Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хромосомалар формасы





I телоцентрлік.

II акроцентрлік,

III субметацентрлік,

IV метацентрлік,

1-центромера, 2-серік, 3-қысқа иін, 4-үлкен иін, 5-хроматидалар

 

Метацентрлік хромосоманың центромерасы дәл ортасында орналасқан иіндері тең болады, субметацентрлік — центромерасы бір шетіне сәл ғана ығысып орналасады, бір иіні ұзын, екінші иіні қысқалау, акроцентрлік центромерасы бір ұшына жақын орналасады, бір иіні өте ұзын, екіншісі өте қысқа, телоцентрлік центромерасы ұшында орналасады, хромосоманың бір ғана иіні болады. Кейде хромосомада екінші реттік тартылыс пайда болады, иіндерінде қосымша бөлік — серік пайда болады.Мұндай хро-мосомаларды серіктес хромосомалар деп атайды.

Хромосома бойында ДНҚ молекуласының ширатылу дәрежесі түрліше болып келеді. Осыған орай хромосоманың эухроматин, гетерохроматин учаскелерін ажыратады. Эухроматин — хромосоманың митоз кезінде ширатылып тығыздалатын, спиральданатын, ал митоздан кейін ширатылуы ашылатын, деспиральданатын бөлігі. Бұл хромосоманың ең белсенді — активті транскрипцияланатын, структуралык геңдер кездесетін бөлігі; гетерохроматин — хромосоманың митоз кезінде де, митоздан кейін де тығыз ширатылған — спиральданған, конденсацияланған, ашылмайтын учаскесі. Онда структуралық гендер болмайды.

Ядро өте маңызды рөл атқарады. Ол жасуша тіршілігінің барлық құбылыстарын басқарып, бағдарлап отырады. Онда тұқым қуалаушылық материалы - ДНҚ шоғырланған, ол жасушаның өсуін, бөлінуін (көбеюін) басқарып отырады.

Хромосомалардың ережелері:

1. Хромосома санының тұрақты болуы;

2. Хромосомалардың жұпты (гомологті) болуы;

3. Хромосомалардың жеке даралық ерекшелігі;

4. Хромосомалардың үздіксіздігі.

Хромосомалар жасушалардағы тұқымкуалаушылық материалы болғандықтан,кез-келген биологиялық түрлерде, олардың саны тұрақты болады. Хромосома жиынтығының диплоидтық саны (2п) - дене жасушаларында, гаплоидтық саны (п) - жыныс жасушаларында болады.

Кейбір ағзалардың хромосома жиынтығы (2п,п) төменде келтірілген:

 

2п п

1. Безгек плазмодиясы 2 1

2. Өзен шаяны 116 58

3. Гидра 32 16

4. Үй шыбыны 12 6

5. Бақа 26 13

6. Кептер 80 40

7. Тышкан 40 20

8. Қоян 44 22

9. Шимпанзе 48 24

10.Саналы адам 46 23

11.Жеміс шыбыны 8 4


Биологиялық түрлерде тек қана хромосома саны тұрақты болып қоймай, сол сияқты,олардың пішіні, мөлщері де тұрақты болады. Биологиялық түрлердің хромосома жиынтығының, пішінінің, мөлшерінің кешенді сипаттамасын кариотип деп атайды. Адам кариотипі 46 хромосомадан тұрады, олар 23 гомологтік жұп құрайды. Оның 22 жұбы екі жыныстыда бірдей болады, сондықтан оларды аутосомалар деп атайды, ал 23 хромосомалары бір-бірінен өзгеше болып келеді, оларды Х және У хромосома немесе жыныс хромосомалары (гоносомалар) деп атайды. Кариотипті әдетте мета- фазалық препаратттар дайындап зерттейді. Адам кариотипін жіктеудің (классификациялаудың) екі түрі белгілі: Денвер классификациясы (1960) және Париж классификациясы(1971).

Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады да әрқайсысын нөмірлейді, хромосома морфологиясына қарай бірнеше топқа бөледі: мұнда негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индексті (ЦИ) пайдаланады. Центромералық индекс дегеніміз хромосоманың қысқа иіні ұзындығының бүкіл хромосома ұзындығына ара қатынасы (%) болып табылады:

А тобы: 1—2—3 хромосомалар; ең ірі метацентрлі хромосомалар, (ЦИ=38-49);

В тобы: 4-5; ірі субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=24-30);

С тобы: 6-12; орташа субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=27-35);

Д тобы: 13-15; орташа акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ=15);

Е тобы: 16-18; ұсақ субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=26-40);

Ғ тобы: 19-20; ең ұсақ метацентрлі хромосомалар, (ЦИ=36-46);

G 21-22; ең ұсақ акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ=13-23);

X хромосома - орташа субметацентрлі (С тобы) хромосома. У хромосома - ең ұсақ акроцентрлі (G тобы) хромосомалары болып табылады.

Денвер жіктеуінің кемшілігіне бір топқа жататын хромосомаларды ажыратудың қиындығы жатады.

Париж классификациясы (1971) хромосомалардың таңдамалы боялуына байланысты жүргізіледі (9-сурет). Ол үшін хромосомаларды түрліше бояулармен бояйды (G, R,S). Сонда әр түрлі гомологтық емес хромосомалар түрліше боялады, ал гомологтік хромосомалар бірдей боялады, сондықтан хромосомалардың гомологты жұптарын табу жеңілдейді. Сонымен қатар, бұл классификация бойынша хромосомалардағы нақтылы локустарды ажыратып белгілеуге, хромосома картасын жасауға болады. Ол үшін кейбір символдарды пайдаланады, мысалы хромосоманың қысқа иінін –р, ұзын иінін q - әрпімен белгілейді. Боялу интенсивтігіне қарай хромосоманың әрбір иінін центромерадан теломераға карай аудандарға, ал аудандарды сегменттерге бөледі де араб сандарымен белгілейді.

Мысалы, Ір 22 хромосоманың қысқа иінінің 2 ауданындағы 2 сегмент дегенді білдіреді.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 14584. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия