КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Иттер мен мысықтардың акушерлік-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ауруларын балау және емдеу әдістері Сабақтың мақсаты. Иттер мен мысықтарды гинекологиялық зерттеу әдістерін, акушерлік-гинекологиялық ауруларды балау және емдеу әдістерін, сонымен қатар иттер мен мысықтардың түрлік ерекшеліктерін ескере отырып алдын алу шараларын меңгеру. Материалдар мен құрал-жабдықтар. Фонендоскоптар, стетоскоптар, ультрадыбыстық зерттеу құралы, ұсақ жануарларға арналған рентген аппараты. Зертханалық зерттеулерге арналған реактивтер мен құралдар. Қарғыбаулар, тұмылдырықтар, арқандар және басқа да бекіту құралдары. Ауру иттер мен мысықтар, полиэтиленді пленка, асептикалық және антисептикалық заттар, новокаин ерітінділері (0,25%), калий перманганаты (1:5000), риванол (1:1000), йод тұнбасы, антибиотиктер және т.б.
Гинекологиялық зерттеу әдістері Гинекологиялық зерттеу анемнез мәліметтерін жинаудан және жануарды клиникалық зерттеуден тұрады. Қажет болған жағдайда қосымша зерттеу әдістері қолданылады. Анамнез 1. Иттің немесе мысықтың тұқымы мен жасын анықтау; 2. Қашаннан бастап ауырғанын және ауру қандай белгілермен байқалғанын; жануарды кім емдегенін және емдеу қалай жүргізілгенін, гормоналды препараттар қолданылды ма, жоқ па; туу санын, соңғы буаздық пен туудың өтуі, ұялас күшіктер санын және тіршілікке қабілеттілігін, туудан соң жыныс циклінің байқалуын, ұрықтану санын, соңғы ұрықтанған күнді анықтайды. 3. Рацион құрамы және азық сапасы. 4.Жануарды ұстау және күтіп-бағу тәртібі; күшіктеуді өткізудің ұйымдастырылуы мен санитарлық-гигиеналық жағдайлары. КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 1. Сырттай қарау 2. Ішін пальпациялау 3. Қынаптық зерттеу
|