Студопедия — Контрольная работа. 1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Контрольная работа. 1. Жалға алынған НҚ объектiлерiнің келiсiм құнына Д-т 2411-2417/жалд.НҚ К-т4150.






- жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем;

- ең жоғары төлем – жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

- келтірген құн – ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі – 5жыл, мүліктің құны -10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі -10жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемдер -2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі- 8%

Дисконттау коеффициенті =1/(1+0,08)xn, мұндағы n- жалды төлеу жылы

1-жылдың коеффициенті=1/(1+0,08)=0,93

2- жылдың коеффициенті= 1/(1+0,08)=0,85

3- жылдың коеффициенті=0,79

4- жылдың коеффициенті=0,73

5- жылдың коеффициенті=0,68

Келтірілген құн =2300x(0,93+0,85+0,79+0,73+0,68)=9154 немесе 91,5%, жал қаржылық болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

- Лизинг беруші – лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

- Лизинг алушы – лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр.«credit-pail») деп атайды.

Тауар деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

Лизинг мәміле негізін келесілер құрайды:

- мәміле объектісі;

- мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

- лизингтік келісім мерзімі(лизингтік кезеңі);

- лизингтік төлемдер;

- лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйдым түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік нсиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқада мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.

Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезенінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амотизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капитал нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:

· кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

· бір мерзімдік төлемдер – егер келісімінде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміле лизингтік төлемдерді дөлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:

· бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

· өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

· азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:

Ø амортизация;

Ø мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

Ø көрсетілген қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

Ø лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды.

Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:

- техникалық қызмет – клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды, құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);

- кеңес беру қызметі- салық салу, рәсімдеу және т.б мәселелер бойынша қызметтер.

Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы, және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құның келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:

- келісім заты;

- лизинг затын сатушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;

- лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;

- лизинг затының құны;

- келісімде әрекет ету мерзімдері;

- лизинг алушының меншігіне лизинг зтының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде қаралса;

- лизинг затының сипаты;

- лизинг затын сақтандыру;

- тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

- лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

- тараптар жауапкершілігі.

Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.

Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді.

 

2.2 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

 

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлкігі қаржылық лизингке ұсынуымен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұқсатуға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

- Негізгі құралдарды алу:

Д-т 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал- жабдықтар»

К-т 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

- Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

Д-т 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

Д-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

К-т 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал- жабдықтар»

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақылар есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Д-т 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

К-т 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер лизинг алушы қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған өз міндеттемелерін мойындайды.

Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Д-т 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»

К-т 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

б) Негізгі борыш сомасы Ұлттық банктің нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мәжбүрлі шығын сомасына:

Д-т 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар) ақша бөлу».

5455 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)».

К-т 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)».

1439 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бқл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Д-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

К-т 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

a) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойвнша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

б) Негізгі борыш сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

а) лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

ә) лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайына келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

а) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау-өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

б) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Д-т 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

1653 «Компьютерлік қондырғылар»

1654 «Басқада негізгі құралдар»

1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

1658 «Көліктік құралдар»

К-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

К-т 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Жанадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

а) Негізгі борыш сомасына:

Д-т 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

1439 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

К-т 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;

К-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»;

Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Д-т 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

К-т 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

б) айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Д-т 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімппұл)»

К-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

Егер ағымды жылда қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу жргізілсе, онда келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

а) айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімппұл)»бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Сыйақы сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

К-т 4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

б) Негізгі борыш сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

Қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу келесі жүргізілетін болса, ағымды жылда келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

а) айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық және сыйақы сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындарға бойынша) қаржы болған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

б) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындарға бойынша) қаржы жеткіліксіз болған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

Лизинг алушы банкіде операциялары келесі ретпен жүргізіледі:

Жасалған лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге жасалады:

Д-т 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

К-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйақы қосады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:

Д-т 5057 «Басқа банктерден алынған қаржылық лизинг бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар»

5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар»

К-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар».

Егер лизинг алушы өзінің меншікті қаржылары есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартұдың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Д-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

К-т 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер»

Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:

а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша:

Д-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша.

Д-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетіні толық сенімділік болмаса, өте қысқа екі кезеңнің бірінде активке тозу құны есептеледі: жалдау мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Д-т 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар»

К-т 1695 ««Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

а) Есептелген сыйақы сомасына:

Д-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

К-т 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

б) Негізгі борыш сомасына:

Д-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

К-т 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»

2225 «Банктің клиенттермен жасалған қзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі».

Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақытылы бір кезде төленбесе, лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде:

а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Д-т 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімппұл)»

К-т 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Д-т 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

б) Негізгі борыш сомасына:

Д-т 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»

К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады,

а) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, онда лизинг алушы аталған лизинг затын қабылдап-өткізу акті бойынша қабылдайды;

б) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

- есептелген амортизация сомасына:

Д-т 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

К-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар»

– қалдық құнына:

Д-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

К-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар»

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

Бұл кезде лизинг алушыға лизинг затының құнын негізгі құралдар құрамына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

– қалдық құнын срмасына:

Д-т 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

1653 «Компьютерлік қондырғылар»

1654 «Басқада негізгі құралдар»

1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

1658 «Көліктік құралдар»

К-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар»

Д-т 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

К-т 1692 «Үйлер мен ғимараттар бойынша есептелген амотизация»

1693 «Компьютерлік қондырғылар бойынша есептелген амотизация»

1694 «Өзге негізгі құрал жабдықтар бойынша есептелген амотизация»

Егер лизинг алушы қаржысы есебінен жақсарту жүргізсе, лизинг алушы шотында лизинг беруші қалпына келтірілген жақсарту сомасын келесі өткізбе жазылады:

Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

К-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:

а) лизинг затының баланстық құнына:

Д-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар»

Қосалқы лизингке жолдаған лизинг заты құнының есебі үшін жеке дербес шот:

К-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар»

Лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша 1655 шотта жеке дербес шоттар ашылады.

ә) есептелген амортизация сомасына:

Д-т 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал жабдықтар амортизация»

1655 шотта қосалқы лизингке жолданған әрбір лизинг заты бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

Заңды мазмұнына қарай жалға берудің екі түрін бөліп көрсетеді: қаржылық жалға беру және операциялық жалға беру.

Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр.«credit-pail») деп атайды

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

 

1. ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы 24.06.2002.

2. «Жал есебі» №17 Халықаралық қаржылық есеп стандарт

3. «Негізгі құралдардың есебі» №6 Бухгалтерлк есеп стандарт

4. Рахымбеков Құдайбергенов Киеулімжиев «Қаржылық есеп»

5. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы, «Қазақ университеті» 2002.

6. Баймуханова С.Б Қаржылық есеп. Алматы, «Экономика баспасы» ЖШС 2007ж. 138-142 б.б

 

 

Контрольная работа

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 195. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия