Кіріспе.
Висновок:Я вивчив умови, в яких виникає методична похибка, навчився розпізнавати цю похибку, та визначив її.
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Пән: «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» Мамандығы: 051103 – «Фармация» Оқу сағатының көлемі: 3 кредит Курс - 3 Семестр – 5 Дәріс – 15 (сағат) Практикалық сабақ - 30 (сағат) Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы – 21 (сағат) Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 69 (сағат)
Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша) Барлығы – 135 сағат Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ
«БЕКІТЕМІН» ОӘЖ бойынша проректор Профессор К.А.Тулебаев ________________________ Ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Пән бойынша – Медициналық және фармацевтикалық тауартану, MFT3216 Мамандық бойынша – 051103 – «Фармация» Модуль– Фармацевт- менеджер
Курс – үшінші Семестр – 5
Дәріс: 15 сағат Практикалық (семинарлық) сабақ: 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 21 сағат
Барлығы аудиторлық: 90 сағат
Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ): 69 сағат
Барлығы: 135 (1 кредит)
Бақылау формасы: емтихан
Алматы, 2012 Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____
«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева
Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндердің білім беру бағдарламалары комитетінің отырысында талқыланды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____
ББК төрайымы, доцент Г.М.Саякова
Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды «____»_______________ 2012 жыл, хаттама № ____.
ӘК төрағасы, профессор Тулебаев К.А.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Модуль - Фармацевт- менеджер Пән - Медициналық және фармацевтикалық тауартану, MFT3216 Мамандық; - 051103 «Фармация» Оқу сағатының көлемі - 3 кредит (135 сағат) Оқыту курсы және семестрі - үшінші курс, 5 семестр
БАҒДАРЛАМА
Кіріспе Фармацевтикалық ұйымдардың функцияларының бірі, номенклатурасы үнемі кеңейіп отыратын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және басқа да дәріхана ассортиментіндегі фармацевтикалық тауарларды босату болып табылады. Медициналық бұйымдардың ассортименті жаңарып отырады және жаңа технологияларға негізделген үлгілері пайда болады. Медициналық және фармацевтикалық тауарлар нарығының дамуы және нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік күрес, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме сату саласында жұмыс істейтін маман-фармацевтерді дайындауға жаңа талаптар қояды. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінің жұмыс бағдарламасы дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында кеңінен қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сипаттамаларын, негізгі талаптарын оқып-үйренуге бағытталған.
2.2 Пәннің мақсаты: Медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдау жүргізу бойынша білімді, дағдыларды және машықтарды қалыптастыру.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері: Студенттерде тауартанулық ой-пікірді, тауартану негізінің түсініктерін қалыптастыру.
· жіктеу және кодтау әдістерін қолдану негізінде тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, сапасын және жүйелеуді анықтауды үйрету; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын және қасиеттерін қалыптастыратын және сақтайтын факторларға түсінік беру; · сақтау, тасымалдау және қолдану процесінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін рационалды тәсілдерді қолдануға үйрету; · өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарлар қозғалысын ақпараттық қамтамасыз етуді жүргізуге үйрету; · дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдауды жүргізуге үйрету.
2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері: Студентте келесі тараулар бойынша білім қалыптастыру: · тауартану негіздерін; · медициналық және фармацевтикалық тауартанудың мақсаты мен міндеттерін; · медициналық және фармацевтикалық тауарларды қабылдау, сақтау, тасымалдау және босату үрдісін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың топтарға бөлінуін және кодталуын; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасының негізгі көрсеткіштерін бағалау әдістерін; · медициналық және фармацевтикалық тауарларды өндіру, тасымалдау, қолдану немесе пайдалану үрдісінде сапасын және сақталуын қалыптастыратын сыртқы орта факторларының әсерлерін; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың оралып-буылу, таңбалану ерекшеліктерін. Студентте практикалық дағды қалыптастыру: · медициналық және фармацевтикалық тауарларды топтарға бөлуді; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын анықтау бойынша тауартанулық талдауды жүргізуде нормативті-техникалық құжаттарды таңдауды; · таңбалануын және оралып-буылуын бағалауды, тауарлық топтарын және түрлерін анықтауды; · сапасы мен саны бойынша медициналық және фармацевтикалық тауарды қабылдауды; · тұтынушылық қасиеттерінің ерекшеліктерін, сақтау принциптерін ескере отырып, медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуді; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың функционалдық қолданылуына, химиялық құрамына байланысты залалсыздандыру және дезинфекциялау, сапасын бақылау әдістерін таңдауды; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың құрылымы, пайдаланылуы және залалсыздандыруы туралы жоғары біліктілік дәрежеде түсініктемелер беруді; · көзілдірік оптикаларына және көзілдіріктерге рецептерді қабылдауды және оларды босатуды. Студентте құқықтық дағдыларды қалыптастыру: · нормативті-техникалық құжаттарды қолдануды; · медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауаржылжыту жүйесін басқаруды; · тауартанулық операцияларды ұйымдастыруды және жүргізуді; · тасымалдау және сақтау үрдісінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын бағалауды және бақылауды. Студентте коммуникативтік дағды қалыптастыру: · кәсіби қарым-қатынасы кезінде сенімділік пен адалдықты көрсетуі керек · өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б.) қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлық көрсетуі керек
2.5 Пререквизиттер: құқық негіздері, фармация тарихы, коммуникативті дағдылар, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. 2.6 Постреквизиттер:фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакогнозия.
|