Ықтық қатынастардың объектісі
Құқықтық қатынастардың обьектісі құқықтық қатынастың не нәрсге бағытталып ықпал етуі. Құықтық қатынас неге ықпал ететінін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының обьектісін анықтау қажет. Олардың ықпал жасайты обьектісіне, адамдардың ерікті тәртібі жадатады. Құқықтық қатынас құқық нормаларымен белгіленген, жеке субьектілерге арналған жалпы құқықпен міндеттілікті анықтайды. Сондықтан, құқықтық қаынастың обьектісіне оған қатынасушылардың шын тәртібі жатады. Субьективті құқықтың мазмұндарына және заңды міндеттеріне байланысты құқықтық қатынастардың мүшелері өз тәртіптерін құрайды. Құықтық қатынастың обьектісіне мазмұндары әр түрлі адамдардың тәртіптері де жатады. Мүліктік құқық қатынастарындағы белгілі өмір жағдайын қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тәртібі обьектіге жатады. Мысалы,сатып-сату құқықтық қатынастардағы обьектіге, сатуға және сатып алуға қатынасушылардың тәртібі болып есептеледі. Барлық құқықтық қатынастар мүліктік болмайды, мүлік туралы субьективтік заңды құқықтар және міндеттер барлық уақытта пайда бола бермейді. Мүліктік емес құқықтық қатынастарда обьектіге, шын мәнісіндегі оның қатынасушыларының тәртібі жатады. Құықтық нормалармен белгіленген әр түрлі қимылдарды жасап құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, заңды құқық және міндеттер мүліктік емес қатынастардың қатынасушыларына ықпал етіп құқықтық реттеудің мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек жөніндегі құқықтық қатынастардың обьектісіне мекеме, ұйым әкімшілігінің жұмысқа жұмысшыларды және қызметкерлерді қабылдауы, еңбектерін төлеуі. Қылмыстық процессуалдық қатынастарда обьектіге алдын ала қылмыстық істі сотық тексерудегі процеске қатынасушылардың заңды және адал, үкім шығаруға арналған мақсат қимылдары жатады. Әр түрлі шын мәніндегі қимылдар арқылы мемлекеттік құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастардың мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық қатынастардағы обьект мәселелеріне заң ғылымында бірдей көзқарас жоқ. Обьект туралы көп көп жайылған анықтамаға оның құқықтық қатынасқа қатынасушылардың мүдделерінің аясындағы әр түрлі материалдық немесе материалдық емес жайлардың жиынтығы, деген тұжырымдар жатады. (Г.Ф.Шершенович, Е.Н.Трубецкой, Н.М.Коркунов, С.С.Алексеев). Жоғарыдағы түсініктеме бойынша, обьект заңдылық мазмұндарына байланысты құқықтық қатынастардың сыртьында болады, яғни субьективтік құқықтық және міндеттердің сыртында деген сөз. Бұл бізді қоршап тұрған дүниелік құбылыс, соған бағытталған субьективтік заңды құқықтар мен міндеттер. Қазан ревалюциясына дейінгі орыстың заң ғылымы, құқықтық қатынастардың обьектілерін мүліктік және әрекет деп бөлді. Жеке құқықтық қатынастардың обьектісіне әдеттегідей мүлік, ал көпшілік құқыққа құқықтық қатынастарға мүше болғандардың әрекеті жатады. Материалдық не материалдық емес жағдайлар құқықтық қатынасқа түскендердің басты мақсаты болмауға тиіс. Театрдағы операны тыңдауды құқықтық қатынастардың обьектісіне жатқызу дұрыстыққа жатқызу мүмкін емес сияқты, себебі оны көруге мүмкіндік мүмкіндік берген билетті сатып алу сату келісімі негізінде болғаны анық. Құқықтық қатынастар қимылы билетті сатып алғаннан кейін бітеді, яғни адамдардың белгілі рухани қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай туады. Қажеттілікті қанағаттандырудың өзі құқықтық қатынастардың сыртында болады. Материалдық дүниенің мүліктері, заттары философиямен, әлеуметтанумен, экономикалық ғылымдармен және өндіріс тәжірибесімен зерттеледі. Құқық теориясы болса тек қана құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделеріне сай келетін заттардың заңды қасиеттерін анықтайды. Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
|