Максимальды балл – 20
Клиникалық жағдай: «Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу» (ұзақтығы 15 мин) Жағдай: Сіз-жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызда ер адам. -Анамнез жинаңыз және науқасқа жалпы қарау жүргізіңіз -Лабораторлы-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз -диагноз қойыңыз -Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз Қорытынды нәтиже (outcomes): - Өкпе патологиясымен науқасты сұрастыру және физикальді зерттеу жүргізу - Пневмония және оның асқынуларының клиникалық диагностикасы -Жалпы қан анализі, зәр анализі, қақырық анализі, Грам бойынша боялған қақырық бактериоскопиясы, кеуде ағзаларының рентгенограммасы мәліметтеріне интерпретация жүргізу - Пневмониямен науқасты жүргізу тактикасы, функциональдық жағдайының мониторингі - амбулаторлық ем тағайындау Бағалау парағы (check-list) «Пневмониямен науқастың диагностикасы жене учаскелік жағдайда жүргізу» клиникалық жағдайы бойынша
Стандартталған актерға (науқасқа) арналған сценарии тесті және оның ролі: Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,6°С дейін жоғарылауы, физикалық жүктеме кезінде ентігу, әлсіздік, бас ауруы.
Объективті статусы: Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта Төсектегі қалпы активті. Тері түсі бозғылт, таза. Ісінулер жоқ. ТАЖ 28 рет мин.Температурасы 390С, оң жақ кеуде клеткасы тыныс алу актісінен қалыңқы, өң жақ өкпенің төменгі бөлімінде дауыс дірілі күшейген (сегм. 9-10). Cалыстырмалы перкуссияда – оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде перкуторлық дыбыс қысқарған. Аускультацияда – әлсіреген везикулярлы тыныс фонында майда көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ 100 рет мин. Іші дұрыс формалы, тыныс алу актісіне қатысады, беткей пальпация кезінде ауру сезімсіз. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Курлов бойынша бауыр өлшемі –9х8х7 см, қыры доғал, беті тегіс, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімінсіз. Ұрғылау симптомы екі жақты теріс. Үлкен және кіші дәреті қалыпты. Науқастың лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтижелері:
|