Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС





Пән бойынша – Медициналық және фармацевтикалық тауартану, MFT3216

Мамандық бойынша – 051103 – «Фармация»

Кафедра – Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және дәрілік қалыптар

технологиясы

 

 

Курс – үшінші Семестр – 5, 6

 

 

Дәріс: 15 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақ: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің

өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 21 сағат

 

Барлығы аудиторлық: 66 сағат

 

Студенттердің аудиториядан тыс

өзіндік жұмысы (СӨЖ): 69 сағат

 

Барлығы: 135 (3 кредит)

 

Бақылау формасы: емтихан

 

 

Алматы, 2012

Cиллабус жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалды, модуль мәжілісінде қарастырылды, «____»____________2012 жыл, хаттама № ____.

 

 

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева

 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Кафедра - Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және

дәрілік қалыптар технологисы

 

Пән - Медициналық және фармацевтикалық тауартану,

MFT3216

Мамандық; - 051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 3 кредит (135 сағат)

Оқыту курсы және семестрі - үшінші курс, 5-6 семестр

Кафедраның оқытушылары туралы мәліметтер:

№№ р/с Ф.А.Ж. Қызметі Дәрежесі
1. Шопабаева Алма Рахимбаевна доцент фарм.ғ.к.
2. Нұрахов Дәндібай Бердиевич доцент биол.ғ.к.
3. Жумаева Гульжан Шынтаевна    
4. Адибаева Гаипжамал Кабдолдановна аға оқытушы  
5. Бидасова Гульмира Кенесбаевна оқытушы  
6. Наурызалиева Жумагуль Тулеповна оқытушы  

 

Ақпарат

Мекен-жайы: Төле би к-сі, № 1 оқу корпусы, екінші этаж

Телефондар: 292-64-87, ішкі 248, 249

 

Пәннің саясаты

Студенттер міндетті:

1. Дәріске, практикалық сабақтарға кешікпейкелуге және халатпен қатысуға.

2. Сабақты себепсіз қалдырмауға (ауруы бойынша...), жіберілген сабақтарды өтеуге деканаттан берілген рұқсатты көрсетуге.

3. Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген белгілі бір уақытта өтеуге.

4. Практикалық сабақтардың барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес рәсімдеуге және орындауға.

5. Барлық жұмыс түрлерін белгіленген мерзімдерде тапсыруға.

6. Үлгерімі, сабаққа қатысуы төмен болғанда, егерде студент келесі курсқа ауыстырылмайтын жағдай болғанда, оның жіберілген пәнді демалыс кезінде ақылы негізде өтеуге құқы бар.

 

БАҒДАРЛАМА

 

Кіріспе

Фармацевтикалық ұйымдардың функцияларының бірі, номенклатурасы үнемі кеңейіп отыратын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және басқа да дәріхана ассортиментіндегі фармацевтикалық тауарларды босату болып табылады. Медициналық бұйымдардың ассортименті жаңарып отырады және жаңа технологияларға негізделген үлгілері пайда болады.

Медициналық және фармацевтикалық тауарлар нарығының дамуы және нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік күрес, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме сату саласында жұмыс істейтін маман-фармацевтерді дайындауға жаңа талаптар қояды.

«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінің жұмыс бағдарламасы дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында кеңінен қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сипаттамаларын, негізгі талаптарын оқып-үйренуге бағытталған.

 

2.2 Пәннің мақсаты:

Медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдау жүргізу бойынша білімді, дағдыларды және машықтарды қалыптастыру.

 

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

· студенттерде тауартану негізінің түсініктерін қалыптастыру;

· тауартанулық ой-пікірді қалыптастыру;

· жіктеу және кодтау әдістерін қолдану негізінде тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, сапасын және жүйелеуді анықтауды үйрету;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын және қасиеттерін қалыптастыратын және сақтайтын факторларға түсінік беру;

· сақтау, тасымалдау және қолдану процесінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін рационалды тәсілдерді қолдануға үйрету;

· өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарлар қозғалысын ақпараттық қамтамасыз етуді жүргізуге үйрету;

· дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдауды жүргізуге үйрету.

 

 

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 563. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия