Студопедия — Периодонт қабынуы - 75 тест
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Периодонт қабынуы - 75 тест






76.Сырқат тісте өз бетімен туындайтын толассыз сыздап мазалайтын және тістері

тістескенде, тағам шайнағанда күшейетін ауру сезімі бар. Бұл субъективтік белгілер төменде келтірілген аурулардың қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* +Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

 

77.Сырқат тісте кейде ауырлық, ыңғайсыздық, кернеу сезімдері, қатты тағам шайнағанда аздап ауыру орын алған. Тісте тісжегі қуысы бар, қызылиекте жыланкөз немесе оның жабылуынан пайда болған тыртық анықталады. Аталған клиникалық белгілер периодонт қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* + Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

78. Тісте өз бетімен туындайтын қатты толассыз солқылдаған, тағам шайнағанда, тіске тіс тиіп кеткенде күшейе түсетін ауру сезімі бар. Тіс «ұзарып кеткен» сияқты. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ісіне бастаған. Кейде дене қызуы көтеріліп, жалпылай жағдайы да өзгеруі мүмкін. Келтірілген клиникалық белгілер төмендегі аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* +Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* Периодонттың созылмалы қабынуы

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

79.Сырқат тіс толассыз қатты солқылдап ауырады. Тағам шайнағанда, қарсы тістер тиіп кетсе, ауру сезімі күшейе түседі. Тіс төңірегінде орналасқан жұмсақ тіндерде домбығу орын ала бастаған. Бойын дымкәстік билеген. Кейде тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз пайда болып тұрған. Келтірілген клиникалық белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* +Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

80. Сырқат тісте терең тісжегі қуысы бар, ауырып мазаламайды. Сауыт қуысы ашылған, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгі төменде аталған аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Жоғары тісжегі

* Орта тісжегі

* Қарқынды дамыған терең тісжегі

* +Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

81. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін, периодонттың жедел қабынуынан ажырату үшін қолданылатын қосалқы тексеру әдісі:

* Тістің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау /термотест/

* +Рентгенографиялық әдіс

* Электрқозғыштығын анықтау

* Кіреукені ауыз ішінде /тікелей бояу/

* Трансиллюминациялық әдіс

82 Жоғарғы кіші немесе үлкен азу тістерде периодонтының жедел қабынуының жалқықтану сатысын төменде келтірілген аурулардың қайсысынан ажырата білу керек:

* Орта тісжегі, жоғары тісжегі, терең тісжегі

* +Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы, периодонттың созылмалы қабынуының өршуі, гаймор қуысының іріңді қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы, ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

* Терең тісжегі, ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, орта тісжегі

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы, қарқанды дамыған терең тісжегі, ұлпаның толық жедел қабынуы

83. Периодонттың жедел қабынуын ұлпаның жедел қабынуынан ажырату үшін қолданылатын тиімді қосалқы зерттеу әдісі:

* + Температуралық тітіркендіргіштерге сырқат тістің жауабын анықтау /термотест/

* Қанның жалпы құрамын талдау

* Рентгенографиялық әдіс

* Стоматоскопиялық әдіс

* Колорометриялық тест

84.Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының диагнозын дер кезінде немесе дұрыс қойылмаса, қандай асқыну орын алуы мүмкін:

* +Периосттың жедел қабынуы

* Ұлпаның ретроградтық қабынуы

* Гаймор қуысының қабынуы

* Альвеола сүйек майының қабынуы

* Флегмона

85.Периодонт қабынуының қандай түрінде «ұзарған тіс» симптомы («симптом выросщего зуба») анықталуы мүмкін:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы;

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;

* Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;

* +Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

* Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

86.Периодонт қабынуының қандай түріне «вазопарез» симптомы неғұрлым тән:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы;

* Периодонттың жедел қабынуының өршуі;

* +Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

* Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

87.22 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. Тісіне мышьяк пастасының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломбы астында, перкуссияда-ауырады, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Периодонттің жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* + Периодонттің жедел қабынуы, уыттану сатысы

* Периодонттің созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

88.

Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының сипаттамасына төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жатады?

* +Өздігінен пайда болатын,тұрақты сыздаған ауыру сезімі

* Өздігене пайда ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезімі

* Суықтан ауыру сезімі бәсеңдейді

* Ыстықтан ауыру сезімі бәсеңдейді

* Ауыру сезімінің таралуы

89.

Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысының клиникалық көрінісіне төмендегі аталғандардың ТЕК ҒАНА біреуінен басқасы тән:

* Өздігінен болатын тұрақты солқылдап ауыруы

* +Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімінің жоғарылауы

* «Өсіп кеткен» тіс симптомы

* Қағып тексергеннен ауырады

* Жұмсақ тіндердің коллатералды ісінуінен беттің ассиметриясы

90.

«Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысы» диагнозына төменде аталған рентгенологиялық көріністерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* +Периодонт және сүйек тіндерінің өзгерісінің болмауы

* Түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының біркелкі кеңеюі

* Түбір ұшы аймағында орналасқан шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағында орналасқан шекарасы анық, домалақ пішінді сүйек тінінің сорылу ошағы

* Перидонт саңылауының мойын бөлігінің біркелкі кеңеюі

91.Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық көрінісіне төменде аталған белгілердің ТЕК ҒАНА біреуінен басқасы барлығы тән:

* Өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

* Түбір ұшы периодонт аймағында ренгенологиялық өзгерістерінің болуы

* +ЭОД 90 мкА-ге дейін

* Тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы

* Түбір ұшы проекциясы аймағында кілегейлі қабықтың гиперемиясы

92. Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысын төмендегі аталған аурулардың ТЕК ҒАНА біреуінен басқасының барлығымен салыстырмалы диагностика жүргізеді.

* +Ұлпаның жедел жартылай қабынуымен

* Ұлпаның жедел іріңдей қабынуымен

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуімен

* Жедел іріңді остеомиелитпен

* Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуімен

 

93.Периодонт қабынуын 1 қабылдауда емдеу көрсеткіштеріне төмендегі шарттардың ТЕК ҒАНА біреуінен басқасының барлығы жатады,:

* Бір түбірлі тістер

* +Көп түбірлі тістер

* Қызылиекте «жылан көздің»ашылуы

* Тілік жасауға көрсеткіштердің болуы

* Түбір өзегі жақсы өтеді

94.Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуына төменде аталған рентген суреттің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Периодонт саңылауы маргиналді бөлікте кеңейген

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* +Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы ошағы

« Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы» диагнозына төменде көрсетілген рентген суреттемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Периодонт саңылауы маргиналді бөлігінде кеңейген

* +Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылу ошағы бар

«Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы» диагнозына төменде көрсетілген рентген суреттемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* + Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Маргиналді бөлікте периодонт саңылауы кеңейген

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің ыдырау ошағы

18 жасар қыз жоғары сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын тұрақты ауыру сезіміне шағымданады, тіске жай тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде ұлпаға жақын дентин деңгейінде терең тісжегі қуысы анықталады, тіс қуысымен байланыспаған.

Төменде көрсетілген рентген суреттемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* + Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Маргиналді бөлікте периодонт саңылауы кеңейген

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы ошағы

98.

19 жасар қыз жоғары сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын тұрақты ауыру сезіміне шағымданады, тіске жай тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде ұлпаға жақын дентин деңгейінде терең тісжегі қуысы анықталады, тіс қуысымен байланыспаған.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* периодонттың жедел уыттану сатысы

* + периодонттың жедел жалқықтану сатысы

* Созылмалы периодонтиттің өршуі

99.

29 жасар қыз төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысының болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Рентгеннограммада дистальді түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы

* Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

* + периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

100.

45 жасар әйел төменгі сол жақ тісіндегі ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында жиектері анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы бар, көлемі 3-5мм.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы

* Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Радикулярлы (түбірлік) киста

37 жасар ер адам жоғарғы сол жақ тісіндегі тұрақты сыздаған ауру сезіміне, тістегенде және тиіп кеткен кезде ауыру сезімінің күшеюіне, басының ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің дистальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. 26 тістің түбір ұшы проекциясында өтпелі қатпардың кілегейлі қабығы ісінген және қызарғаны байқалады.

Аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

* Температуралық тітіркендіргіштерге реакцияның болуы

* Электроодонтометрия

* +Рентгенография

* Пальпация

* Перкуссия

Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын емдеу шараларына төменде аталғандардың барлығын жатқызады, ТЕК ҒАНА біреуінен басқасы:

* «Түбір өзегі -предентин»жүйесінің микрофлорасына әсер ету

* Периодонт тініндегі инфекция көзін жою

* Периапекстік тіндерге инфекция түсуін тоқтату

* +Периапекстік тіндердің регенеративті үрдістерін жақсарту

* Тістің анатомиялық пішінін және функциясын қалпына келтіру

43 жастағы әйел төменгі тісіндегі ыңғайсыз сезімге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тісте дисталді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Дисталді түбір ұшының проекциясындағы өтпелі қатпарда жылан көзден тыртық қалған, вазопарез симптомы оң болып келеді.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Электроодонтометрия

* Сүңгілеу

* Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

* +Рентгенография

* Перкуссия

56 жастағы жасөспірім төменгі сол жағындағы тістерінің сыздауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дисталді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, пломба қалдықтары көрінеді, түсі өзгерген. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшындағы кілегей қабық қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентген суретте: түбір өзектің сағасында пломбалық материал байқалады. Дистальді түбір ұшында диаметрі 4мм, пішіні дөңгелек сүйек тінінің сорылуы байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы

* + Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

* Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

18 жастағы жасөспірім төменгі сол жағындағы тістерінің сыздауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дисталді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, пломба қалдықтары көрінеді, түсі өзгерген. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшындағы кілегей қабық қызарған, ісінген. Ауыз ішілік рентген суретте: түбір өзектің сағасында пломбалық материал байқалады. Дистальді түбір ұшында диаметрі 4мм, пішіні дөңгелек сүйек тінінің сорылуы байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* периодонттың созылмалы гранулдене қабынуының өршуі

* + периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуының өршуі

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуына төменде аталған рентген суреттің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Периодонт саңылауы маргиналді бөлікте кеңейген

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* +Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы ошағы

 

«Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы» диагнозына төменде көрсетілген рентген суреттемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

В) Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

С) Периодонт саңылауы маргиналді бөлігінде кеңейген

Д) +Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

Е) Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылу ошағы бар

 

«Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы» диагнозына төменде көрсетілген рентген суреттемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) +Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

В) Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

С) Маргиналді бөлікте периодонт саңылауы кеңейген

Д) Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

Е) Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің ыдырау ошағы

 

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық белгілеріне төмендегі аталған белгілердің барлығы кіреді, ТЕК мынадан басқасы:

* өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру

*.периодонт ұшы маңында рентгенологиялық өзгерістер

* + ұлпаның электрқоздырғышы 100мкА-ға төмендеген

* түбір ұшы проекциясындағы шырышты қабық қызарған

* Тісті қағып тексергенде ауырады

Периодонттың жедел қабынуын барлық сатыларын емдеу шарттарына ТЕК біреуінен басқасының барлығы кіреді:

* ауыру сезімін жою

* периодонт тіндеріндегі инфекция ошағының көзін жою

* периапикальді тіндерге инфекцияның ары қарай түсуін тоқтату

* +периапикальді тіндердің регенеративті үрдісін белсендіру

* тістің анатомиялық формасы мен қызметін қалпына келтіру

19 жас адам тісінің тұрақты сыздап ауыруына, тістеген кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Тісі таңертеңнен бері ауырады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, қағып тексергенде ауру сезімі бар. Тістің түбір ұшындағы кілегейлі қабық өзгермеген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы жалқықтану сатысы

* +периодонттың жедел қабынуы уыттану сатысы

* Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

39 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дистальді шайнау бетінде пломбалық материалдардың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Перкуссияда ауырады, түбір ұшы көкшіл түсті, жыланкөзден қалған тыртық бар. Ауыз ішілік рентген суретте медиалды өзек ұшында шекарасы анық емес диаметрі 6 мм сүйек тінінің сорылу ошағы байқалады.

Осы сипаттамаға болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы.

* периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

*.периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы гангренозды қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Төмендегі берілгендердің тек біреуінен басқасы периодонт қабынуын емдеу кезінде жіберілетін қателіктерге жатады.

* Түбір өзектерін жоғары концентрациялы антисептиктермен өңдеу

* Өзекте эндодонттық аспаптың сынуы

* Өзектің қабырғасын тесіп алу

* Периодонт тіндерін жарақаттау

* + Өзектерді өңдеуге 4 % гипохлорид ерітіндісін қолдану

114.

Сырқат тіс толассыз қатты солқылдап ауырады. Тағам шайнағанда, қарсы тістер тиіп кетсе, ауру сезімі күшейе түседі. Тіс төңірегінде орналасқан жұмсақ тіндерде домбығу орын ала бастаған. Бойын дымкәстік билеген. Кейде тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз пайда болып тұрған. Келтірілген клиникалық белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* +Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

Сырқат тісте терең тісжегі қуысы бар, ауырып мазаламайды. Сауыт қуысы ашылған, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгі төменде аталған аурулардың қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Жоғары тісжегі

* Орта тісжегі

* Қарқынды дамыған терең тісжегі

* +Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Сырқат тістің тұсындағы іркіле қызарған қызылиекке немесе ауыспалы қатпарға доғал аспаптың басын батыра қысым көрсеткенде анық пайда болады және орнына баяу қайта келеді. Бұл симптом қалай аталады:

* +«Вазопарез»;

* Грейн симптомы;

* Никольский симптомы;

* «Ұзарып кеткен тіс»;

* «Шіріген алма».

Перидонттыің жедел қабынуының жалқықты сатысының клиникалық көрінісіне төмендегі аталғандардың барлығы тән,ТЕК ҒАНА біреуінен басқасы:

* Жан-жағына таралатын, өздігінен пайда болатын тұрақты ауру сезімі

* Жұмсақ тіндердің коллатералды ісінуінен болатын беттің асимметриясы

* «Өсіп кеткен» тіс симпттомы

* +ЭОД-60-90мкА

* Түбір ұшы аймағы проекциясындағы кілегейлі қабытың гиперемиясы

«Өсіп кеткен» тіс симптомы қай диагнозға НЕҒҰРЛЫМ тән?

* Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуына

* + Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысы

* Ұлпаның жедел толық қабынуына

* Периодонттың жедел қабынуының улану сатысы

42 жасар әйел төменгі сол жақ тісінде ыңғайсыздық сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің дистальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Рентген суретінде дистальді түбір ұшы аймағында сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылу ошағы анықталды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

* +Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулдене қабынуының өршуі

120.

Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуына төменде аталған рентген суреттің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

* Периодонт саңылауы маргиналді бөлікте кеңейген

* Түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* +Түбір ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің сорылуы ошағы







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2273. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия