Студопедия — Шөже Қаржаубайұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шөже Қаржаубайұлы






(1808-1895)

Шөже Қаржаубайұлы қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Би, болыстар мен бай, шонжарларды мақтап, өнерімен күнелткен бір топ ақындардың болғанын кезінде Абай сынаған. Жастайынан қос жанарынан (екі көзінен) айрылған Шөже – қобыз тартып, өлең айтып ақындық өнерімен күнелткен ақындардың бірі. Сондықтан да оның бір топ өлеңдері жекелеген бай-шонжарларды мақтап, мадақтауға арналған. Дегенмен, ол біржақты мақтаудан аулақ, парақорлық пен озбырлықты, әлдінің әлсізге тізе батыруына төзе алмай, көптің алдында кімді болса да қатты сынға алып шенеп отырған.

Осындай мадақ өлеңдердің қатарында қырғыздың Бәйтік деген байын мақтаған өлеңін атауға болады.

 

Жауынгер бабаң Салты батыр еді,

Ел шетінде жау бағып жатыр еді.

Ақ сұңқар сол сықылды перзент едің,

Орының құтты болсын батыр енді...

 

– деп келеді де, одан бергі Тілеуберді атасын мақтауға шығады. Тілеубердінің Петерборға барып патша ағзамнан алтын медаль, шар айна, алтын белдік алғандарын жеке-жеке сөз етіп, солардың бәрін атаң адал еңбегіне алды дей келіп, Бәйтіктің патшаның қабылдауында болып, оқалы тон киіп, алтын сапты қылышты тартуға алып қайтқанын мақтан етеді. Бір қарағанда Бәйтікті мақтауға арналған өлең жолдарының астарында екінші ой жатқаны да даусыз емес. Мәселен, оның ақ патшадан осындай сый алғандарына қарап-ақ бұқара халық үшін жасаған жақсылығының шамалы екендігін топшыласақ, «оқымай көкірегің нұрға толған...» деген жолдарынан оның дүние қуған топас, тек ұлықтарға жағынуды ойлаған дүмбілез жан екенін аңғаруға болады. Әсіресе:

 

Бәйсейіт, Бошай ағаңның

Бір көнбедің ырқына.

Жиырма бірге келгенде.

Таласыпсың жұртыңа...

Таласқан жұртты ап кеттің...

Егескен жауды жеп кеттің...

 

– деген жолдары Бәйтіктің бейнесін аша түседі. Ол – билік үшін кім-кіммен де ұстасуға бар жан. Өз ағаларымен ел билігіне таласуы оның артықшылығы емес, кемшілігі болса керек. Міне, осы секілді ойлардан Шөже оны күн көрістің қамы үшін амалсыздан мақтап отырғанын байқауға негіз бар. Ал, енді ол керек жерінде осы асыра мақтаған Бәйтігін жеріне жеткізе жамандай да білген. «Бәйтікті жамандағанына» қарап отырып, ақынның қандай тар кезеңде де сөз тауып шыға білетін тапқырлығына тәнті боласың. Ол ендігі жерде оның шыққан тегін айтып бетіне басады:

 

Кім өлсе соған түсер заман ақыр,

Өлмесе жол шетінде неғып жатыр?

Айраншы шешең күң деп естуші едім,

Түпсіз құл емес пе едің бауыры тақыр.

 

Шөженің ақындықты күнкөрістің қамы үшін пайдаланғанын «Дәукейге» деген туындысынан көруге болады. Дәукейді Арқадан Жетісуға іздеп келіп, оған: «Дулаттың құдай қылған құтпаны едің, Өңкей бек, серкерлердің сұлтаны едің! Жарқырап қарағанды жарық қылған, Ішінде Ұлы жүздің шолпаны едің» деп бар мақтауын төккенде, Дәукей бір тоғыз мінгізеді (сегіз жылқы мен бір түйе). Ақын оны азсынып, назырқанып былай дейді: «Ай, Дәке, осы ма еді бергеніңіз, Ақындық осы ма еді көргеніңіз? Дәукемнің бергенінен ұялғаннан, Бәрінен артық боп тұр өлгеніміз».

Оның «Байлық» атты өлеңі тұнып тұрған тәрбие. Мұнда ақын сұраншақ ақынды балықшыға теңеу арқылы үлкен философиялық түйін жасайды:

 

Балықшы байымайды көлден алған,

Ақын да байымайды елден алған.

Өзіңнің маңдайыңа бітпеген соң,

Қалады желмен кетіп, желден алған.

 

Шөже Қаржаубайұлы айтыскер ақын ретінде дүйім жұртқа жақсы таныс. Оның Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Қалдыбай, Балта, Орынбайлармен айтысының орны ерекше. Қарсылас ақындарының бәрі де оны сөзден тоса алмаған соң, көзінің соқырлығын бетіне басқан. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда ол өзімен тұстас ақындардың бәрімен де айтысқа түскен тәрізді. Арғынның Қаракесегіндегі Шаншар елінде үш жүздің жақсылары мен жайсаңдары жиналған үлкен аста Шөже мен Балта айтысады. Құнанбай, Алшынбай, Жолшора сынды аға сұлтан, би-болыстар отырғанда Құнанбай мен Жолшора Шөжені жақтырмаған сыңай танытады. Сонда ол қолма-қол екеуіне де жауап қайтарады. Құнанбайға: «Кем-кетік жиналыпты таз бен соқыр, Әрқайсысы өз құлқынын көздеп отыр» деп оның көзін бетіне басса, Жолшораға: «Жолшора, өзің қажы, әкесі анай, Параны бұрын беріп, жедің талай. Алдыңда жеті тамұқ, сегіз ұжмақ, Қайсысына кіруің екіталай. Қажылықпен дүниеде жедің пара, Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай?!» деп оның ісінің қажыға сай еместігін ащы тілмен сынайды. Балта ел билеген билер мен малының саны жоқ байларын айтып мақтанса, Шөже оның мақтан тұтып отырған Құнанбай, Алшынбайларын уытты тілмен шенеп сынға алады.

Шөже:

Ұры, шіркін, қорқа ма бір құдайдан,

Кісі өтпес пара жеуге Алшынбайдан.

Ұрлықпен тұқымыңды құртқан мұндар,

Күн көрдің Құнанбай мен Наушабайдан.

 

Балта:

Зиянсыз жолдас болма пайдаменен,

Жау шаншар батыр жігіт найзаменен.

Соқыр-ау, өтірік айтпа, жала жауып,

Жеп едім қашан, қандай пара сенен?

 

Шөже:

Жылың – қой, келдің Балта елу төртке,

Бойыңа қартайғанда өсек ертпе.

Құсбектің төрт атын параға алған

Алшынбайың не айтар ақиретте?!

 

Алдында отырған би, болыстарын мақтан еткен Балта Шөжені сөзден ұстай алмаған соң оның көзін бетіне басып, «тентіреп келдің қырғыз әлдеқайдан?» дейді. Көзін айтып, өзін қырғызсың дегеніне қатты намыстанған Шөже Балтаның да күңнен туғанын, өзінің де тексіз екендігін айтып, сөзден ұтып кетеді. Көзін қайта-қайта айтып қоймаған соң, Шөже сөз тауып: «Жалғыз соқыр халқыңа тиышсыз болса, Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан?!» деп жеңіп кетеді. Шөженің жеңіске жетуінің екінші себебі, ол ұрлық-қарлық, парақорлық сынды жаман әрекеттерді сынға алады да, олардың зиянды жақтарын тілге тиек етеді.

Сонымен бірге Шөже – Кемпірбай, Тезек Төре, Қалдыбай, Орынбай, Жапар, Жәмшібай, Тазбалалармен айтысында шынайы сыршылдығымен, өткір тілімен танылған ақын.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең көркем де толық нұсқасы Шөженің айтуымен таралған. Ол – ақындықпен бірге әншілік пен композиторлықты да тең игерген өнер иесі.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1166. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия