Студопедия — Бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi






Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
1-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
1-4) құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
1-5) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
1-6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi;
3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерін әзiрлейдi;
7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi;
8-1) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады;
11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi;
12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
13) алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi;
15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi;
16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi;
17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi;
19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады;
20) Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
20-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
20-2) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
21) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;
21-1) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;
21-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;
22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiн айқындайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
28-1) алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
28-2) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
28-3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
28-4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
28-6) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
28-7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
28-8) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
28-9) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;
29) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
қалдықтар сыныптамасын;
қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн;
өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
30) мыналарды:
қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн;
парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды;
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртiбiн;
аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн;
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;
мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;
31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi;
32) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады;
35) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
36) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
37) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
38-8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті
органның құзыреті
Ескерту. 17-1-бап алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 534. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия