Студопедия — Махамбет Өтемісұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Махамбет Өтемісұлы






(1803-1846)

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай деген жерде дүниеге келген.

Жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын, шешен ретінде танылған Махамбетті Жәңгір хан төңірегінде ұстағысы келіп, баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етіп Ордаға алады. Бірақ ол жас ақынның өзін мақтаушы емес, даттаушы болатындығына көзі жеткен соң Ордадан қуып жібереді. Ордада жүргенде Жәңгір ханның бұқара халыққа тізесін батырғанын көрген ақынның оған деген тісінің қайраулы екендігін мына өлең жолдарына сыйғыза білген: «Хан ұлымен қас болып, Қара ұлына дос болып, Хан үстіне барғанда Шабайық ханды дегенде, Шапқандай ханды амал бар...».

«Ағатай, беріш – ұраным» деп өзі айтқандай Кіші жүздің ішіндегі Беріш деген рудан шыққан қол бастаған. «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы» өлеңдері оның жан серігі тұлпарына арналса, «Еңселігім екі еліде» өзі туралы «Еңселігім екі елі, Егіз қоян шекелі...Ту түбінен ту алған, Жауды көріп қуанған, Мен Өтемістің баласы, Махамбет атты батырмын» дейді. Тәуелсіздікті аңсаған Махамбет жырлары қазақ поэзиясын өршілдік рухпен дамытты.

«Исатай деген ағам бар» өлеңінде«Ақ кіреуке жағам бар» деп батырды аға тұтқан ақын 1836-1837 жылдары Исатай Тайманов бастаған Бөкей ордасындағы (Қазіргі Батыс Қазақстан облысы) халық көтерлісінің ұйымдастырушыларының, жетекшілерінің (Исатай Таймановпен бірге) бірі болды. Ол сол халық көтерілісінің тек ұраншысы, немесе жыршысы болып қана қалған жоқ, сонымен бірге өзінің отты жырларымен жауынгерлерге рух беріп отырды. 1836-1937 жылдарғы Бөкей ордасындағы халық көтерілісі туралы жырлары шынайылығымен ерекшеленеді. Исатай Тайманов бастаған көтерілістің бел ортасында жүріп, «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінде:

 

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған дас бала

Сақалы шығып жат болмай...

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

– десе, «Орай да борай қар жауса», «Беркініп садақ асынбай», т.б. өлеңдерінде риторикалық сұрақ қоя отырып, елге ой салады. Жауын жеңбей тынбайтынын сезген ақын ер азаматтарды күреске шақырып, олардың ат үстінен түспей жүргенде ғана алдына қойған мақсатына жететіндігін баса айтады.

«Атадан туған аруақты ер» мен «Азамат ердің баласында» атадан жақсы ер туса жауын жеңбей тынбайтынын, атадан жаман ұл туса малдан басқа ештеңе де ойламайтындығын, арғымақтың баласы аз оттап, көп жусайтындығын айта келіп, «Айтып, айтпай немене, Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай» деп көптің терең батыратынын жадында ұстап, ханның күні қарашасымен екендігін еске салса, «Еменнің түбі – сары балда» осы ойын «Хан, төренің кешігіп, Кідірмегі елден-ді» деп жалғайды.

«Толарсақтан саз кешіпте» ауыр жүкке мойымайтын қара нар секілді ауыр істі бастайтын азамат ерді аңсаса,»Еңіреу ұлы емшек бозда» сол қара нардың артынан еретін сарбаздардың өзіне «Дұшпаның қарсы келгенде, Ер дініне берік болсын» деп үлкен талап қоя білді. «Ағасы бардың жағасы бар» деген халық даналығын «Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар» деп қайта жаңғыртты. «Кел, кетелікте» ата-баба зиратына барып зиянат етсек, Алла тағала тілегімізді берер деп үміттенеді. Исатайдың қолға түскеніне қамыққан ақын «Арыстанымның баласы Адағанда ел таппай, Адасқанда жөн таппай, ароманда қалды жас болып» деп күйзелсе, Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» өлеңінде Махамбетті аш арыстан жолбарысқа теңей отырып, «Бақытым ауып басымнан, Әскерім кетіп қасымнан, Жапанда жалғыз қалғасын» деп артында қалған ұлы Жақияны аманат етеді. «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» деген өлеңінде Жақиядан қапыда айрылып қалғанына «Баласы Исатайдың Жақия-ды, Жақия жауды көрсе ақияды. Түлейді түнде жортқан жолбарыстай, Алдырдым қабыланымды қапияда-ай!» деп аһ ұрады. «Жабығу» да Исатайдың атынан жазылған. Онда да ақын қапияда кеткен батырдың орындалмаған арманын күйзеле еске алады: «Халық үшін қанды төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп, Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай, Қор болдым-ау, шырақ-ай!». Отарлық езгідегі қазақ халқының басына бостандық, теңдік алып беру жолында Исатайдың шейіт кетуі ақыннның жанын жаралап кетті. Оны «Мінкен ер» өлеңінде: «Айтып-айтпай неменен? Исатайды өлтіртіп, Серкесінен айрылып, Сергелдей болған біздің ел» деп басшысынан айрылған қайран елдің сергелдең күйін сол қалпында шынайы бейнеледі. Исатай батырға арналған арнаулардың ішінде «Қызғыш құс», «Тарланым», «Есіл ер», «Тайманның ұлы Исатайдың» орны ерекше. «Қызғыш құста»:

 

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос,

 

– деп көл қорыған қызғыш құстың көлінен айрылуы мен өзінің елінен айрылуының сырын лашын құстың тепкіні мен Жәңгір ханның екпінінен екендігін параллел суреттеу арқылы жеткізе білді.

Батырдың ерлігін тілге тиек ете отырып «Ағайынның басы еді, Алтын ердің қасы еді», «Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен?!» деген түйін жасайды. Ақ патшаға қарсы шығып, соғыс майданында шейіт кеткен батырдың ерлігіне тең келер ештеңе де жоқ еді. Сондықтан да ақын ол күнді «Мұнар күнде» былайша жеткізді:

 

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн...

«Жалған дүние» өлеңінде өмірдің өткінші екендігін айта келіп, «Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған?!» деген түйін жасайды.

Исатай мен Махамбеттің соңына ақ патшаның әскері түскен кезде ақын «Көп соңыма түскендей, Көптің несін алыппын? Тыңда, халық, әлеумет, Көп кісіден анықпын» дей отырып, соғыста соңымнан еретін ер бар ма? деген сауал тастайды. Исатайдан айрылған соң Махамбеттің өзі елден жырақ күн кешіп үрген шағындағы жай-күйін «Аспанда ұшқан ақсұңқар», «Қайда бар», «Істеген ісім кетті далаға», «Өлең айтып толғадым», «Алтын жақса жарасар», «Әрайна», «Мұңайма», «Аймақ көл», «Күн қайда», «Алты күндей алаулап», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Жалғыздық», «мен Нарыннан кеткенмін» атты өлеңдерімен жеткізді. Басына ауыр күн түскен шақтағы жағдайын мына өлең жолдарынан көруге болады:

 

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңсесі биік боз орда,

Еңкеймей кірер күн қайда?

Немесе:

Махамбеттей мұңдыға

Енді келер күн қайда?

Ханға құрған шатырды

Сүңгіменен түртіп ашарға?

 

«Айныман» өлеңіндегі «Кетіп едім елімнен, Атаңа нәлет Жәңгірдің Бір ауыз айтқан сөзі үшін» деген жолдар оның елден кетуінің себебін түсіндіреді. «Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын» дей отырып, Жәңгір ханның көтерілісшілерді тізіп ұстап бергеніне «Мұсылманның баласын Атаңа нәлет Жәңгір хан Көзінен тізіп жіберді-ау Орынбор деген қалаға-ай!» деп күйінеді. «Қара ханымен» деген халық даналығын ханнан әділдік кеткен тұстаға қарашаның күнімен қайта тірілтті. «От тілді, орақ ауызды» Махамбеттің Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтанға, Шонты биге айтқан отты жырларынан оның хан алдында да қасқайып бас имейтін қайсарлығын танимыз. «Жәңгірге айтқанында»:

Хан емессің, қасқырсың,

Хас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа басқа ұрсын

 

Хан емессің, ылаңсың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аянсың,

Айыр құйрық шаянсың

 

Немесе «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзіндегі» «Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан қылып шабармын...» деп, сұлтанға деген ыза-кегін ашық айта білген ақынның:

 

Өздеріңдей хандардың

Қарны жуан билердің,

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім...

 

– деген жолдарынан Махамбеттің «Бас кеспес болса да, тіл кеспек жоқ екендігін» пайдалана отырып, қараша халықты сүліктей сорып, ақ патшаға құрдай жорғалаған ел билеушілерге деген ащы запыранын беттеріне тура айта білген батылдығын танимыз. Ақынның «Біз неткен ер», «Біз ер едік», «Нарында» қазақ елінің жайма шуақ күнін «Жатып қалған тайлағы Жардай атан болған жер!» деп арман етеді.

Шернияз шешеннің үйінде қонақта болған Махамбет оның бір ауыз сөзіне жауап ретінде айтқан «Шерниязға айтқан жұмбағы» жұмбақ өлеңі оның астарлап сөйлеудегі шеберлігін де аңғартады.

Махамбет Өтемісұлы хан-сұлтандар мен билеушілердің әділетсіздігіне қарсы Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісінің белді өкілі. Бүкіл жырларына тәуелсіздікті арқау еткен ақын ХІХ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Сондықтан да қазақ поэзиясын отты жырларымен байытқан ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1915. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия