Студопедия — Ықтық қабілеттілік және әрекеттілік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ықтық қабілеттілік және әрекеттілік






Қазіргі заң ғылымында тәжірибе мойындағандай, құқықтық қатынасты белгілі қоғамдық қатынастардан бөлек қарауғаболмайды, себебі олар құқықтық нысанға айналады. Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болып,и адамдар қимылдарының ерекше нысандарына және қылықтарына айналады. Заңдылық нысанмен қоғамдық қатынастардың нақты мазмұны-тұтас әлеуметтік құбылыс.

Дегенмен де, құықтық нысандардың негізгі бөліктерінің қайсысының нақты қатынасына мемлекеттік мәртөбе беретінін және оның қорғалу кепілдігінің қамтамасыз етілуін білу өте маңызды.

Құықтық қатынастардың құрамында төрт қажетті бөліктер бар:

Субьектілер, обьектілер, құқық және міндеттілік:

1. Құқықтық қатынастардың субьектілері - бұл жекелеген жеке адамдар (индивидтер) және ұйымдар, олар құқық нормаларына сай субьективті заңдылық құқықпен міндеттіліктің иелері болып табылады. Бұл жалпы ереже, шын өмірде, барлық жеке адамдар және ұйымдар құқықтық қатынастардың субьектілері бола бермейді, оны әртүрлі обьективті факторлармен: физиологиялық психологиялық, экономикалық түсіндіріледі. Жас балалар, ұйымдар өз өмір сүруін тоқтатса, шын мәнісіндеқұқықтық қатынасқа араласа алмайды, егер құқықтың субьектісі болмаса, міндетті субьекті де жоқ және міндеттіліктің өзі де жоқ біреу туралы міндетті болуға болмайды.

Құқықтық қатынастың қатынасушыларына тек сол субьектілер жатады, егер олар обьективтік құқық аясында болса. Олардың көпшілігі құқықтық мемлекетте болады. Басқа адамдарәр түрлі себептерге байланысты құқтық реттеу аясына қосылмаса, әр түрлі жақсылық жасайтын қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттің қарауында болады.

Құқықтық қатынастар, субьектілердің қатынасу өлшеміне, олардың құқықтық қабілеттілігіне және өзін - өзі билеу қабілеттілігіне байланысты.

Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық еодексі азаматардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдің валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті;шаруашылық құруға, қарым–қатынас жасауға т.б.құқықтары бар.

Әрекеттілік- объективтік құқық нормаларымен мойындалған, өзінің саналы қимылымен заңды құқықты және міндеттерді субъектінің өз еркімен іске асыру қабілеттілігі. Әрекеттілік жалпылама және арнайы бөліктерден тұрады. Жалпыламаға, мысалы заңды келісімдер жатса, арнайыға тек қатаң белгіленген келісімдер жатады. Табағи себептерге байланысты құқықтық қабілеттілікпен, әрекеттілік әр уақытта бір – бірімен сәйкес келмейді. Барлық адамдар құқықтық қабілетте болады, бірақ оның барлығы бір мезгілде әрекеттілікте болмайды.

Керісінше, барлық әрекеттілігі бар, адамдардың құқықтық қабілеттілігі болады. Сондықтан, құқықтық қабілеттілік көбіне кеңірек түсінік, себебі көпшілік адамдардың ортасына таралады. Жекелеген адамдардың әрекеттілігінің өзгешелігі адамдардың өзіндік табиғатына берілгендік және олардың өмірлерінің жағдайларына байланысты болады.

Әрекеттіліктің көлемі және мазмұны көптеген факторларға байланысты:

1. Құқықтық қабілеті бар субъектінің жасына байланысты. Барлық мемлекеттердің заңдары азаматтың кәмелеттік жасын анықтайды, себебі сол жасқа толғаннан кейін жеке адам әрекеттілік жағдайда болады, яғни өзінің қимылымен толық көлемде азаматтық құқыққа ие болады және өзі үшін азаматтық міндеттерді белгілейді (азаматтық әрекеттілік). Тең жағдайда адамның заңмен саяси есейгендік жасы белгіленеді, сол арқылы азамат саяси құқыққа ие болып, соған сай міндеттерді атқарады (мысалға, мемлекеттік органдарға сайлауға және құқығы бар, депутат болса халықтың алдыңда есеп беруге міндетті). Барлық елдерде тұрмыс құру жасы белгіленген. Субъектінің жасына байланысты оның әрекеттілігі толық не болмаса тежеулі болады. Мысалы, кәмелетке толмағандар келісімді тек ата – аналарының рұқсатымен жасайды.

2. Субъектінің әрекеттілігіне ықпал жасайтын олардың денсаулығы. Азамат психикалық ауруына не болмаса кемақылдылығына байланысты өзінің іс – қимылының маңызын түсінбейді және оны басқара алмайды, соттың шешімімен әрекетсіздігі мойындалады. Ондай адамдардың құқығы және міндеттері олардың күтушілерімен орындалады. Заңға байланысты алкогольмен не болмаса есірткіні мөлшерден тыс пайдаланатын адамдардың әрекеттілігі шектеледі.

3. Әрекеттілікке, белгілі мөлшерде субъектінің туысқандығы ықпал жасайды. Оған ең алдымен неке – отбасы қатынастары жатады. Өркениетті елдерде заңмен, туысқандардың бірімен – бірінің қосылып тұрмыс құруына тыйым салынған. Кейбір елдерде, ерлі – зайыпты адамдар бір мекемеде жұмыс істеуге рұқсат берілмеген, әсіресе бір – біріне бағынышты жағдай.

4. Әрекеттіліктің мазмұнына ықпал ететін факторларға субъектінің заңды бұлжытпай орындаушылығы жатады. Қылмыс жасаған адам жазасын өтеу кезінде, өзінің көптеген азаматтық, саяси және басқа құқықтарды және міндеттерді, яғни құқықтық қабілеттілігін іске асыруға мүмкіндігі болмайды.

5. Әрекеттіліктің мазмұны, субъектінің дінге сенуіне де байланысты болады. Дінге сенушілік еркіндігі жарияланып, кепілдікке алынған құқықтық мемлекетте, діни сенімдердің себептеріне байланысты сенушілер мемлекеттің азаматтары ретінде әр түрлі құқықтар мен міндеттерден бас тартуы ықтимал. Мысалы, әскери қатарында қызмет істеуден, қажетті жағдайда қару – жарақты пайдаланып басқа адамдарға күш көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Жеке адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде – мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары (шетелдіктер) және азаматтығы жоқ сол жер көлеміндегі тұратын адамдар жатады. Құқықтық қатынастың жекелеген субъектісі адам ғана емес – объективтік құқықпен құрылған оның тек бір ғана қасиеті. Азаматқа арналған барлық еркіндік және міндеттердің жиынтығын құқықтық мәртебе – деп атайды. «Құқықтық мәртебе» атауы толығымен адамның құқықтық жағдайын сипаттауға пайдаланылады, «Құқықтық қабілеттілік» атауы және «Әрекеттілік» әр түрлі адамдардың құқықтық қатынасқа сәйкестігіне байланысты қолданылады.

Құқықтық мемлекеттің азаматтары құқықтық заңдармен белгіленген барлық толық құқықтағы еркіндікпен және міндеттілікпен анық пайдаланады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құқықтық қатынастың қатынасушылары ретінде, басқа мемлекеттің жерінде, өздерінің құқықтық жағдайларына байланысты, оның меншікті азаматтарымен теңестіріледі. Олар толық құқықты мүлікті, қаржылық және көптеген басқа да теңдікте көрсетілген құқықтар және еркіндіктер кепілденеді, соған қосымша, өздерінің жекелеген, мүліктік, отбасылық және басқа құқықтарын қорғау үшін, сотқа және басқа мемлекеттік органдарға арыз беруге құқықтары бар. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық қабілеттілігін тежеу мемлекеттік өмірдің арнайы жақтарына байланысты болады (мысалы, олар шет мемлекетте әскери борышты өтемейді, белгілі мемлекеттік лауазымды орындарда істемейді, мемлекеттің өкімет органдарына сайлануға құқықтары жоқ).

Ұйымдарғақұқықтық қатынастардың ұжымдық субъектілері мемлекеттік, қоғамдық жекешелеген ұйымдар және тұтасымен мемлекет жатады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері ретінде парламент мүшелері, министрлер, прокурорлар, соттар, мемлекеттік мекеменің не болмаса ұйымдардың директорлары болуы мүмкін. Ондай өкілдердің қимылы ұйымдардың өздерінің қимылындай есептеледі.

Ұйымдардың субьектілерінің ішіндегі ерекше орынды заңды тұлғалар алады. Заңды тұлғаларға өздерінің мүліктері бар, өз аттарынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қабылдап, міндеттерді атқарып, сотта арбитражда арызданушы және жауап беруші бола алатын ұйымдар жатады. Заңды тұлғалар ең алдымен, мүліктік, азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері болады.

Базар экономикасының жағдайында көптеген ұйымдардың субьектілеріне заңды тұлғалар жатады. Олардың қызметтері жалпы құқықтық принциптермен жүргізіледі, дегенмен олардың арасында белгілі айырмашылықтар бар. Заңды тұлғалар функцияларын орындауына байланысты көпшілік, не болмаса жекелеген болып бөлінеді.

Мемлекеттік ұйымдар және мекемелер (парламент, үкімет, сот, милиция, мемлекеттік мекеме, жергілікті өкімет орындары және басқалар) әдеттегідей, жалпы, көпшілік мақсатын көздейді. Бұл олардың үлкен тұрақтылығын сонымен бірге, жекелеген адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, себебі олар заңды тұлғалардың қатарына кіреді. Көпшілік құқықтық сипаттағы заңды тұлғалардың өмір сүруін тоқтата алмайды, тіпті барлық министрлер кабинетінің мүшелері отставкаға кеткен жағдайда да үкімет сақталған.

Мемлекеттік оқу орындары, оның басшысы зейнеткерлікке кетуіне байланысты жабылмайды. Отставкаға кеткен министрлер кабинетінің орнына жаңа кабинет құрылады, оқу орнын басқа жаңа адам басқаратын болады, сот жаңа адамдармен өз құрамын толтырады-тек осылай ғана, көрсетілген ұйымдарда қызметтерін заңды тұлға ретінде және жалпы құқықтық қатынастардың субьектілері болып жұмыстарын жалғайтын болады.

Құықтық қатынастардың арнайы субьектісі-мемлекеттің өзі болады. Ол мемлекеттік құқықтық және әкімшілік құқықтық қатынастардың басты қатынасушыларының бірі болып табылады. Қылмыспен күресу жолында, мемлекет қылмыстық-құқық қатынастарының субектісі болады. Халықаралық арнада елдің арнайы өкілі ретінде, мемлекет халықаралық құқық қатынастарының негізгі субьектісі болады.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 722. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия