Студопедия — Химиялық қауіп
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Химиялық қауіп






І. Химиялық заттардың жіктелуі:

1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)

2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)

3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)

4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)

ІІ. Ағзаға түсу жолдарына қарай жіктеу:

1. Ингаляциялы (таралу жолдары арқылы)

2. Пероральді (ауыз қуысы арқылы)

3. Перкутанды (тері арқылы)

4. Инъекциялы (парентеральді енгізгенде)

ІІІ. Әсер ету механизмі бойынша жіктеу:

1. Тітіркендіргіш

2. Күйдіргіш

3. Гемолитикалық, т.б

ІҮ. Таңдамалы токсинділігі бойынша:

1. Нефретоксинді

2. Гепатотоксинді

3. Кардиотоксинді, т.б.

Уланудың пайда болу мерзімі, химиялық заттың дозасы, ағза сезімталдығына қарай:

1. Жіті (химиялық зат бір-бірнеше сағатта әсер берсе)

2. Созылмалы (ұзақ уақыт бойы химиялық заттың шамалы дозасы әсер етсе)

Токсинді заттың ағзада таралуы 3 негізгі факторға тәуелді:

1. Кеңістік факторы.2. Уақыт факторы.3. Концентрация.

Белгілі мүшенің зақымдалуы қанмен жабдықталу мөлшеріне және мерзіміне байланысты; бірден зақымдалатын мүшелер: өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, ми.

Ағзаға түскен улы заттың әсері басталған уақыт пен оның токсинді эффектісі өзара байланыста. Уланудың клиникалық кезеңдері:

1. Токсинді – улану бірден басталу негізінде токсинді агенттің дозасы улы әсер береді.

2. Сомотогенді – токсинді агент әсері ағзадан шыққан соң немесе ыдыраған соң басталады, көрінісі- зақымдалу “іздері” түрінде.

Уланумен күрес:

1. Асқазанды шаю- ағзадан шығару

2. Уға қарсы дәрілік зат беру (противоядие)

3. Ішті айдатқыш препарат беру

4. Активтелген көміртегі беру, карболен беру.

5. Спецификалық терапия (улы заттың түрлерін тоқтату, улы әсерін азайту)

6. Симптоматикалық терапия (ағзаның зақымдалу функциясын қорғау, сақтау.

Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.

Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар, заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті.

Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.

 

 

Билет-9.1.Инженерлік қорғаныс ғимараттарының қорғаныс белгілеріне, пайдалану мақсатына және орналасуына қарай қарай жіктелуі./ Ғимараттарды техникалық тексеру және ғимаратты жөндеу және қайта құрылымдау, оны құлату немесе табиғи тозуын бағалау туралы шешім қабылдау мақсатында қажетті болады. Біз ғимараттарды кешенді тексеру, ғимараттардың және кез келген инженерлік тораптардың техникалық жағдайын бағалауды жүзеге асырамыз./ Құрылыс объектісі мен ғимараты жағдайының тәуелсіз техникалық сараптамасы мына жағдайларда қажет болады:/ аяқталмаған құрылысты қайта бастау жағдайында инженерлік жүйелер және құралымдардың табиғи тозуын бағалау талап етіледі;/ сыртқы факторлар - өрт, су тасқыны және басқа әсерлердің салдарынан зиян шеккен ғимараттардың техникалық жағдайын бағалау қажет; /құрылыстарды қайта жоспарлау, қабаттарды салу немесе жертөле бөліктерін тереңдету жоспарланып отыр; /ғимаратты күрделi жөндеу, оны жаңарту немесе қайта құрылымдау талап етіледі; /аражабындар, ұстындар немесе қабырғалардың деформацияларының, ал сонымен қатар қабырғаларда сыздың пайда болуы және тоңдану себептерін анықтау қажет; /іргетас құралымының ақауларын анықтау үшін ғимараттарды тексеру талап етіледі; /құрылыс материалдарының сараптамасы./ Ғимарат жағдайын тексеру бойынша жұмыстар өткізілгеннен кейін сіз мамандарымыздың есебі - Сараптамалық қорытындысын аласыз, олардың негізінде жасалған диагностиканың барлық мәліметтері мен қорытындылар көрсетіледі. Сіз сараптама объектісі туралы нақты түсінік аласыз. Біз ғимараттар техникалық тексеруге байланысты, жоспарланатын жұмыстардың тәртібі мен көлемдері туралы толық ақпаратты беретін техникалық тапсырманы құрастырамыз./ Сараптама өткізуге байланысты сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін, телефон арқылы «Инженер» компаниясына қоңырау шалу немесе сайттың «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген оның электрондық мекен-жайына өтініш жіберу жеткілікті. / 2.ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңына түсініктеме беріңіз? /Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы күрес туралы Заңы (8 тарау, 24 бап) / Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді. / 1-тарау. Жалпы ережелер; / 2-тарау. Терроризмге қарсы күресті ұйымдастыру негіздері; / 3-тарау. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы күреске қатысатын мемлекеттік органдарының құзыреті; / 4-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу; / 5-тарау. Террористік акция салдарынан зардап шеккен адамдардың залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту; / 6-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық; / 7-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы тікелей күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету; / 8-тарау. Терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру заңдылығын бақылау мен қадағалау; / Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

/*терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту; /* террористік iс-әрекеттер - террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн қамтитын iс-әрекет;/ * террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады; /* террорист - террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам; / Терроризмнің ортақ түсінігі жоқтығының және оны қалыптастыру қиындылығының екі маңызды себебі бар деп айтуға болады. Біріншісі, терроризм күрделі, сан қырлы теріс әлеуметтік құбылыс. Екіншіден, кейбір мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің қақтығысу жағдайы және жекелеген ұлттар мен жалпы халықаралық қауымдастық мүдделерінің қарама-қайшылық жағдайының болуы. / Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы күрес жөнiндегi iс-әрекетке бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн терроризмге қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. /Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының терроризмге қарсы тiкелей күрестi жүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. / 3. Химиялық заттардың қауіп төндіруіне байланысты топтарына сипаттама беріңіз. / Улағыш заттар (орыс. Отравляющие вешества) — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 223. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия