Студопедия — арай топтастырылуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

арай топтастырылуы






ФРАЗЕОЛОГИЯ:

1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;

2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

 

Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия,тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.

Абай тіліңдегі фразеологизмді жалпы халықтық тілден, сонымен бірге езіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған және ақынның өзі жасаған тіркестері деп бөліп қараған абзал. Ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған тіркестерді пайдалану жалғыз Абайдың емес, әрбір қаламгердің әдісі, бірақ, мұнда әр ақын-жазушының фразеологизмдерді таңдауы, құбылтуы, қолдану орны, жиілігі т. б. жағынан өзіне тән қолтаңбасы көрінеді. Белгілі бір тілдегі Ф. байлығы қай автордың тілінде де негізгі тілдік және поэтик. қурап ретіңде кәдеге асырылған. Абай да, әсіресе, өлеңдерінде халық қазынасына жататын тұрақты тіркестерді еркін қолданған. Мыс., оның өлеңдеріндегі қас сағыну, қас сағынбау, із жоғалту, көзге ұру, қырымға қарау, титығы құру, табанынан тозу, намысқа шашу, тілін безеу, басқа шауып, төске өрлеу, араны тоймау, малма сапсу, шылбыр беру, шаужайынан қағу, табанынан таусылу, қырқын мінсе қыр артылмау сияқты қимыл, іс-әрекетке қатысты ете образды тұрақты тіркестер - казақтың жалпы халықтық тілінің ертеден келе жатқан мүлкі. Сондай-ақ, жас өспірім, ақ көңіл, ақ пейіл, ер көкірек, жау жүрек тәрізді сындық мәнді фразеологизмдерді де Абай халықтық қордан алып жұмсаған. Абай заманыңда бірқатар фразеологизмдер әлеум. жаңа қарым-қатынас, жаңа құбылыстарға байланысты туған қолданыстар болатын. Мыс., шенді шекпен кию, басына іс тусу, ат мініп, ақша ұстау, жер аудару, жалға жүру, закон сұрау деген тіркестер қазақ даласына келген жаңа әлеум. немесе экономик. карым-катынастарға қатысты пайда болған, 19 ғ-дың 2-жартысының туындылары. Заманға қарай өмірге келген жаңа сездерді жиі қолданғаны сияқты, ақын мұндай тың тіркестерді де жатсынбай қабылдайды. Оның үстіне Абай тілінен орынға сайлану, түсіп қалу (әкімш. орыннан айырылу), байға кірісу, міндетті болу (халыққа не ұлыққа) тәрізді заманалық жаңа сез орамдары табылады.

Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне үлкен үлес қосты, ол үлес перифрас-тикалық тіркестерді мол қолданудан, жаңа тіркестер жасаудан және кәнігі фразеологизмдерді тұлғалық құрылымдық түрін өзгертіп жұмсаудан көрінеді. Ф. саласында Абай әкелген өзгеріс, жаңа- лықтардың келесі турі оның ез қаламынан жаңа тіркестер туғызуында. Ф-лық тіркестер - семантик. шоғырлар, яғни, жеке сөздер білдіретін мағыналардың бір-бірімен түйісуінен туған жаңа семантик. единица. Абай образ жасауда, айтпақ ойына экспрессивтік сипат беруде жеке сөздерді бір-біріментіркестірудіңсарқылмас булақсияқты екенін жақсы түсінген. Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп жасағандары жатады. Мыс., көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді, бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне жанастырып, жаңа ассоциация туғызады. Көңілге ажым салу деген жаңа фразеологизм де соны образ әрі оның экспрессивтік бояуы бұрынғы көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендерге қарағанда әлдеқайда қою. Олжалау, пайдалану (біреудің еңбегін, күшін, ойын т. б.) деген сездер тұрғанда адам аулау, адам сауу деген фразеологизмдерді ұсынғанда да Абай мағыналары жуыспайтын ұғым атауларын (ауланатынаң, құс, сауылатын мал)тіркестіріп жаңа образ жасайды, соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау (ұрланатын қолға ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап сату (сатылатын зат, бұйымдар болуы керек), иман жүзін тоздыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді) деген фразеологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар, бір жағынан, метафоралық тіркестер, яғни, мағына ауыстырып айту құралы ретінде көрінеді. Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, сонылығы жағынан да көзге бірден түсіп, Абайдың қазақ Ф- сына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей аудару (калька жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. Әрине, бұлар сан жағынан көп емес, бірақ, сол аз фактінің өзі қазақ поэзия тілінде Абайдан басталғанын көрсетеді. Мыс., Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең(1, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы мағынасы мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы әйелі кезіне шеп салған еркектің халі, орысша «быть рогатым» дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы қатарға «Кептерше сүйініскен демалыс бар», «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі, Саған салқын тартқандай, сен - бір кәрі» дегендердегі кептерше сүйінісу - ворковать как голубки, салқын тарту - постывать (Лермонтовтың «Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл - ты слеп, ты сед» деген жолдарының аудармасынан) тәрізді фразеологизмдері дежатады. Сондай-ақ, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат сияқты тіркестер де негізі өзге тілдік (плясать в такт, от часу на час) деп тұрған сияқты. Аударма немесе калька тіркестердің бірқатары Абайдың төл шығармаларында қолданылған, сондықтан бұл әдіс тек аударма үстінде, шарасыздықтан қолданылған емес, орыс тілінің көркемдік дүниесін игеру, жарату сияқты талаптан туған деуге болады.

Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі түрлі әдіске жүгінеді: бірі-тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің бір-екеуін езге сөздермен (кебінесе, синонимдерімен) ауыстырып қолдану. Мыс., ант бұзу дегенді ант шайқау, ақылы кірдіні, ақылға ену, ар-ұяттан безуді ардан кету, ауызға сөз туспеді тілге сөз туспеді деп құбылту немесе өтірікті жүндей сабауды өтірікті судай ағызудың орнына өзгертіп құру - Абай тіліне тән. Бұл тәсіл Абайда жүйеге айналған. Байырғы фразеологизмдерді өзгертуде екінші қолданған әдісі - тілде қалыптасқан тұрақты тіркестің идеясын алып, яғни, мағынасын қуалап, соның ізімен жаңасын жасау. Мыс., Абай заманына дейін де қазақ тұрмысында көліктің майын, аттың майын пайдалану (сұрау, беру) деген тіркестер болған. Осылардың идеясын (мағынасын) алып, Ақын көздің майы, сөздің майын аямау деген тіркестер қурады. Көліктің немесе аттың майы дегенде, «аттың күші» деген ұғым беретін болса, кездің майы, сөздің майы дегендерде де Абай осы идеяны пайдаланады: кездің майын ағызу - көздің күші жасында болса, соны төгіп, «қалқаға сөз айту», сөздің майын аямау - сөз беретін күш-құдіретті аямай, барын айту. Пысық адамды әдетте еті тірі кісі дейді, осы мағынаны пайдаланып, Абай көңілі тірі деген тіркес жасайды. Жақын тарту, іш тарту деген кәнігі фразеологизмдерді тарту сөзінің мағынасына иек артып, қайратсыз тарту, ыстық тарту, салбыраңқы тарту деген жаңа тіркестер ұсынады. Пайдасы тию, зияны тию дегендердің үлгісімен панасы тию, еңбегін жалдау, күшін жалдау дегендердің үлгісімен жан жалдау сияқты соны тіркестерді дүниеге келтіреді. Абай тілінде осылар сияқты ондаған жаңа фразеологизмдер, бір жағынан, тың образдау жасап, поэтик. құралдарға айналып жатса, екінші жағынан, қазақ әдеби тілінің, оның ішінде өлең тілінің фразеол. құрамын байытып, жаңа түрлерін қосты.

 

14-сабақ

Тақырыбы: Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері

мен жалпы халықтық формада қолданылуы.

Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болы, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес (басқаша айтқанда, сөздің бұл жерде факультатив қабілеті бар да, бірақ оның әрдайым сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір-біріне баламалық байланыста емес, жанамалық қатынаста болады деген топшылауды қолдаймыз. Яғни белгілі бір ФЕ-нің ішіндегі сөздердің бірде-бірі дербес мағынаның референті бола алмайды. Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы белгілі бір компонент дербес мағынаны білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес. Осыдан келіп, біраз ғалымдар ФЕ-нің мағынасын фразеологиялық мағына деп, сөз, еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына деп атауды лайық көреді. Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ тікелей мағынада емес, туынды мағынада ғана жұмсалады».

Бұл мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: «…іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін «қайғылы, уайымды, шерлі» тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді», – деп жазады. Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде С. Сатенова: «…тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді. Кейде тіпті тың бағытта қолданылып, мүлде жаңа мағына туындауы мүмкін», – деп, қос тағанды фразеологизмдердің құрамындағы соңғы компоненттің басқа лексемамен ауыстырылып берілуіне дастандар жинағынан: «Сыртым – бүтін, ішім шоқ», – деген мысал келтіреді. Автордың пікірінше, сырттай жайдары көрінгенмен, іші толы уайым-қайғы ұғымындағы сырты бүтін, іші түтін фразеологиялық тіркесінің құрамындағы соңғы компонентінің өрістес, тақырыптас «шоқ» сөзімен ауыстырылуы ұйқасқа, эмоционалды-экспрессивті реңк беруге, бейнелілігін, мәнін арттыруға, фразеологизмге өзгеше сипат беруге негізделген.

Ө. Айтбаев жоғарыда аталған еңбегінде фразеологизмдер және олардың зерттелу жайы, фразеологиялық бірліктердің қызметі және эмоционалдық-экспрессивтік бояуы, фразеологизмдерді аудару мәселелері, бейнелі сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі және оларды аударудың кейбір амалдары т.б. да мәселелерге назар аударады. Фразеологиялық бірліктердің эмоционалды мән беруі туралы: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоциональдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоциональдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді», – деп жазады.

Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. …Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», – деп жазады. Автор фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық түрлерінің ерекшеліктерін айта келіп, осылардың ішінде мағыналас фразеологизмдерді қалыптастыратын көбінесе көңіл-күй, яғни эмоциясы жоғары фразеологизмдер екендігіне тоқталады. Еңбекте ашулану, ұрсу, ұру, төбелесу, жек көру, қызғану, күлу, жылау сияқты тақырыптық семантикалық түрлерінің алты жүзден асатынын дәлелдейтін тілдік фактілердің бар екендігі айтылады. Тіліміздегі адамның көңіл-күйіне қатысты фразеологизмдердің бай қабатының болуы «ұлт тілінің ерекшелігі емес, ұлт болмысының ерекшелігі. Қазақ ұлты тым әсерленгіш, сыншыл. Түрлі теңеулер мен салыстыруларға келгенде қиыспайтын жерде қиысатын логика, ауыспайтын жерде ауыс қолданылатын метафоралық тіркестерден осындай ой түюге болады. Синоним фразеологизмдер арқылы ойымызды дәл, анық жеткізу үшін кей жағдайда мағыналас фразеологизмдердің көмегімен ситуация одан бетер айқындала түседі, айтайын дегенін сипаттау барысындағы дәлдік, бейнелегіштік, эмоциялық әсер әрине, синоним фразеологизмдердің үлесіне тиеді».

Фразеологизмдер көркем әдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдардың бірі болып есептеледі. Тілдің әдебилігінің сипаттарының бірін, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерінің бірін фразеологизмдер танытады. Ж. Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай: 1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер; 2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер; 3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер; 4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер; 5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер; 6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді. Дегенмен де белгілі бір топтағы сөздердің мағыналық жағынан іргелес екенін де жоққа шығаруға болмайды. Автор фразеологизмдердің бейнелі, синонимді табиғатын көркем шығарма тілінің стильдік, стилистикалық сипатымен байланысты қарастырады. Еңбекте адам эмоциясына қатысты фразеологизмдер бөлек аталып, арнайы қарастырылмағанымен, адам сезімдерін, ішкі психологиялық халін, әсерлері мен ойларын нақтыландыру амалы ретінде қолданылған әзірейіл шеңгелі тигендей, ұжмақтың отына жылынғандай, у жеген қасқырдай фразеологизмдеріне талдау жасалады.

Көркем проза тілінде кейбір сөйлемдердің өлең жолдарындағыдай ұйқасып келетін ерекшелігі туралы «Қазақ прозасының тілі» еңбегінде Е. Жанпейісов, «Қазақтың халық прозасы» атты еңбегінде С. Қасқабасов арнайы тоқталады. С. Қасқабасовтың пікірінше «ешбір жанр саф алтындай таза күйінде болмайды. Өйткені ол жападан-жалғыз өмір сүрмейді, ұзақ көркемделу процесінде жанрлар бір-бірімен тығыз байланысқа түседі, олар бір-біріне ықпал жасап кірігеді». Ж. Қоңыратбаева зерттеу жұмысында фразеологизм сыңарларының дағдылы орнын алмастырып, инверсия жасау тәсілін ХХ ғасыр басындағы қазақ жазушыларының тілінде ең бір өнімді жұмсалған құбылыс ретінде қарастырады. Автор еркін тіркестерге тән мұндай тәсілдің фразеолгизмдерде қолданылуын трансформацияға түсуден гөрі өлең сөздің шарттарына байланысты деген тұжырым жасайды. Ыза болды, кектенді мағынасында жұмсалатын тісін қайрау фразеологизміне қатысты.

«Босағама бір келер күні болса, Көрермін!» – деп қайраған күйеу тісті (Кім жазықты» 34 б), – деген мысал келтіріп, «Көріп отырғанымыздай, сөздердің бұлай орын ауыстырып келуі фразеологизмге стильдік те, мағыналық та өзгеріс беріп тұрған жоқ. Сондықтан біз де фразеологизмнің бойындағы бұл секілді өзгеше қолданыстарды өлеңнің ырғағын, әуезділіктің «шырқын» бұзбау, тармақтарының үйлесімді ұйқасын сақтау қажеттілігінен туған, яғни өлең шартынан болған құбылыс деп түсінеміз. Қазақтың алғашқы қара сөз үлгілері деп есептелетін ХХ ғасыр басындағы көркем прозаның бойында өлең сөзінің кездесіп отыратыны белгілі жайт», – деп жазады.

Қазақ тілінде қандай да бір жағдайға байланысты адамның ішкі жан-дүниесінің күйін білдіретін әр түрлі қиялға түсірді, ойға қалдырды мағынасында қолданылатын ойын онға, санасын сан саққа жүгіртті фразеологизмі бар. Автордың пікірінше С. Торайғыровтың «Қамар сұлуындағы» ойын онға, санасын сан саққа жүгіртті фразеологизмінің ойы онға, ақылы алтыға бөліну түрінде қолданылуы (Ойы онға, ақылы алтыға бөлініп әуреленіп жүрген кезінде, Ахметтен тағы хат алды жазушының жеке шығармашылық мақсатынан туындап отыр. Ол мақсат – халық тілінде әбден қалыптасып, тұрақталған құбылыстың жаттанды, үйреншікті қалыбын бұзу арқылы ойды күшейту, тұрақты тіркеске өзгеше өң жамау, басқаша реңк беру. «Бұл тәсілдердің алғашқы қазақ прозасы тіліндегі нақты көрінісі – эмоционалды- экспрессивті қызмет атқару».

Фразеолгизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне синоним болып жұмсалуымен қатар мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып та қолданылады. Тіліміздегі мағыналары қарама-қарсы мәнде жұмсалатын тұрақты тіркестер фразеологиялық антонимдер деп аталады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдерді екіге бөліп қарастырған Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиевтің ұстанымына сүйене отырып эмоциялық реңкті фразеологиялық антонимдерді де екіге бөлуге болады деп ойлаймыз. Бірінші түрі эмоциялық реңкті фразеологизмдердің өз ішіндегі компоненттерін басқа сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы, бетінен оты шықты (қызарды, қысылды, ұялды) – беті бүлк етпеді (ұялмады, бедірейіп тұрды, арсыздығын көрсетті), үміт етті (күдерін үзбеді, дәме қылды) – үмітін үзді (күдерін үзді, болады-ау деген ойынан шықпады) т.б.

Екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан мүлдем бөлек эмоциялық реңкті фразеологиялық антонимдер. Мысалы, соры сорпадай қайнады (бақытсыздық тап болды, қасіретке ұшырады) – көзі ашылды (сордан арылды, жолы ашылды, қолайлы жағдай туды), сабыр етті (шыдам, төзім білдірді, асығыстық жасамады) – дегбірі қалмады (шыдамсызданды, асып-састы) т.б. Қазақ тілі тек эмоционалды реңкті ғана емес, бұдан басқа да қарама-қарсы мәнді фразеологизмдерге өте бай. Бұл тілдегі сан алуан стильдік қолданыстармен тығыз байланысты. Лексема көлемінде қарастырылатын антонимия құбылысын фразеологизмдердің ауқымында қарастыру жан-жақты зерттеуді, ерекшеліктерін ашуды қажет ететін тың мәселе.

Қорыта келгенде адамның түрлі ситуацияларға байланысты туындап отыратын көңіл-күйі тілдегі фразеологиядан да өз көрінісін табады.

