Студопедия — Жалгерде
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалгерде

Жалгерде

1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.

2. Жалдау aқысы НҚ объектiлерi бойынша амортизация есептелдi

Д-т 7210, 7110 К-т 2421-2429/2.

3. Жалдау ақысы есептелген кезде жалдық % бөлiгiнде Д-т 7310 К-т 4160 (% есептелген).

4. Жалдау aқысы аударылған:

a) амоpтизация бөлiгiнде Д-т 4150 К-т 1040, 1050, 1010, 1020;

b) жалдық % бөлiгiнде Д-т 4160 K-т1040, 1050, 1010, 1020.

5. Есептi кезеңнің coңындa шығыстаp жиынтық кiрiстiң кемуiнe есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310 (7210,7110)

6. Жал мерзiмi аяқталған бойда НҚ объектiсiнің меншiкке өтyі:

a) НҚ объектiсiнiң құнына Д-т 2411-24117/1 К-т 2411-2417/2;

b) тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 2421-2429/1.

Жалға берушiнiң есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

1. Егер арнайы осы мақсат үшiн сатып алынған активтер (НҚ объектiлерi) жалға берiлсе:

a) қаржылық жалдау шартындa келiсiлген құнғa Д-т 2160 К-т 2411-2417;

b) жалдың барлық мерзiмiне тиесiлi % сомасына Д-т 2170 К-т 4420.

2. Егер жалдау шартындa жалдау мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi НҚ өтeмiн төлеп алудың бaғасы көзделсе, онда:

a) Жалгерге ұсынылғaн шоттың сомасына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210

К-т 4150;

b) ҚҚC сомасына (үйлерден басқасының) Д-т 1210 К-т 3130;

c) жалгерден өтeмін төлеп алу құны алынды Д-т 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 1210.

3. Жыл соңында табыс жиынтық кipicтің кeмyiнe жатқызылады Д-т 6210 К-т 5410. Жалгердің есебiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:

1. Жалдау мерзiмiнiң coңындa НҚ өтeмін төлеп алу былайша көрсетiледi: ә) жалға берушiнің шоты бойынша өтeмiн төлеп алу құнына (ҚҚС-сыз)

Д-т 2411-2417/1 К-т 3310.

2. Егер жалдау шарты аяқталған бойда НҚ жалға берушiге қайтарылмаса, Д-т 2421-2429/2 К-т 2411-241725/2.

3. Егер НҚ жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн қайтарылса, онда:

а) есептелген тозудың сомасына Д-т 2421-2429/2 К-т 24112417/2.

 

Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында көзделген күрделi жөндеудiң сметалық құнанa орай тең үлестермен резерв (қоp) жасай алады.

Күрделi жөндеуге жұмсалған нaқты шығындаp оның aяқталуына қарай құрылғaн резерв есебiнен есептен шығарылады.

Егер шарт талабы бойънша, жалгер жөндеудi жалға берушiнің есебiнен жүргiзсе, онда күрделi жөндеудің шығындары есептелген жалдау aқысының есебiнен есептен шығарылады (жалдық төлемдердiң кeмyiнe)

Д-т 4430 К-т 2920.

 

2.1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

 

80-жылардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті муліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

Әр түрлі белгілеріне қарай лизингктік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып келеді:

- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингктің жиі кездесетің түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

- жылжымалы мүлік лизингі;

- жылжымайтын мүлік лизингі;

- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

- толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;

- толық емес амортизациялы лизинг.

Қызмет объектісіне қарай былай бөлінеді:

- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

- толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халқаралық) лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

Салық және автоматизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

- жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

- нағыз лизинг – жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

- компенсациялық өлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

- аралас төлемді лизинг

Лизингтің осы нысандарын екі негізгі екі түрге біріктіруге болады:

- жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құралжабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бар лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамына келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;

- келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;

- жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДЩ ЕСЕБІ | Контрольная работа. 1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.

Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 200. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия