Лем балансын теңізде мұнай өндіру
Мұнай мен игаздың басты ресурстары сонымен қатар Атлант және Үнді мұхиттарында да орналасқан. 70-і жылдардың басында теңіз және мұхитта мұнай газ өндірумен 21 мемлекет айналысып, геофизикалық және бұрғылау жұмыстарды 46 мемлекет жүзеге асырып, 5 оған дайындалған. 80-і жылдардың басында континенталды шельфті меңгеруге 100 ел қатысып, оның ішінде теңіз мұнай газ кен орындарды игеруді 37-сі жүргізді. Теңіз кен орындарын іздеу және оларды игерумен 90-шы жылдарда 136 компания және 118 мемлекеттің фирмалары айналысты. Осы жылдары Әлем мұхитының континенталды шельфінде мұнай газ өндіру жылына 900 млн. т., (1 тонна мұнайға 1200 м3 газ тең) әлем өндірудің 35% құрады. Қазіргі уақытта шельфте көмірсутектер ресурстарын меңгеру жұмыстарын 120-дан астам мемлекет жүргізуде. Теңіз және мұнай шельфтерінде 2000 мұнай және газ кен орындары ашылған. (сурет 2) Сурет 2. -Әлемде мұнай және газ теңіз кен орындары (Ресейсіз). 1 – Ұңғымалардың аз санымен өндіру. 2 – Кәсіптік өндіру зоналары. 3 - Өндірудің перспективті аймақтары (аудандары) Әлем мұхитындағы шельфте мұнай газбен өте бай болып келетін Перстік (Әлем қорының жартысынан астам), Мексикалық және Гвенейлік шығанақтары, Оңтүстік Шығыс Азия теңіздері, Бофорт және Солтүстік теңіздері, Маракайбо (Венесуэла). Әлемде ең кен орындары ашылған – Саффания (Сауд Арабия) қоры 5 млрд. бағаланады, жылдық шығымы 75,5 млн. т.; Маракайбо лагунасы қоры 7 млрд. т.; норз Даум (Катар) газ қоры – 71 трл. м3. Қазіргі уақытта үлкен қарқындылықпен Кариб теңізі, Мексикалық шығанақ, Сауд Араб және Кувейт жағалаулары Солтүстік және Норвегия теңіздері, Аляска шельфінде, сонымен қатар басқа да теңіз акваторияларында мұнай газ өндіруде. Нег.: 1.[3-7], 2. [6-17] Қос.: 6. [15-17], [18-23] Бақылау сұрақтары: 1. Шельф деген не? 2. Теңіз кен орындарын меңгеру қашан басталды? 3. Қазіргі уақытта көмірсутекті ресурстарды шельфте меңгеру жұмыстарымен қанша мемлекет айналысуда? 4. Құрлықтардың сулы жерлері қандай зоналардан тұрады? 5. Әлем мұхитының континенталды шельфінің қандай учаскелері көмірсутектерге өте бай? Дәріс №2. Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері. Континенталды шельф деп топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің жанындағы аймақ. Күрт өзгеретін жерді континенталды шельфтің шеті деп атады. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м-ден аз тереңдікте болады. Теңіз және мұхит шельфтарының мұнай газ ресурстарының меңгерудің тәжірибесі бойынша, өте үлкен күрделі қаржыға қарамастан теңіз кен орындарына көмірсутек шикізатын өндіру көп пайданы әкеледі. Шельфте табылған мұнай және газды сатудан келетін пайда шығындарды 4 есе өтейді. Акваторияларда іздеу-барлау жұмыстарына жалпы кен орынды меңгеруге келетін шығындардан 10-нан 20% дейін құрайды. Теңіз кен орындарды игеруге қажетті жалпы күрделі қаржы – климаттық жағдайлардан, кен орынның тереңдігінен және қызмет көрсету жаға базасынан алыстығынан, алынатын қордан, ұңғылар дебитінен, жалпы бұрғылау үрдісінде, теңіз жабдықтарын орналастыруда, өндіруде, теңіз жағдайында өнімді жинау, дайындау және тасымалдауда автоматизациялау аумағында ғылыми-техникалық прогрестен тәуелді болады. Теңіз мұнай газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктеріне келесілерді жатқызады: - теңіз гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, арнайы гидротехникалық құрылымдарды (жүзбелі кранмонтажды кемелер, қызмет көрсету кемелер, құбыр құю баржалар және т.б.), геофизикалық, геология ізденіс жұмыстары және мұнай кәсіптік объектілерді құру, бұррғылау, ұңғыларды пайдалану және жөндеу өнімді жинау, тасымалдау үшін құру; - жеке стационарлы платформалар, эстакадалық алаңдар, жасанды құрылатын түбектер, өздігінен көтерілетін және жартылау батпалы жүзбелі қондырғылар және басқа құрылымдар арқылы көлбеу бағытталған ұңғылар тобын бұрғылау; - берілген кен орын немесе кеніш үшін жобалау кезінде рационалды ұңғылар торын таңдау, өйткені теңіз жағдайында үлкен қиындықтармен байланысты олардың тығыздығын өзгертуге, алдын,да құрылған су асты коммуникация желілерін өзгерту қиындық туғызады, ал кей жағдайда мүмкін болмайды. - ұңғылардың тиімді санын орналастыру үшін стационарлы платформалар, эстакадалық алаңдар, жүзбелі пайдалану палубаларын және басқа құрылымдардың рационалды конструкциясын және санын таңдау (қабаттардың орналасуына, ұңғыларды өткізу мерзімдеріне, ұңғылар арасындағы арақашықтықтан, олардың дебиттеріне байланысты); - гидротехникалық құрылымдар мұнай және газ кен орындарын игеру мерзімдеріне ұзақтылығымен, беріктігімен сәйкес болдыру.
|