оғамға экономикалық ғылым не үшін қажет? Неге техникалық ғылым жеткіліксіз екенін түсіндіріңіз.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси көзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі байланыстар болып табылады, себебі олар экономикалық қатынастардан туындайдан, олармен анықталады, соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.