Студопедия — Конфуций діні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Конфуций діні






Біздің жыл санауымызға дейінгі YI ғасырда Қытайда жаңа философиялық – дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун - Цзы немесе Кун – ұстаз (европалық транскрипцияда – Конфуций) болды. Конфуций біздің заманымызға дейінгі 551 жылы туылып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Конфуциийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:

- «Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.

- «Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді.

«Діни өлеңдер кітабы». Жинаққак әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.

- «Салтанатты рәсімдер кітабы».

- «Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

«Да-Сюэ» (Ұлы ілім), «Чжун-юн» (Тепе – теңдік туралы), «Лун – юй»

(Әңгімелер мен ойлар) және кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталатын еңбек – екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып – білуге адамның ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамның жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса,

олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген. Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдырет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам - өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес мақұлық. Яғни конфуцийліктегі құлшылықтың объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы рәсімдер. Философтың өмірі – осы рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті – тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі

қатынасып отырған. Сонымен бірге, әлдекім Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса, бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі аспан – табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеттігі жоқ деп тура қайырып тастайтын.

Кун-Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінамшыл болған. Ол, мәселен, уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс туралмаған тамақты ешқашан татпаған. Конфуцийлік қытайда тәлім көрген адам атанудың толып жатқан ережелері болды. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып – тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастарқан басында өзін өзі ұстай білу сияқтылардың бәрі айрықша маңызды саналды.

Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайыгершілікке, сезімталдыққа тәрбиеледі. Адамның ішкі ниетін тереңге жасыра білуді үйретті. Кун-Цзы осындай жоғары адамшылықты насихатттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болу үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.

Өзгелер үшін тәрбиелі қоғамда орын жоқ. Ол өмірде ешнәрсе өзгермей, сол қалпында сақталуы тиіс деп санады. Бәлкім осыдан да болар, конфуцийлік қытайда ғасырлар бойы өмір ағысы бір арнасында сақталып келеді. Веда, буддизм ілімдері тараған Азия елдерінің көбінен осындай баяндылық пен тұрақтылықты, дәстүрлерге деген беріктікті байқаймыз. Дәстүрлерге беріктік, әлемдегі болып жатқан құбылыстарды ойлы байсалдылықпен қабылдау, табиғатпен мейлінше үйлесім табу – Шығыстың өмір салты болып орныққан нәрселер.

Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады. Олар – даналық жолы, қайырымдылық жолы, адалдық, үлкендерді құрметтеу және қайраттылық жолдары. Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ. Соның ішінде борышқа адалдық (и), ел билеушісіне берілгендік (чжун), баланың ата – ананы сыйлауы (сяо) және үлкенді сыйлау (ли) ерекше талап етіледі.

Ілмек сөздер: Конфуций діні.

 

Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді”, сондықтан да оны тірлішілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет деп ой түйеді. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты.

Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келеді. Сондықтан да адамдардың мінезін жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыпынан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке басып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: “Менің қателігімді дұрыс қөрсеткен адам — менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі – менің досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менің жауым”.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен әкімдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берілді. Конфуций бойынша “ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзі үлге-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді”. Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін ролін атқара бастады.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1077. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.058 сек.) русская версия | украинская версия