сонымен бірге сопақша ми,орта және аралық ми да ұшырайды.

Клиника.Жасырын кезең 2-35 күн аралығы (көбінесе 10-12 күн) болып есептеледі.Аурудың дамуы 4 кезеңде өтеді.

Препаралитикалық кезең 1-6 күнге созылады.Клиникалық белгілері жоғарғы тыныс жолдарының қабыну белгілерінен жедел басталады-дене қызуы көтеріледі,мазасыздық,ұйқысы нашарлайды.Кейде гастроэнтерит белгілерінен жедел басталуы мүмкін.Содан кейін барып,нерв жүйесі тарапынан өзгерістер қосылады:Керниг-Брудзинский симптомы,мойын етінің тартылуы,гиперестезия (тері арқылы сезінудің күшеюі),үш аяқты ошақ симптомы (симптом треножника).Жұлын-ми сұйықтығын тексергенде:плеоцитоз (нейтрофилдер саны 100-ге дейін 1мкл-де көбеюі),белок нормада,түсі мөлдір,қысымы жоғары екені анықталады.

Паралитикалық кезең-бірнеше күннен 1-2 аптаға созылады,Дене қызуы төмендейді,бірақ аты айтып тұрғандай бұлшық еттердің парез,параличтері басталады.Бұл өзгеріске барлық бұлшық еттер ұшырамауы мүмкін,дегенмен көбінесе аяқ бұлшық еттерінің парез,параличтері байқалады.Сезімталдық жоғалмайды,ұстап көргенде,қимылдатқан кезде ауырсынады.Бұлшық еттерде қимыл болмағандықтан,олар біртіндеп атрофияға ұшырайды,рефлекстері де төмендеп,жоғалады.Дем алысына қатысатын бұлшық еттер зақымданған жағдайда,тыныс тапшылығының белгілері пайда болады,баланың дауысы өзгереді,жүрек жұмысы нашарлайды.Осы кезеңде бала өткір тыныс тапшылығы мен жүрек жұмысының жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.Жұлын сұйықтығында:белок жоғарылайды 1.5-2%,нейтрофильдер азаяды 5-10 1 мкл-де.

Орнына келу кезеңі-жұмысы бұзылған бұлшық еттерде қимыл пайда бола бастайды,ауырғаны басылады,рефлекстері орнына келеді,дем алысы жақсарады,дауысы шығады,жұтыну т.б қимылдар орнына келеді.Орнына келу кезеңі бірінші 3-6 айға дейін жақсы қарқында өтеді де,одан кейінгі мерзімде баяу жүреді,барлығы 2-3 жылға созылады.Ал жұлындағы өзгерістер үлкен болса,көп жерді зақымдаса,балада өмір бойына мүгедектік қалып қояды.

Қалдық өзгерістер кезеңі-парез параличтер қайтпаса,бұлшық еттер атрофияға ұшырап,контрактуралар мен деформациялар баланы мүгедектікке әкеледі.

Диагноз қою.Эпидемиологиялық анамнез жинау;клиникалық белгілерін ескеру (катаральды белгілерден кейін 1 аптаның ішінде парез,параличтер пайда болуы);лабораториялық тексерістер жүргізу:

а)жұтқыншақтан жағындыны алғашқы 5 күннен кешіктірмей алу керек;

б)нәжісті ауру басталғаннан 14 күнге дейінгі мерзімде тексеріске алуға болады.Арнайы шыны флаконға 4-5г нәжісті жинап,резеңке қақпағының сыртынан лейкопластрьмен бекітіледі де,мұздатқышқа қойылады.Лабораторияға 72 сағат ішінде жеткізілуі керек,тасымалдау кезінде де температура +4,+8 градустан жоғары болмауын қамтамасыз ету керек (жаз айларында арнайы термоконтейнерлерде),өйткені полиомиелит қоздырғыштары жоғары температураға шыдамсыз келеді (№535 бұйрық 27.12.95.)

в)жұлын-ми сұйықтығы тексеріске 2-3мл көлемінде алынып,қысымы,клеткалар мен белоктар мөлшері анықталады.