 

15-сабақ

Тақырыбы: Фразеологизмдер өзгертіліп, авторлық өңделумен

қолданылуы.

Фразеологизмдер тек жалпы халықтық формада ғана қолда-нылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жұмсалады, бұл тәсіл — көбінесе ақын-жазушыларға тән.

Жалпы халықтық қордағы, тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп пайдаланудын, мына төмендегідей жолдары бар:

Фразеологизмдердін, мағынасы кеңейіп, экспрессивті бояуы айқындала түседі.

Жалпы халықтық формадағы тұрақты сөз тіркесін өзгертіп қол-дану арқылы жаңа мағына беріледі. Мысалы, “б е р е к е л і б о л – с а е л, ж а ғ а с ы ж ай л а у о л б і р к ө л” деген мақалдың желісі былай пайдаланылған.

Абайда:

Кең жайлау — жалғыз бесік жас балаға

Алла асыраған пендесі аш бола ма?

Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге,

Тыныштық пен зар боларсың баспанага.

М. Әуезовта:

Көлбай жатқан бел ме, бұл күтіп тұрған жағасы жайлау жақсы дүние ме? Әйтеуір алдында енді мақсат ететін өріс бардай.

С. Мұқановта:

Жолында ұлы көштің талай қыр бар,

Қырда шың, шыңда жылан жүрмес жым бар

Солардан коммунизм жайлауына

Ленинсіз жеткізетін батыр кім бар?

Бұл мысалдарда әр автор өзінің суреттеп отырған құбылысына, беретін бағасына қарай “жағасы жайлау” сөз тіркесіне әр түрлі рең беріп, түрлендіре ажарландырады, мағыналылығын арттырады.

3. Тұрақты сөз тіркесінің кұрылысы өзгертіліп қолданылады. Мысалы: Абай “Бір аспанға бір тосқан” деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай құрған:,’

Бір ғылымнан басқаның

Кеселі көп асқанға.

Одан үміт кім қылар,

Жол табар деп сасқанда.

Сөйтіп асқан жолығар

Кешікпей-ақ тосқанға…

Немесе:

Жас жүрек жайып саусағын

Талпынған шығар айға алыс

(Абай).

С. Мұқанов “Есектің күші — адал, еті — арам” деген халық мақалын былай пайдаланады.

1.Күшің адал болса да,

Тұрмысыңда кем болдың.

2. Өзің адам тұрмысыңда мал едің,

Кушің адал, сүтің арам жан едің.

3. Адал күшің арам боп

Байларға иттей талаттың.

Мұнда фразеологизмдердің эмоционалды бояуын арттырып, су-реттелетш затты, құбылысты әсерлі түрде бейнелейтіні айқын се-зіледі.

4.Жалпы халықтық тұрақты сөз орамы шешендік сөз үлгісінде-құрылып, оның бұрынғы мағынасы толықтырылып дамытылады. Бұл тәсіл көбінесе М. Әуезовтің стиліне тән. Оған мынадай мысалдар дәлел:

“Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артынан жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапан сүңқарлың етпей қоймас”.

2. Сұлу қыз бен келіншек — елдің сәні

Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.

Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,

Бұлбұл кетсе, тоғайдың жоғалды әні.

(“Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдіц көркі” деген ма-қалдын, құрылысы пайдаланылған).

5) Тұрақты сөз тіркесінін, бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмұнда қолданылады:

Дүние кірін жуынып

Көрініп ойға сөз салар (Абай).

Немесе,

Айқай шықты бір күні

Таң атып, күн шықпастан.

Тез тұрыңдар, жолдастар,

Ашылды көңіл тот басқан. (С. Мұқанов).

Абайдың өлеңінде, “дүние кірі” жаңа дүниені, жаңа өмірді аң-сау ‘мағынасын білдірсе, С. Мұқановта “көңіл тоты” әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыс та “көқіл кірі” (қайғы, мұң деген мағынада, тар шеңберде жұмсалған) сөз тіркесінің моделімен жасалган.

“Қөңіл кірі” сөз тіркесінің халықтық қолданылу үлгісі төмен-дегідей:

Көңілде жатқан кіріңді

Оттай ыстық сөз жояр (мақал).

Бүгін өлсем де арман жок,

Шығарып көңіл кірімді (Қазақ эпосы).

Аспанда ай болмаса адасады

Көңілді көтермесе, кір басады

(Халық өлеңі).

Бұрын осындай тар шеңберде қолданылып келген “көңіл кірі” сөз тіркесін С. Мұқанов өзінше өзгертіп, оны терен, саяси мағынада пайдаланады.

16-сабақ

Тақырыбы: Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік.

Стилистиканың басты мақсаты, бұдан бұрын айтылғандай, жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ синтаксистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау. Олай болса грамматикалық стилистиканың басты міндеті — грамматикалық категориялар мен синтаксистік конструкциялардың мәні мен мағынасын айқындау, сол мән-мағы-наның туу, пайда болу тәсілдерін көрсету және жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесі мен сферасын белгілеу. Осы міндеттер тұрғысынан келгенде, стилистиканың грамматикалық саласының маңызы аса ден қоярлық. Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструк-циялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қа-лыптасуы кең таралған құбылыс емес. Белгілі бір тұлғалар мен шумақтардың қолданылу заңдылығы олардың мән-мағынасы мен грамматикалық табиғатына тәуелді болады.

Арагідік жазуда, не ауызекі сөйлеуде жеке грамматикалық тұлғаларды оғаш қолдану олардың сыр-сыпаты мен табиғатын жете білмеуге байланысты болып отырады. Газет беттершен кездескен мынадай бір фактілерді талдап көрейік: Сауданың мұндай басшылары өз тұтынушылары нені қажет етіп отыр, нені талғайды — бұл жағын зерттеуге селқос қарайды (газеттен). Москвадан келген Колотов деген жолдас өте бір тығыз шаруа жөнінен сізбен сөйлескісі келеді (газеттен). Осы сөйлемдердің қайсысы да бір оқығанда сындарлы көрінгенмен, грамматикалық қателерден құр емес. Алғашқы сөйлем құрамындағы сауданың мұндай басшылары шумағын қарастырайық. Әдетте ауылдың басшысы, мекеменің басшысы деп ілік жалғау қолданылғанмен, жалпылық мәнде, әсіресе абстракт ұғьш туғызатын тіркестер құрамында ілік жалғау түсіріліп мемлекет басшысы, ел ағасы, сауда мәдениеті деп айтылып, жазылады. Бұл нормаға айналды. Олай болса, жоғарғы шумақты да мұндай сауда басшылары деп құру әлдеқайда жатық, түсінікті, құлаққа да жа-ғымды. Сол» сияқты, екінші’ сөйлемдегі тығыз шаруа жөнінен сөй-лескісі келеді шумағының құрамындағы жөн сөзінің шығыс жал-ғауында қолданылуы да аса жарасымды емес. Шығыс жалғаулы сөз әдетте іс-қимылдың шығар көзін, таралу мекен-орнын білдіреді. Ал мына сияқты реттерде жатыс жалғауын қолдану икемді(жөнінде). Баяндауыш қызметіндегі сөйлескісі келеді күрделі етістігі де сол жалғауды (жатыс жалғауын) қажет етеді.

Жазуда, сөйлеуде грамматикалық тұлғалар мен шумақтардың орнын айқын біліп, айырмау кейде қате түсінікке соқтырады. Мынадай бір мысал келтірейік:Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне, олардың тапсырылған іске жан ашырлықпен қарауына, инициативашылдығы мен іскер-лігіне, тұтынушыларға жайдары, жұмсақ мінезбен сапалы қызмет көрсете білуіне байланысты (газеттен). Осы сөйлемді бір оқығанда алғашқы “Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне” дейтін бөлігін бүкіл сөйлем мағына-сымен ұштастыра түсіну қиын-ақ. Өйткені бұл шумақ дұрысында, бүкіл сөйлем бойында айтылған мағынаны жалпылай қорытын-дылап тұр. Автордың айтайын дегені: сауда жұмысының жақсаруы сауда қызметкерлерінің іскерлігіне, инициативашылдығына, тұтынушыларға жақсы қатынас жасауына, қысқасы, олардың өздеріне байланысты деу ғой. Сол себептен жалпылауыш мәнді шумақты сөйлемнің соңғы жағына көшіру орынды, түсінікті бола-тын еді. Әдетте халық тілі мұндай реттерде: “алма, жүзім, жидек, өрік — бәрі жеміс” деп жалпылауыш сөзді ең соңында айтады.

Стилистика ‘сонымен қатар сөзге қосымша жалғаудық тілімізде қалыптасқан нормаларын айқындау мәселелерін де &







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2638. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.024 сек.) русская версия | украинская версия