Басқару теориясының негізгі ұғымдары
І. Обов'язкової: 1. Мухін В.М. Фізична реабілітація. - К.: Олімпійська література, 2000. 2. Мурза В.П. Фізична реабілітація. - К.: Олан, 2004. 3. Бирюков А.А. Лечебньїй массаж. - К.: Олимпийская литература, 2008. 4. Корж М.О., Горидов Л.Д., Тяжелов О.А., Прозоровський Д.В., Стауде 5. Пилашевич А.А., Гусев П.Е., Анкина В.В. Реабилитация больньїх после 6. Руководство по реабилитации больньїх с двигательньїми нарушениями. / 7. Семенова О.П. Реабилитация посттравматических больных. Ростов/нД, Феникс, 2006.- 240 с. 8. Физическая реабилитация. / Под ред. Попова С.Н. - Р-н-Д.: Феникс, 1999. 9. Юмашев Г.С., Епифанов В.А. Оперативная травматология и II. Додаткова: 1. Васичкин В.И. Методика лечебного массажа. - С.-Петербург: Лань, 2010. 2. Васичкин В.И. Сегментарньш массаж. - С.-Петербург: Лань, 2008. 3. Гавва Лавсан. Очерки методов восточной рефлексотерапии. - 4. Довгань В.И., Темкин В.Б. Механотерапия. - М.: Медицина, 2008. 5. Кукушкина Т.Н. Докиш Ю.М., Чистяков Н.А. Руководство по 6. Лікувальна фізкультура та спортивна медицина. / За ред. Калинчука В.В.
Дәріс сабақтарының қысқаша конспектілері Басқару теориясының негізгі ұғымдары Терминдер жүйесі кез-келген ғылымның әліппесі болып келеді. Сондықтан басқару туралы ғылымды зерттеу үшін негізгі түсініктерді қарастыру керек. Басқару теориясы дегеніміз – басқару заңдылықтарын, басқару принциптерін, басқару жүйелерінің құрылу принциптерін және сонымен қатар басқару жүйелерінің анализ әдістері мен синтезін зерттейтін ғылым. Автоматика дегеніміз – автоматты түрде басқарудың практикасы мен теориясын қамтитын ғылым мен техниканың тармағы. Автоматтандыру дегеніміз – адамнан басқару объектісіне түсетін ақпарат ағымының төмендеуімен сипатталатын өндірісті жетілдіру процесі. Өндіріс деген түсінікте материалды құндылықтардың құрылуын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар рухани құрылуларды – білім және ғылым, ақша құралдарын – банкілік қызмет және сауда, денсаулық – медицина және тағы да сол сияқты, яғни өндіріс өзінің түсінігіне адамның өнімдер өндірісімен және қызмет көрсетулермен байланысты кез-келген іс-әрекетін қосады. Кибернетика дегеніміз – ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру заңдылықтары туралы ғылым. Зерттеудің негізгі объектісі ол – абстрактілі түрде қарастырылатын, яғни олардың материалдық табиғатына тәуелсіз, мысалы, техникада автоматты реттеуіштер, ЭЕМ, адамның миы, биологиялық көбеюлер, адамдық қоғам және тағы да сол сияқты кибернетикалық жүйелер. Кибернетиканың негізгі салушысы болып Норберт Винер саналады, ол ХХ ғасырдың 50-ші жылдары басқару мәселесі туралы идеяны материалды өндірістің бастаушысы, басқару заңдылықтары мен принциптер жалпылығы және жасанды интеллект құру мүмкіндігі сияқты жариялады. Жүйе дегеніміз – кез-келген табиғаттың бір-бірімен өзара байланысқан, белгілі бір мақсатқа бағытталған элементтер жиынтығы. Ішкі орта дегеніміз – жүйеге ықпал ететін немесе оның ықпал астында болатын жүйеден тыс кез-келген табиғаттың элементтері. Жүйелердің функционалдығы дегеніміз – уақыт ішінде жүйе функцияларының көрінуі жүйелердің бір күйден екіншісіне өткенін білдіреді, яғни күйлердің кеңістікте қозғалуы. Басқару дегеніміз – қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін осы немесе басқа процестің ұйымы. Басқарудың объектісінің және мақсатының бар болуы басқарудың қажетті шарттары болып келеді. Басқарудың есебі талап етілетін басқару заңдылығының мақсатқа жетуінде болып келеді. Сонымен қатар басқаруды белгілі-бір мақсатпен басқару объектісіне бағытталған әсер ретінде де қарастыруға болады, оның нәтижесінде соңғысы талап етілетін күйге көшеді. Басқару объектісі дегеніміз – белгілі-бір мақсатпен әсер етуге болатын бізді қоршаған әлемнің бір бөлігі. Техникада басқару объектісі деген түсінікте техникалық құрылғы немесе технологиялық процесс айтылады, олардың кейбір физикалық өлшемдері тұрақтыларға немесе белгілі-бір мақсатпен бағытталған өзгертулерге жатады. Басқару объектісінің күйі дегеніміз – параметрлерді уақыттың әрбір сәтінде сипаттайтын параметрлер жиынтығы. Басқару процесінде адамның қатысуына байланысты соңғысы қолмен, автоматты және автоматтандырылған деп бөлінеді. Қолмен басқарылған кезде басқару заңы тікелей адам арқылы қалыптасады. Басқаруды қолмен жүзеге асыратын жүйелер қолмен басқару жүйелері деп аталады. Автоматты басқару кезінде басқару заңы адам көмегінсіз арқылы қалыптасады. Автоматты басқаруды жүзеге асыратын жүйелер автоматты басқару жүйелері деп аталады. Қолмен және автоматты басқару автоматтандырылған басқаруды ұсынады.автоматтандырылған басқаруда басқару заңынын қалыптасуында техникалық құрылғылардан басқа адамдар да қатысады. Сонымен қатар адамның рөлі ұсынылған басқаруда шешім қабылдау мүмкіндігінде болып келеді. Автоматтандырылған басқаруды жүзеге асыратын жүйелер автоматтандырылған басқару жүйелері деп аталады. Барлық автоматты құрылғылар екі үлкен класқа бөлінеді: 1. Автоматтар – берілген қатаң программалар негізінде адамның қатысуынсыз ұзақ уақыт ішінде бір ретті немесе көп ретті операцияларды орындайтын техникалық құрылғылар. 2. Автоматтық жүйелер – адамның қатысуынсыз ұзақ уақыт ішінде басқарылатын объектінің күйі туралы ақпаратты өңдеу негізінде, осы немесе басқа техникалық құрылғыда немесе технологиялық процесте, талап етілетін бейнеде кейбір физикалық өлшемдерді өзгертетін немесе өзгертілмейтіндей етіп қолдайтын техникалық құрылғылар.
|