Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырыбы: Стилистика курсының мақсаты мен міндеті





Тақырыбы: Стилистика курсының мақсаты мен міндеті.

Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Казақ тілі стилистикасынық мәселелері арнайы зерттеу объектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу кұралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған макала-ларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары.жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады.Орыс тіл білімінде стилстика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл сала–дан біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін ‘ атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы “Вопросы языкознания” журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған).

Стилистикадағы негізгі ұғымдардың, бірі — с т и л ь. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің маз-мұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стиль — Латынша зіуіоз (қазақша — жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “жазу мәнері” деген мағынада қолданылатын болған.

Сөйтіп, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдьщ бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В. Г. Белинский былай дейді: “Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар”1. Белинскийдің пікірінше, тіл енерінін, осы “техникалық жақтары”, яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінін, алғашқы мағыналары казір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білі-мінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.

 

Стилистика — ен, алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің колданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтьш, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық силоним-дер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік синонимдер. Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағы-наларынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональды-экспрес-сивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдщ стильдік сапасы немесе м ә н е р л і т ә с і л д е р і деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа — тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен син-таксистік қүрылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т. б.

Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүм-кіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай тү-рінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады

2-сабақ;

Тақырыбы:







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1768. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия