Студопедия — Тесты для проведения контроля остаточных знаний
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тесты для проведения контроля остаточных знаний






Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.

Сөйтіп ғылыми білімнің ерекшеліктері:

1. идеалдылығы;

2. ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;

3. жүйелілігі;

4. шынайы нақтылығы;

5. жаңалылығы;

6. экспериментке неізделуі.
нарықтық теориясы – экономика ғылымының тауар ақша айырбасын және сатушылар мен тұтынушылар арасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастарды зерттейтін сала. Нарық теориясын алғаш ашқан ғалым ағылшын экономисі Альфред маршалл. Саяси экономиядағы классикалық мектептен (Адам Смит пен Давид Рикардо, т.б.) бастау алған маркстік бағыттың жақтаушылары оның негізінде тауардың құнын (құндылығын) құрайтын қоғамдық өндіріс шығыны деп пайымдады. Құнның еңбек теориясы К.Маркстің “Капитал” деген зерттеуінде барынша дәйектілікпен баяндалған 19 ғ-дың 2-жартысында пайда болған маржинализм теориясына сәйкес тауардың шын құны нақ айырбас үдерісінде айқындалды. Алайда құндылық пен бағаның ең кең таралған түсініктемесі негізін ағылшын экономисі А.Маршалл қалаған неоклассик. теорияның (мектептің;) көзқарасында берілді. Оның еңбектерінде құн мен баға ұсыныс тарапында да (өндіріс шығыны ескеріледі), сұраныс тарапында да (тауардың шекті пайдалылығы) нарықтық күштердің өзара іс-қимылының нәтижесі ретінде көрінеді. Тауар қатынастарында ақшаның болуы көзделеді. Адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде ақша тауарлар дүниесінен ерекше тауар ретінде бөлініп шықты. Ақша бірнеше атқарымды, соның ішінде құн өлшемі, айырбас құралы, қорлану құралы және төлем құралы атқарымын орындайды. Белгілі бір сатыда ол әлемдік ақша атқарымын жүзеге асырады. Қазіргі заманғы ақша – барынша өтімді, жалпы жұрт таныған айырбас құралы, бұл орайда ақша айналысының орнықтылығы айналыстағы ақшаның көлемімен айқындалады. Қазіргі заманғы ақша айналысы кейбір ұлттық ақша өлшемдерінің (мысалы, АҚШ доллары, жапон иені) сақтық қор валюталарының рөлін атқаруымен, яғни ұлттық шекарадан тысқарыға таралуымен сипатталады. Халықаралық есептесуде 1979 жылдан Еуропа Одағы елдерінің бірыңғай валюта өлшемі ЭКЮ қолданылды, ол 1999 жылы еуромен ауыстырылып, 2002 жылдан ЕО-ның 12 елінің бірыңғай ақша өлшеміне айналды, сондай-ақ оны бұрынғы “француз франкі аймағы” елдері де пайдаланады. Тауар-ақша қатынастарының пайда болуы – адамзат тарихында экономиканың тиімділігін айтарлықтай арттырған маңызды қадам, өйткені натуралдық шаруашылық та, қолма-қол (ақшасыз, тікелей) айырбас та қоғамдық еңбек өнімділігін тез арттыра алмады.

31. ҚҰНДЫЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМДАҒЫ РӨЛІ. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні болу шарт. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы тиіс. Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты. «Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады. Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады. Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.

32.ҚАЗІРГІ ТЕХНИКАДАҒЫ ГУМАНИЗАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ХХ жүз жылдығы мәдинетінің алуандығына қарамастан ұлттық нормалардың өзара әрекеттестігі мен өзара байытуының алуандығы арқасында болатын және дамитын біріңғай дамитын жалпы адмзаттық мәдениеттің қалыптасуы туралы айтуға болады. Қазіргі мәдениет тенденцияларының бірі – оны ізгілендіру (гуманизация). Ренесса дәуірінің элитарлық сипаттағы гуманизмінен ерекшелігі қазіргі гуманизм универсалды, ол құқұқтарын жариялай отырып, әр адамға арналған универсалды гуманизм, бұл – демократиялық гуманизм.

Техниканы жаңарту негізінде материялық байлыықты унемі өсіру адамды тиімді экономикалық қызмет қаруына айналдыратын жағдай пайда болады. Екінші жағынан адамзат өміріндегі техниканың рөлі адаим жасаған ҒТР процесііінде өзін жасауға қарсы шығыпр, адамның өмірдің табиғи негіздері мен органикалық байланысы үзілуінің және мәдени тұтастығы бұзылуының салдары ретінде шеттелу болады.

Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады.

 

34 ТЕХНОГЕНДІК ӨРКЕНИЕТТІҢ ІШКІ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ. Техницизм дүниетанымы, “технологиялық детерминизм” батыстық ойшылдардың көптеген теорияларын қамтып жатыр: “индустриалдық қоғам теориясы”, “постиндустриалдық қоғам теориясы”, “ғылыми революция теориясы”, “ақпараттық қоғам теориясы”. Және жалпы адамзат қоғамы дамуын кезеңдерге бөлуді қамтиды. Олардың пікірінше, техника барлық әлеуметтік факторлардың алғышарты болып табылады, оның нәтижесінде өндіргіш күштер стихиялық түрде жаңа қоғамдық қатынастарды тудырады. Техницизмнің әр түрлі өкілдері адамзат өркениетінің тарихи дәуірлерін техниканың белгілі бір аспектілерімен байланыстырады, мысалы, еңбек құралдарының алмасуы (Дж.Ленский), байланыс құралы (Маклуэн) немесе энергия көздері, яғни қоғамның дамуы мускулдық энергияның жүйелі түрде алмасуымен (бу, электр, атом) байланыстырылады. Батыстық авторлар әлеуметтік дамудағы техниканың анықтаушы рөліне негізделе отырып, адамзат тарихын үш кезеңге бөледі: “индустриалдыққа дейінгі қоғам”, “индустриалдық қоғам” және “кейінгі индустриалдық қоғам”. Индустриалдыққа дейінгі қоғамдағы басты сала ауыл шаруашылығы, сондықтан да оны аграрлы, дәстүрлі қоғам деп атайды және шіркеу мен әскер бұл қоғамның басты институттары болып табылады. Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалардың жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді. Кейінгі индустриалдық қоғам тарихтың жаңа перзенті болып табылады және бірқатар факторлармен анықталады: тауар өндіруші экономикадан қызмет етуші экономикаға көшу, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, қоғамдағы саясатты анықтауда теориялық білімнің басымдылығы, жаңа интеллектуалды технологияның қалыптасуы, технологиялық өзгерістерді жоспарлау және бақылау. Индустриалды қоғам теориясын 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында негізін қалағандар қатарына Дарендорф, Арон, Белл, А.Турендермен қатар У.Ростоу жатады. Әлемтану мен әлеуметтік философия тарихында ол технологиялық детерменизмге негізделген “экономикалық өсім кезеңдері” концепциясының авторы ретінде белгілі. Технология дамуының деңгейлерінен шығара отырып У.Ростоу адамзат қоғамының даму тарихын бес кезеңге бөледі. Бірінші кезеңді ол “дәстүрлі қоғам” деп атады және билік басында жер иеленушілер тұратын, ғылым мен техника тұрпайы, “ньютонға дейінгі” деңгейде болатын, әлеуметтік құрылымы көп сатылы өте төменгі ауыл шаруашылық өндірісі бар аграрлық қоғам ретінде сипаттады. Екінші кезең —“өтпелі қоғам”, бұл жаңа қоғам үшін алғышарттарды қалыптастыру кезеңі ауыл шаруашылығы өнімділігінің өсуімен, “іскер, кәсіпкер адамдардың жаңа типінің” пайда болуымен ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық іргетасын қамтамасыз етуге ұмтылған “ұлтшылдықтың” өсуімен және осының негізінде бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасуымен сипатталады. Үшінші кезең — бұл қозғалыс кезеңі, “өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі”. Бұл кезең өнеркәсіптің негізгі салаларының тез өсуінен, капитал жинақтау үлесінің жоғарылауына алып келетін өндіріс методының радикалды өзгеруімен ерекшеленеді. У.Ростоудың пікірінше, бұл кезеңде Англия ХVІІІ ғасырдың аяғында, Франция мен АҚШ ХІХ ғасырдың ортасында, Германия ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Ресей 1890-1914 жылдар аралығында, Үндістан мен Қытай ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында орналасты. Төртінші кезеңді У.Ростоу кемелдену кезеңі немесе индустриалдық қоғам деп атайды. Оның пікірінше индустриалдық қоғамның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің шапшаң дамуы, өндірістің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы, ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізу, капитал салымы деңгейінің ұлттық кірістің 20 %-ға дейін жоғарылауы, қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі, квалификациялық еңбек үлесінің өсуі жатады. У.Ростоудың есептеуінше кемелденген кезеңге жету үшін 50-60 жылдай өтпелі кезең қажет. Және соңғы, бесінші кезең —“жоғары бұхаралық тұтыну” дәуірі. Бұл қоғамның басты мәселесі өндіріс емес, тұтыну мәселесі, өндірістің негізгі салалары дәстүрлі салалар емес, қызмет көрсету және бұхаралық тұтыныс тауарларын өндірісі болып табылады. Американ экономисі және әлеуметтенушысы У.Ростоудың бұл теориясы постиндустриалдық қоғам теориясының алғышарты және негізі болды.Экономика мен оның салаларының негізіндегі техника философиясы-ның күрделіленген вариантын біз американ әлеуметтанушысы Д.Беллден кездестіреміз. Ол постиндустриалдық қоғам теориясының негізін қалаушылардың бірі. Белл “біржақты детерминизмді” жоққа шығарады және қоғамның әр түрлі салалары, мейлі ол саясат немесе мәдениет, технология және т.б. болсын өз алдына дербес және өзінің даму логикасы болады деп есептейді.

35. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ. ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. жөне тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл — Р. т. п-тің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғыл.-тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғ.-т. п-тің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-тех-никалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғ.-т. п-тің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: а. ш., көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғ.-т. п. әлеум. прогресстің негізі болып табылады.

36. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатнастың қарама – қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жұйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатнастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп – жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
ҚР Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресустар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы «ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «ҚР білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «ҚР эколгиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген.

 

Тесты для проведения контроля остаточных знаний

по учебной дисциплине «Философия» 2015 г. (150=150 тестов)

Вопрос 1. Какое суждение правильно характеризует такой феномен, как мировоззрение?

Варианты ответа:

1. Мировоззрение – это совокупность индивидуального опыта человека

2. Мировоззрение – это строгая непротиворечивая система суждений о природе

3. Мировоззрение – это система религиозных взглядов человека

4. Мировоззрение – это система устойчивых взглядов человека на мир и свое место в нем

5.Мировозрение – это мифологические представления человека

Вопрос 2. Что присуще религиозному мировоззрению?

Варианты ответа:

1. Стремление к целостности и системности знаний

2. Логическая аргументация выдвигаемых положений

3. Неразрывное единство человека и природы







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 314. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия