Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Метафазалық хромосома





 

Нуклеосомаларға ДНҚ молекуласы тығыз ширатылып орналасқан. ДНҚ молекуласының нуклеосомалық оралымдарын бір-біріне гистондық ақуыздардың бесінші түрі — Н1 жалғайды. Сонымен, гистондық ақуыздардың 5 түрі белгілі. Олар құрылымдық, реттеуші қызметтер атқарады. Хроматиннің ең негізгі бөлігі — ДНҚ молекуласы. Ол тұқым қуалаушылықтың материалы болып есептелінеді, себебі оның молекуласында, тұқым қуалаушылық туралы ақпарат "жазылған". Эукариоттардың ДНҚ молекуласы 3 түрлі фракциядан тұрады:

1) қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі — ол ДНҚ бойында бір дана күйінде кездеседі. Адамдардың гаплоидтық геномі 3—109 нуклеотидтер қатарынан тұратын болса, оның 70 пайызы яғни 2—109 нуклеотидтер катарынан қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі болып саналады. Бұл жерде барлық құрылымдық гендер орналасқан;

2) орташа қайталанатын нуклеотидтер тізбектері — олар ДНҚ молекуласының ұзына бойында 100 ден 100.000 ретке дейін кайталануы мүмкін. Олардың үлесіне геномның 22—23 пайыз мөлшері жатады. Бұл жерде құрылымдық гендер кездеспейді, бірақ рРНҚ, тРНК, гистондық ақуыздардың гендері кездеседі;

3 ) өте жиі қайталанатын нуклеотидтер тізбектері — олар 100.000 -нан 1000.000 ретке дейін қайталанатын қысқа нуклеотидтер тізбектері. Олардың үлесіне геномның 8 пайызы жатады. Бұл бөлшектерде ешқандай гендер болмайды, олар гендерді интрондық бөліктері болып табылады.

ДНҚ молекуласының қасиеттерінің бірі — оның тығыз ширатылуы. ДНҚ молекуласы нуклеосома денешіктеріне ширатылып нуклеогистоңдық микрофибрилла соленоид түзеді, ал ол әрі қарай ширатылып, жуандап митоздық хромосомаға айналады. ДНҚ молекуласының осылайша ширатылуының нәтижесінде тұқым қуалаушылық материалы тығыздалып, шағын денелерді (хромосомаларда) сақталуына мүмкіншілік туады. Мысалы адамның дене жасушасының 1 ядросында 6 пг ДНҚ кездеседі десек оның жалпы ұзындығы 2м тең. Адамның барлық жасушаларындағы ұзындығы не бары 150 мкм болатын хромосомаларындағы ДНК молекулаларын бір-біріне тізіп жалғайтын болсақ оның ұзыңдығы 2,5x1010 км жетеді. Бұл Жер мен Күннің қашықтығынан 100 есе артық.

Митоздық (бөлінуші) ядроның негізгі бөлігі — митоздық хромосомалар болып есептелінеді. Митоздық хромосомалар хроматин жіпшелерінің ширатылып, жуандап қысқаруы нәтижесінде түзіледі. Хромосома профазада таяқша, ал метофазада X пішін-дес болып келеді. Хромосома бірінші реттік тартылыс (центро­мера) арқылы жалғанған екі иіннен тұрады. Хромосома иінінің ұшын теломера деп атайды.Хромосомалар ұзына бойына 2 тепе-тең бөлікке бөлінген, оларды хроматидалар деп атайды. Әрбір хроматида 2 тығыз ширатылған жіпшелерден — хромонемалардан тұрады.

Хромосомалардың мөлшеріне және центромерасының орналасуына байланысты оларды — метоцентрлі, субметацентрлі, акроцентрлі және телоцентрлі деп жіктейді.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 4973. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия