Лы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы
1941 ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Анлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-моңғол тұқымдас “жабайылардан” “тазартылған” “ герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғышарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарың құру белгіленді. 1914 ж. аяғында – 1942 ж. басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республиларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарланғандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халқтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төнкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады. Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да болды-ашаршылық, негізсіз жазалау, онсыз да аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді. КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтердың кеңес үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенің жаппай терроры мен зорлық-зомбылығының құрбаны болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді. Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталиназмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді. 1939 ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916 ж. тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Отра Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшілері болып құрылды. Мобилизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тиісті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді. Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарда. Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары кәсіпорныдардың пайдасына қайта бөлінді. Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-1945 жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай репатриацияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайын шиеленісе түсті: 1940 ж. қаланың әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек ұжымдарының, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ барлық жұрт ең аз қажетін өтеді. Тылды қайта құрудың құрамды бөлігі көшіріп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру болды. Қазақстанға 220 фабрика, зауыт, ұстахана, артель мен өнеркәсіп комбинаты (соғыстың барысында бұлардың 20-ы қайта көшіріліп әкетілді) көшіріліп әкелінді, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі (54 зауыт пен фабрика) тамақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары болатын. Әдетте олар өздері тектес кәсіпорындардың базасына орналастырылды. Көшіріп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмыстарын асығыс ыңғайластырылған үйлерде және типті бастырмалардың астында бастады. Көбінше жаңа орынға бұл кәсіпорындардың бұрынғы жұмысшылары мен инженер-техник қызметкерлерінің оннан бір бөлігі ғана келді. Міне осындай жағдайда өнімдердің бұрын шығарылған ескі түрлері ғана емес, қару-жарақ пен оқ-дәрінің бірсыпыра жаңа түрлерін шығару жолға қойылды. Ұжымдандыру жылдарындағы сияқты, 1941-1945 жж. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер, ал трактор және егіс бригадаларында саяси жетекшілер енгізілді. Саяси жетекшілерге көп жағдайда әкімшілік қызметі, «нормаларын әдейі орындамайтындарды, еріншектер мен қыдырымпаздарды» жазалауға дейін шара қолдану құқы берілді. Әкімшілік жүргізу, колхоздар мен совхоздардағы еңбекті әскери тәртіпке көшіру, әйелдер мен жасөспірімдерді жаппай еңбекке тарту, ауылдар мен деревняларда техниканың азаюы, еңбекке ақы төлеудің күрт азаюы, ал көптеген колхоздарда мүлде төленбеуі, колхозшылардың малдарын күшпен конртактациялау, соғыс салықтарының енгізілуі, міне осының бәрі ауыл мен деревня еңбекшілерінің жағдайына ауыр әсер етті. 1943 ж. Солтүстік облыстарда, 1944 ж. Ақтөбе облысында ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Халық комиссариаттары мен оның басшыларының құқықтары мен саладағы істің жағдайы үшін жауапкершілігі арттырылды. Мәжілістердің саны азайтылды, оралымдылық, іскерлік арттырылды. Осымен бірге жеке адамға табыну практикасы, партияның ішкі өміріндегі барлықтар, әсіресе әкімшілік жасау жолына түсуге әкеліп соқты. Сол жылдардағы Конституциялық емес, төтенше органдар құру жөніндегі теріс іс те осыған қызмет етті. Мәселен, Семей және Ақтөбе облысының аудандарында егін егуге басшылық жасау үшін, өртке қарсы күрес, көшіріліп әкелінген халықты орналастыру және т.б. жөнінде үштіктер мен төтенше комиссиялар құрылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының партия комитеттері соғыстың алғашқы кезінде коммунистерді қорқыту, дөрекі әкімшілік көрсету тәсілдерін қолданған. Барлық дәрежедегі кеңестердің мазмұны өзгерді. Ең алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің жанынан және облыстарда жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюро, көшіріп әкелінген халықты шаруашылық жөнінен орналастыру, әскер қызметкерлері жанұяларын мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыс жағынан орналастыру, әскери заказдар мен көшіріп әкелінген жабдықтарды монтаждау жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды. 1944 ж. еңбекшілер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық кеңестері жанынан көп балалы және жалғызбасты аналарға мемлекеттік жәрдем жөніндегі бөлім құрылды. Соғыс жағдайында Кеңестердің атқарушылық-жарлық берушілік қызмет күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау практикасы кеңінен қолданылды. Қала халқы ұшақ аландарын тазалау, кен орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы Кеңестердің қызметіне жеке басшылдық жасау, билікті шоғырландыру, жоғары ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды. Кеңестердің әкімшілік жасау-заң шығару қызметі күшейіп, мәдени-тәрбие қызметі әлсіреді. Кеңестердің соғыс жағдайында туған жедел-әкімшілік қызметінің күшеюі кейде жалаң әкімшілік жасауға ұласып кетіп отырды. Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943 ж. партия комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің кәсіпорындарда, транспортта, колхоз мен совхоздарда 4300 әйелдер Кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социалистік Отанды қорғаудағы белсенділігін арттыруға еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру жақсартуға көмектесті. Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ. Бірақ майданның жақын келуі оның батыс облыстарының өзінің әсерін тигізді. 1942 ж қырқүйегінде олардың территориясында әскери жағдай жарияланды, Орал мен Атырау да қалалық қорғаныс комитеттері құрылды, ол мемлекеттік, партиялық және әскери органдардың билігін бірітірді. Оңтүстік Орал әскери округінің штабы мен әскери инженерлері жаудың Еділден өтіп, шығысқа қарай шабуыл жасаған жағдайына деп бірнеше қорғаныс шебінің сұлбасын белгіледі. Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Куйбышев және Орынбор желілері тартылды, бұл ставканы оңтүстік бағыттағы майдандармен телефон арқылы тұрақты байланыстыруды қамтамасыз етуге тиіс болды. Атырауда Каспий теңізі Волга өзен флотилияларының бірнеше кемелерінен, сондай-ақ жағалық бөлімшелер мен қызмет бөлімдерінен әскери-теңіз базасы жасалды. Неміс авиациясы олар арқылы Сталинградқа әскерлер және жүк тиеген эшелондар отетін Сайхин, Шунгай, Жәнібек станцияларына шабуыл жасай бастаған кезде оларды қорғау үшін командование әуе шабуылынан қорғану 103-авиадивизиясының үш полкін, зенит зеңбірегінің екі полкін, төрт зенитті бронды пойыз, әуені бақылайтын, хабарлайтын және байланыс орнататын төрт батальон қойды. Осылар өзара күш біріктіре қимыл жасай отырып, жаудың 30 ұшағын атып түсірді. Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол жаңадан жасауға тура келген саласында да оның үлесін арттыруда талап етті. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды,электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. Республика мыс (35 проц.), қорғасын (85 проц.) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. Осылардың арқасында республика молибденнің одақтық көлемінің 60 проц. металл висмутының 65 проц., полиметалл рудаларының 79 проц., берді. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар, техниктер мен инженерлер: Б.Аймұханов, Б.Смағұлов, В.Дементюк, А.Казакова, Д..Косых, Д.А.Қонаев, М.А.Лукьянова, А.Сафин, А.М.Сиразутдинова, Г.Хайдин және олардың шәкірттері мен ізбасарлары ерекше үлес қосты. 1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өндейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Өндірісті игеруге, онан кейін қару-жарақтын түрлерін жетілдіруге конструкторлар, инженерлер мен кәсіпорындардың озат жұмысшылары: И.А.Аристов, Г.А.Бариков, Н.К.Пышкин, П.Х.Резчик, Л.Я.Селеменова, Я.И.Фефер, Н.Шмарин баса көңіл бөлді. Мұның өзі өндірістің сан және сапа көрсеткіштерін жақсарта беруге көмектесті. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өндеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж 16-дан 1945 ж. 35 проц. дейін өсті. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп соғыс жылдарында 37 проц. өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өсімнен 2 проц. жоғары. Бұл нәтижелерге еңбектігі үлкен ауыртпалыққа, жоқшылық пен қиыншылыққа қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың басқа жолы мен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен жалпы айырды немесе оны мейлінше шектеді, сондықтан адамдар майданның талаптарын орындаудан күшін де, мүмкіндіктерін де аяған жоқ. Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек жағдайы мен міндеттері күрт өзгерді. Ең қиыны кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған Қазақстандықтардың шамамен үштен екі бөлігі ауылдар мен селолардан кетті. Әскер қатарына шақырылған еркектердің орнын негізінен әйелдер басты. Соғыстың аяғына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80 проц. әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және онан да көп, яғни міндетті минимумнан үш есе жоғары, еңбеккүн тапқан әйелдердің саны 1940 ж. 20607-ден 1945 ж. 94202-ге жетті. Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады Қызылорда облысы «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелен ауданы ІІІ интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мухамедиев қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды. Мал өсірушілер де күш-жігерін, білім-тәжірибесін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Қазақстанның батыс облыстарында жау қолында қалған аудандадың 370 мыңдай малы бағылды. 1943 ж. олар кері қайтырылды. Өз малдарын және батыстан айдап әкелінген малдарды сақтап қалуға, ал соғыстың ақырында ірі қара, қой мен ешкі жөнінен олардың соғысқа дейінгі санын біраз көбейтуге мүмкіндік берген қары жұқа шөлейтті және жартылай далалық өңірлерде малдың бір бөлігін жайып бағуға уақытында көшіру және оны жақсы ұйымдастыру болды. Бұл мал өсірушілердің еңбегін де біраз жеңілдетті. Сөғыс кезіндегі бірінші қыста мұндай учаскелерде, 2,1 млн. мал бағылды (24 проц.), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46 проц.) бағылды. Қазақстаның ауыл - село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 млн. т.ет және басқа азық – түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Соғыс кезінде қоғамдық мал басын толықтырудың маңызды көзі ауылшаруашылық артелі мүшелерінің жеке малын күштеп контрактациялау болды. Мәселен, тек 1942 ж. ғана колхоз фермаларын талықтыру үшін колхозшылардан 600 мыңнан астам төл сатып алынған. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж. дейін екі жарым есе өскен. Соғыс жағдайынан қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Дәрігерлер мен медбикелер госпиталдардаң жаралылар мен аурулардың қатарға қосылу процентінің жоғары қамтамасыз етіп қана қоймай, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол бермеді, бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлім. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресі, ауылдық жерлерде азайды: жауынгерлердің жанұяларына мемлекеттің берген жәрдемі және жұртшылықтың көрсеткен көмегі барлық мұқтаж балаларды бірдей киім – кешекпен, аяқ киіммен қамтамасыз ете алмады. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға ғана қысқарды. Соғысқа дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды, оларда оқитындардың саны 1940 ж. 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті. Дәрістің негізгі ұғымдары: Ұлы Отан соғысы, эвакуация, арсенал майдан, мобилизация, депортация. 1. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан көмір мен мұнай өндіруден одақта нешінші орында болды? 1. бірінші 2. екінші 3. үшінші 4. төртінші 5. бесніші 2.Соғыстан кейінгі жалдары Қазақстанда сауданың қандай түрлері дамыды? 1. фирмалық 2. фактория 3. кооперативтік, мемлекеттік 4. қалалық 5. шетелдік 3.1962 жылы Қазақстандағы жергілікті халықтың үлес салмағы 28,5 пайызға түсу себебі не? 1. туудың азаюы 2. сырттан келушілер көп болды 3. интернационализм саясатының нәтижесі 4. халық санағы дұрыс жүргізілмеген 5. орталықтың шовинистік көзқарасы 4. Семей атом полигоны қашан жабылды? 1. 1989 ж. 2. 1990 ж. 3. 1991 ж. 4. 1992 ж. 5. 1993 ж. 5.70-80 жылдардағыҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары мен қиыншылықтарының болу себебі не? 1. қаражат дұрыс бөлінбеді 2. мамандар жетіспеді 3. әміршіл-әкімшіл жүйе қызметі 4. жұмыс күші жетіспеді 5. техника өте аз болды 6. Қазақ ССР-і өнеркәсібі қандай бағытта дамыды? 1. ауыл шаруашылық 2. өнеркәсіптік 3. шикізаттық 4. жоғары технологиялық 5. аралас 7. Қазақстан территориясындағы территориялық-өндірістік кешенінің бірін атаңыз? 1. Ақтөбе-Гурьев 2. Алтай-Өскемен 3. Қаратау-Жамбыл 4. Кентау-Шымкент 5. Қостанай-Степногорск 8. 1822 ж. М.Сперанский жасаған ереже бойынша Орта жүз қазақтары жері қалай деп аталды? 1. Ресейдің Азиялық ауданы 2. Қазақстанның солтүстік облысы 3. Сібір қазақтары облысы 4. Қазақ даласының әкімшілік орталығы 5. Негізгі астықты аудан
|