г)серологиялық тексерістер жүргізу үшін көк тамырдан қан алынады (қандағы антиденелерді анықтау,олардың титрінің келесі тексерісте жоғарылағанын байқау);

д)электромиография (бұлшық ет күшін тексеру) полиомиелитке диагноз қоюға көмектеседі.

Емдеу.Аурудың емі міндетті түрде стационарда жүргізіледі.

Препаралитикалық кезеңде:қатаң төсек режимі;симптомдық ем (температура түсіретін,ауруын басатын,антигистаминді,тыныштандыратын дәрілер егу);менингеальды белгілер пайда болса,дегидратациялық ем (зәр қуатын препараттар-лазикс 1мг/кг,диакарб 5мг/кг тәулігіне),сульфат магнезиі 25%-0,2мл/кг бұлшық етке,20-40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға егу;жұлыннан сұйықтық алу жүргізіледі.

Паралитикалық кезеңде-баланың бұлшық еттері контрактураға ұшырамауын қадағалау,арнайы аяқ-киім кигізу,ауруды басатын және жылытатын процадуралар тағайындау қолданылады.Ауыр жағдайларда дем алысының қиындап жұту,дем алу бұзылғанда арнайы реанимациялық бөлімге жатқызып,қажетті көмек көрсету керек болады.

Орнына келу кезеңінде-нерв импульстарының таралуын және нерв өткізгіштігін жақсартатын дәрілер егу:прозерин 0,05%мл бұлшық етке;дибазол 0,001-0,005;витамин В1,глютамин қышқылы,церебролизин 1-2 күн сайын,АТФ,биогенді стимуляторлао-алоэ,ФИБС бұлшық етке егіледі;физиотерапиялық ем:емдік ванналар,парафин,озокерит,душ,массаж жүргізіледі.Емдеу курсын жылына 3 рет қайталап отыру қажет.Контрактураларға қарсы арнайы лангеталар,манжеткалар қолданылады;санаториялық-курорттық ем өткізген дұрыс.

Қалдық өзгерістер кезеңінде-физио-ем,массаж,емдік жаттығулар,ортопедиялық операциялар жасау қолданылады.

Профилактика.Жалпы шаралар:ауру баланы тез арада оңашалау;СЭС-ке жедел хабар беру;ошақта дезинфекция жүргізу;қарым-қатынастағы балаларға (балалар мекемелеріндегі) 20 күнге карантин тағайындап,бақылау ұйымдастыру;санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Арнайы шаралар:1956 жылдан бері полиомиелитке қарсы арнайы ОПВ вакцинасы қолданылады.ОПВ (оральная полиомиелитная вакцина) немесе ЖВС (живая вакцина Сейбина) қызғыш түсті ерітінді түрінде шығарылады.Бір балаға 2 тамшыдан ауыз арқылы енгізіледі.Жаңа егу күнтізбегіне сәкес вакцинация мерзімдері-туылғаннан кейін алғашқы 0-4 күндері,2,3,4 айлығында беріледі.

 

Сабақты бекітуге арналған тест сұрақтары

 

1. Поиомиелиттің қоздырғыштары миковирустар (жоқ).

2. Поиомиелит қоздырғыштарының қасиеттерін атаңыз.

3. Поиомиелит ауруында жұлынның сұр заты зақымданады (ия).

4. Поиомиелит ауруының дамуы...кезеңдерде өтеді (препаралитикалық,паралитикалық,орнына келу және қалдық өзгерістер).

5.Паралитикалық кезең деп аталу себебі неліктен?

6. Поиомиелитке диагноз қою үшін қандай тексерістерге сүйенеді?

7.Аурудың емі қандай принциппен жүргізіледі?

8. Поиомиелиттің алдын алу үшін...вакцинасы қолданылады (ОПВ).

9.Екпелер күнтізбегіне сәйкес ОПВ егу мерзімдері... (0-4 күн,2,3,4 айлықта).

10.ОПВ вакцинасының басқа екпелерден қолдану ерекшелігі... (ауыз арқылы ішке тамшымен есептеліп беріледі).

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2023. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия