Студопедия — Жарықтар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарықтар






 

1. Іштің сыртқы жарықтары дегеніміз:

а) құрсақ қуысынан ішкі ағзалардың құрсақ қабырғасының жасанды тесіктері арқылы ішастарсыз шығуы

б) ішастармен қапталмаған мүшенің жартылай немесе толық табиғи тесіктер арқылы шығуы

в) құрсақ қуысы ағзаларының париеталды ішастармен бірге құрсақ қабырғасының табиғи немесе жасанды тесіктері арқылы тері астына шығуы

г) ішкі ағзалардың париеталды ішастармен бірге жамбас түбінің бұлшықеттік-апоневротикалық қуыстары арқылы тері жамылғысының бүтіндігін бұзбай шығуы

д) құрсақ қуысы ағзаларының диафрагмадағы табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы кеуде қуысына енуі

 

2. Эвентрация – бұл:

а) құрсақ қуысынан ішкі ағзалардың құрсақ қабырғасының жасанды тесіктері арқылы ішастарсыз шығуы

б) ішастармен қапталмаған мүшенің жартылай немесе толық табиғи тесіктер арқылы шығуы

в) құрсақ қуысы ағзаларының париеталды ішастармен бірге құрсақ қабырғасының табиғи немесе жасанды тесіктері арқылы тері астына шығуы

г) ішкі ағзалардың париеталды ішастармен бірге жамбас түбінің бұлшықеттік-апоневротикалық қуыстары арқылы тері жамылғысының бүтіндігін бұзбай шығуы

д) құрсақ қуысы ағзаларының диафрагмадағы табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы кеуде қуысына енуі

 

3. Түсу дегеніміз:

а) құрсақ қуысынан ішкі ағзалардың құрсақ қабырғасының жасанды тесіктері арқылы ішастарсыз шығуы

б) ішастармен қапталмаған мүшенің жартылай немесе толық табиғи тесіктер арқылы сыртқа шығуы

в) құрсақ қуысы ағзаларының париеталды ішастармен бірге құрсақ қабырғасының табиғи немесе жасанды тесіктері арқылы тері астына шығуы

г) ішкі ағзалардың париеталды ішастармен бірге жамбас түбінің бұлшықеттік-апоневротикалық қуыстары арқылы тері жамылғысының бүтіндігін бұзбай шығуы

д) құрсақ қуысы ағзаларының диафрагмадағы табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы кеуде қуысына енуі

 

4. Сырғымалы жарық дегеніміз:

а) жарық қапшығының бір қабырғасын қандай-да бір ағза құрайтын жарықтар

б) операциядан кейінгі тыртық аймағында қалыптасқан жарықтар

в) жарық қапшығында бірнеше ішек иілімі бар жарықтар

г) ішек қабырғасының бір бөлігі қысылған жарықтар

д) енетін туа біткен жарықтар

 

5. Сырғымалы жарықтың критериі болып есептелінетіні:

а) жарық қапшығын қалыптастыруда экстраперитониалды орналасқан мүшенің қатысуы

б) жарық қапшығын қалыптастыруда мезоперитониалды орналасқан мүшенің қатысуы

в) жарық қапшығын қалыптастыруда интраперитониалды орналасқан мүшенің қатысуы

г) жарық қапшығының ішінде жарық суының болуы

д) жарық қапшығының ішінде ешқандай мүше болмауы

 

6. Сырғымалы жарық кезінде жарық қапшығы қабырғасының бір бөлігін құрайтын ағзалар:

а) қуық

б) асқазан

в) ащы ішек

г) жоғары бағытталған тоқ ішектің бір бөлігі

д) төмен бағытталған тоқ ішектің бір бөлігі

 

7. Тік шап жарығының дамуында қандай анатомиялық құрылымның әлсіздігі маңызды рөл атқарады?

а) шап каналының алдыңғы қабырғасының

б) шап каналының артқы қабырғасының

в) шап каналының жоғарғы қабырғасының

г) шап каналының төменгі қабырғасының

д) шап каналының барлық қабырғасының

 

8. Қиғаш шап жарығы кезінде ненің әлсіздігі байқалады?

а) шап каналының алдыңғы қабырғасының

б) шап каналының артқы қабырғасының

в) шап каналының жоғарғы қабырғасының

г) шап каналының төменгі қабырғасының

д) шап каналының барлық қабырғасының

 

9. Жарық дамуының бейімдеуші факторларын атап көрсетіңіз:

а) ауыр физикалық жұмыс

б) тұқымқуалаушылық

в) ауыр босану

г) жынысы

д) жасы

 

10. Жарықтың пайда болуына ықпал ететін бейімдеуші факторларды атаңыз:

а) операциядан кейінгі тыртықтар

б) жиі босану

в) алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің атрофиясы

г) ұзақ уақыт жөтелу

д) зәр шығарудың қиындауы

 

11. Жарық қалыптасуының бейімдеуші факторлары:

а) алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің атрофиясы

б) зәр шығарудың қиындауы

в) іштің қатуы

г) ерлердің шап аймағының әлсіздігі

д) әйелдердің жамбас құрылымының ерекшеліктері

 

12. Жарықтың тудырушы факторларын атап көрсетіңіз:

а) тұқымқуалаушылық

б) ауыр босану

в) жынысы

г) іштің жиі қатуы

д) ұзаққа созылған жөтел

 

13. Жарықтың пайда болуына ықпал ететін тудырушы факторлар:

а) зәр шығарудың қиындауы

б) ауыр физикалық жұмыс

в) алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің атрофиясы

г) қысқа мерзім ішінде азып кету

д) құрсақ қабырғасының жарақаты

 

14. Операциядан кейінгі жарықтардың пайда болуына ықпал ететін факторлар:

а) жараның іріңдеуі

б) операциядан кейінгі кезеңдегі ішектің парезі

в) операциядан кейінгі жараның біріншілік тартылумен жазылуы

г) құрсақ қабырғасы иннервациясының бұзылуы

д) операциядан кейін дамыған бронхопневмония

 

15. Іш жарықтарының элементтері:

а) жарық қапшығының тесігі

б) жарық қапшығы

в) жарық қақпасы

г) жарық қапшығының ішіндегі мүше

д) жарық суы

 

16. Қандай анатомиялық құрылымдар іш жарықтарының элементтеріне жатпайды?

а) жарық қапшығы

б) іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозы

в) жарық қақпасы

г) шап байламы

д) жарық қапшығының ішіндегілері

 

17. Жарық қақпасының түсініктемесі:

а) құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері

б) тері астына шыққан ішкі ағзалар

в) жарық қақпасы арқылы париеталды ішастардың бұлтиып шығуы

г) тері астында жарық суының жиналуы

д) құрсақ қуысындағы қуысты ағзалардың бір қабырғасының бұлтиуы

 

18. Жарық қақпасында мыналарды ажыратады:

а) тесігі

б) мойыны

в) шажырқайы

г) денесі

д) түбі

 

19. Жарық қапшығының ішінде жиі болатын ағза:

а) ащы ішектің иілімдері

б) соқыр ішек

в) қуық

г) сигма тәріздес ішек

д) үлкен шарбы май

 

20. Іштің сыртқы жарықтары кезінде жергілікті статусты зерттеу мыналардан тұрады:

а) визуалды қарау

б) пальпация

в) перкуссия

г) пункция

д) арнайы зерттеу әдістері

 

21. Іштің сыртқы жарықтары кезінде арнайы физикалды зерттеу әдістеріне жататындары:

а) пальпация

б) перкуссия

в) аускультация

г) жарық қақпасын анықтау

д) <жөтелдік түрткі> симптомын анықтау

 

22. Стационарға шап жарығымен науқас келіп түсті. Жарықтық томпаюды пальпация жасау кезінде жұмсақ консистенциялы бөліктік құрылым сезіледі, перкуссия кезінде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады.

Жарық қапшығының ішіндегі ағзаны анықтаңыз?

а) ащы ішектің иілімдері

б) соқыр ішек

в) үлкен шарбы май

г) сигма тәріздес ішек

д) ұйқы безі

 

23. Іштің сыртқы жарығы бар науқастың жарықтық томпаюын пальпация жасау кезінде эластикалық консистенциялы құрылым сезіледі, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс анықталады.

Жарық қапшығының ішіндегі ағзаны анықтаңыз?

а) қуық

б) ішек

в) ұйқы безі

г) үлкен шарбы май

д) бауыр

 

24. <Жарық суы> деп мына жерде орналасқан сұйықтықты атайды:

а) қысылған ішектің ішіндегі

б) құрсақ қуысындағы

в) жарық қапшығындағы

г) жарық қапшығығың айналасындағы тіндерде

д) ұмадағы

 

25. Пайда болуына байланысты жарықтың түрлері:

а) енетін

б) туа біткен

в) енбейтін

г) копростаз белгілері бар жарықтар

д) жүре пайда болған

 

26. Пайда болу себебіне байланысты жарықтың мынадай түрлерін ажыратады:

а) опеарциядан кейінгі

б) жарақаттық

в) қылыштәрізді өсіндінің

г) қысылу белгілері бар жарықтар

д) туа біткен

 

27. Анатомиялық орналасуына байланысты жарықтың төмендегідей түрлерін ажыратады:

а) қылыштәрізді өсіндінің

б) операциядан кейінгі

в) туа біткен

г) аралық

д) іштің бүйір жарықтары

 

28. Клиникалық ағымына қарай жарықтардың мынадай түрлерін ажыратады:

а) енетін

б) енбейтін

в) жарақаттық

г) қабыну белгілері бар жарықтар

д) операциядан кейінгі

 

29. Клиникалық ағымына байланысты жарықтардың мынадай түрлері болады:

а) іштің бүйір жарықтары

б) қысылу белгілері бар жарықтар

в) күшену салдарынан пайда болған жарықтар

г) копростаз белгілері бар жарықтар

д) енбейтін

 

30. Клиникалық ағымы бойынша жарықтардың төмендегідей түрлері болады:

а) жарақаттық

б) енбейтін

в) копростаз белгілері бар жарықтар

г) қысылу белгілері бар жарықтар

д) қабыну белгілері бар жарықтар

 

31. Жарықтардың сирек кездесетін түрлері:

а) қылыштәрізді өсіндінің жарығы

б) сан жарықтары

в) аралық жарықтар

г) кіндік жарықтары

д) шонданай жарықтары

 

32. Қандай жарықтар сирек кездесетін жарықтарға жатады?

а) шапқыш тесік жарықтары

б) шонданай жарықтары

в) кіндік жарықтары

г) іштің ақ сызығының жарықтары

д) бел жарықтары

 

33. Қандай жарықтар анағұрлым жиі кездеседі?

а) кіндік

б) шап

в) сан

г) операциядан кейінгі

д) іштің ақ сызығының

 

34. Ер адамдарда қандай жарық жиі кездеседі?

а) сан жарығы

б) кіндік жарығы

в) шап жарығы

г) операциядан кейінгі

д) жарақаттық жарық

 

35. Шап жарығы кімдерде жиі кездесетінін көрсетіңіз:

а) әйелдерде

б) ерлерде

в) балаларда

г) жүкті әйелдерде

д) операциядан кейінгі науқастарда

 

36. Әйелдерде қандай жарық жиі кездеседі?

а) шап

б) сан

в) іштің ақ сызығының

г) бел

д) операциядан кейінгі

 

37. Сан жарығы кімдерде жиі кездесетінін көрсетіңіз:

а) балаларда

б) жасөспірімдерде

в) ерлерде

г) әйелдерде

д) нәрестелерде

 

38. Балаларда қандай жарық жиі кездеседі?

а) шап

б) сан

в) іштің ақ сызығының

г) кіндік

д) операциядан кейінгі

 

39. Қартайған ер адамдарда қандай жарық анағұрлым жиі кездеседі?

а) тік шап жарығы

б) қиғаш шап жарығы

в) іштің ақ сызығының жарығы

г) кіндік жарығы

д) бел жарығы

 

40. Ұл балаларда және орта жастағы ер адамдарда қандай жарық анағұрлым жиі кездеседі?

а) тік шап жарығы

б) қиғаш шап жарығы

в) іштің ақ сызығының жарығы

г) кіндік жарығы

д) бел жарығы

 

41. Іштің сыртқы жарығына тән симптом:

а) <табыт тыныштығы> симптомы

б) <көйлек> симптомы

в) <Обухов ауруханасы> симптомы

г) <жөтелдік түрткі> симптомы

д) <френикус> симптомы

 

42. Қиғаш шап жарығына тән белгілер:

а) жарық қапшығы ұрық шылбырынан медиалды ораналасады

б) жарық қапшығы ұрық шылбырының сыртында орналасады

в) жарық қапшығының ішіндегілері ұмаға түспейді

г) жарық қапшығының ішіндегілері ұмаға түседі

д) жарықтық томпаю шап байламының астында болады

 

43. Тік шап жарығына тән белгілер:

а) жарық қапшығы ұрық шылбырынан медиалды ораналасады

б) жарық қапшығы ұрық шылбырының сыртында орналасады

в) жарық сыртқы шап ойығы арқылы шығады

г) жарық медиалды шап ойығы арқылы шығады

д) жарықтық томпаю домалақ пішінді болады және шап байламының астында орналасады

 

44. Қиғаш шап жарығына мына белгілер тән:

а) жиі біржақтық болады

б) жиі екіжақтық болады

в) жүре пайда болады және қарт науқстарда кездеседі

г) туа біткен болады және жастар мен орта жастағыларда кездеседі

д) ұмаға жиі түседі

 

45. Тік шап жарығына мына белгілер тән:

а) жиі біржақтық болады

б) жиі екіжақтық болады

в) жүре пайда болады және қарт науқстарда кездеседі

г) туа біткен болады және жастар мен орта жастағыларда кездеседі

д) ұмаға түспейді

 

46. Шап-ұмалық жарықты ен шеменінен (гидроцеледен) ажырату мақсатында мынадай диагностикалық әдістер орындалуы тиіс:

а) трансиллюминация

б) аускультация

в) перкуссия

г) пункция

д) пальпация

 

47. Шап-ұмалық жарықты ен шеменінен (гидроцеледен) ажырату үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады?

а) экскреторлық урография

б) пункциялық биопсия

в) диафаноскопия

г) ирригоскопия

д) колоноскопия

 

48. Іш жарықтарының асқынулары болып есептелінетіндері:

а) қысылу

б) Лериш синдромы

в) енбеу

г) перитонит

д) Гиршпрунг ауруы

 

49. Іш жарықтарының асқынулары:

а) холелитаз

б) копростаз

в) холедохолитиаз

г) механикалық сарғаю

д) қабыну

 

50. Жарықтардың қысылу түрлері:

а) эластикалық қысылу

б) ретроградты қысылу

в) Гартман қысылуы

г) Рихтер қысылуы

д) Обухов қысылуы

 

51. Ретроградты қысылу дегеніміз:

а) қысылған операциядан кейінгі вентралды жарықтар

б) енетін туа біткен жарықтар

в) ішек қабырғасының бір бөлігі қысылған жарықтар

г) жарық қапшығында бірнеше ішек иілімдері болады, ал оларды қосатын қысылған ішек иілімдері құрсақ қуысында орналасатын жарықтар

д) жарық қапшығының бір қабырғасын қандай-да бір ішкі ағза құрайтын жарықтар

 

52. Егер жарық қапшығында өзгермеген бірнеше ішек иілімдері болса, ал оларды қосатын қысылған ішек иілімдері құрсақ қуысында орналасқан жағдайдағы қысылудың түрін атаңыз:

а) эластикалық қысылу

б) Литтре жарығы

в) ретроградты қысылу

г) Рихтер қысылуы

д) нәжістік қысылу

 

53. Рихтер қысылуы – бұл:

а) операциядан кейінгі вентралды жарықтардың қысылудан босауы

б) қысылған туа біткен шап жарықтары

в) жарық қапшығында бірнеше ішек иілімдері болады, ал оларды қосатын қысылған ішек иілімдері құрсақ қуысында орналасатын жарықтар

г) ішектің шажырқай бекіген қабырғасына қарама-қарсы қабырғасының бір бөлігі қысылған жарықтар

д) қысылған жүре пайда болған көпкамералы жарықтар

 

54. Ішектің шажырқай бекіген қабырғасына қарама-қарсы қабырғасының бір бөлігі қысылған кездегі қысылудың түрін атаңыз:

а) эластикалық қысылу

б) Литтре жарығы

в) ретроградты қысылу

г) Рихтер қысылуы

д) нәжістік қысылу

 

55. < Рихтер жарығы> терминінің түсініктемесі:

а) шап жарығы

б) сан жарығы

в) жарық қапшығының қабынуы

г) ішек қабырғасы бір бөлігінің қысылуы

д) енбеу

 

56. Литтре жарығы – бұл:

а) ішектің ретроградты қысылуы

б) ішек қабырғасы бір бөлігінің қысылуы

в) Меккель дивертикулының қысылуы

г) эластикалық қысылу

д) нәжістік қысылу

 

57. Меккель дивертикулының қысылуы қалай деп аталады?

а) эластикалық қысылу

б) Литтре қысылуы

в) ретроградты қысылу

г) Рихтер қысылуы

д) нәжістік қысылу

 

58. Қысылған жарық мынадай клиникалық белгілермен сипатталады:

а) кенеттен басталу

б) жарықтық томпаю аймағындағы қатты ауру сезімі

в) <жөтелдік түрткі> симптомының айқындалуы

г) ішектің жедел түйілу белгілері

д) жарықтық томпаюдың құрсақ қуысына енбеуі

 

59. Қысылған жарық кезінде қандай клиникалық белгілер анықталмайды?

а) кенеттен басталу

б) <жөтелдік түрткі> симптомы

в) ішектің түйілу симптомдары

г) құрсақ қуысына еркін ену

д) құрсақ қуысына енбеу

 

60. Ащы ішек жарық қақпасында қысылған кезде дамитын ішектің жедел түйілуінің түрі:

а) инвагинация

б) ішектің паралитикалық түйілуі

в) ішектің динамикалық түйілуі

г) ішектің странгуляциялық түйілуі

д) ішектің обтурациялық түйілуі

 

61. Қысылған жарық өздігінен құрсақ қуысына еніп кеткен кездегі дәрігердің тактикасы:

а) лапаротомия және ішектің ревизиясы

б) шұғыл операция – жарықты тілу

в) шұғыл лапароскопия

г) науқасты хирургиялық стационарда бақылау

д) науқасты үйіне қайтару және 1 тәуліктен кейін қайта қарау

 

62. Қандай жарық кезінде шұғыл операция жасалынады?

а) сырғымалы жарықта

б) қысылудан босаған жарықта

в) операциядан кейінгі вентралды көпкамералы жарықта

г) қысылған жарықта

д) енбейтін жарықта

 

63. Қысылған жарық кезіндегі ішектің өмірге қабілеттілігін бағалау критерилері:

а) ішектің түсі

б) ішектің перистальтикасы

в) шажырқай артерияларының пульсациясы

г) жарық қапшығында жарық суының болуы

д) ішектің сероза қабатының жылтырлығы

 

64. Қысылған жарық бойынша жасалынатын операцияның ерекшеліктері:

а) жарық қапшығын ашқаннан кейін жарық суы алынады

б) қысып тұрған сақина кесіледі

в) қысылған ағзаға ревизия жасалынады

г) қысылған ағза міндетті түрде резекцияланады

д) жарық қақпасына пластика жасалынбайды

 

65. Іш жарықтары кезінде консервативтік ем көрсеткіштері:

а) 3 жасқа дейінгі балалар

б) жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдер

в) декомпенсацияланған жүрек аурулары бар науқастар

г) операциядан кейінгі жарықтары бар науқастар

д) енбейтін жарықтары бар науқастар

 







Дата добавления: 2015-04-19; просмотров: 1328. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия