Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лпа қабынуы 75 тест





Витамины группы А; имеют β-иононовую структуру

Витамин А1 (ретинол):

Каротиноиды – прешественники витаминов группы А:

β – каротин

 

 

α – каротин

Терпены

Изопрен Гераниол
       
Цитраль Ментан
       
Ментол Лимонен
       
Терпин Тимол
       
Камфора Бромкамфора
       
β-каротин

 

лпа қабынуы 75 тест

1.Тісінде өз бетімен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауру сезімі 10-15 мин дейін созылып барып, біраз уақытқа /2-3сағ дейін/ толастайды. Ауру сезімі түнде жиі мазалайды, ал әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар кезексіз және біраз уақытқа созылатын ауру сезімін туындатады. Келтірілген шағымдар ұлпа қабынуының қай түріне неғұрлым тән:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның толық жедел қабынуы

* +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жарақаттана қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

2.

Тісте өз бетімен пайда болатын, жан-жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ-қа/ қозбалы, ауру сезімі аз уақытқа ғана /10-15 мин-ке/ саябырлайды. Сондықтан науқас сырқат тісін көрсете алмайды. Ауру сезімі түн кезінде қатты күшейеді, әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден ауру сезімін күшейе түседі. Бұл шағымдар қандай ауруға неғұрлым тән:

* Ұлпаның іріңді қабынуы

* + Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* Ұлпаның жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

3.

Тісте өз бетімен толассыз солқылдап, жұлып-жұлып толассыз мазалайтын және жан-жаққа таралатын, суық су әсерінен ауру сезімі аздап басылғандай болады. Бұл субъективтік белгілер қандай ауруға неғұрлым тән:

* +Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* Ұлпаның жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

4. Қатты соғып алу әсерінен тіс сауыты сынған, ашылған сауыт ұлпасы қызыл түсті, құрғақ мақта анжымен кептіргенде қатты ауру сезімі пайда болды. Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі бар. Келтірілген объективтік белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* +Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

5. Ұлпаның негізгі затында көптеген микроорганизмдер орын алған, нейтрофильдік лейкоциттер, органойдтары клеткалар еркін жатыр. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар біраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаішілік дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* +Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 

6.Ұлпа тінінде талшықты құрылымдардың көбейіп, клеткалық құрылымдардың, олардың ішінде дентинобластардың азайғаны орын алған: Қан тамырлары тарылып, ұлпа петрификаттануға ұшыраған, ұсақ микроабцестер төңірегінде грануляциялық жас дәнекер тін өсіп, фиброзды қабықпен қоршала бастаған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

7.. Ұлпа тіні қызара /гипермиялана / домбыққан, лейкоциттердің жиектей орналасуы және ұсақ қан құйылу ошақтары байқалады. Қабыну ошағында лейкоциттер мен домалақ клеткалардың шағын шоғырлары орын алған. Дентиноблатар қабатында жасушааралық және жасушаішілік домбығу митохондриялардың ісінуі байқалады. Бұл өзгерістер сауыт қлпасы аймағында орналасқан. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

8. Ұлпа тінінде микроорганизмдерге бай белгілі бір құрылымсыз аймақтар орын алған, май қышқылдары , кристалдары, қан пигменттері кездеседі. Құрылымы сақталған ұлпа тіні демаркациялық білікпен оқшауланған. Білік аймағында серрозды қабыну белгілері және грануляциялық тіннің өсуі байқалады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

9. . Тіс ұлпасында жасушаларға дамып жетілмеген талшықты құрылымдарға бай жас грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылым байқалады. Біртіндеп оның бетін эпителилі құрылым жауып, белгілі бір пішінге ие болған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

* +Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның жарақаттан қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

10. Ұлпаның жедел жартылай қабынуын қандай аурулардан ажырата білу керек:

* Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* +Жылдам дамыған терең тісжегі

* Үштік нерв невралгиясы

11. Ұлпаның жедел толық қабынуын қандай аурудан ажырата білу керек:

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Үшкіл нерв невралгиясы

* +Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Қарқынды дамыған терең тісжегі

12. Ұлпа қабынуының қандай түрінде түбір ұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде рентгендік зерттеу арқылы анықталуы мүмкін өзгерістер орын алуы мүмкін:

* Ұлпаның толық жедел қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

13.45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде терең тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

* Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

 

14.45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

 

* температуралық тітіркендіргіштер

* +Электроодонтометрия

* трансиллюминация әдісі

* Рентген

* Перкуссия

15.45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

16.33жасар әйел адам ас қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы анықталады, ашылған ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

17.20 жасар жігіт төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі ұлғаяды. Тісі таң ертеңнен бері ауырып тұр. Науқастың дені сау. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс сауытымен байланыспаған, терең тісжегі қуысы көрінеді. Қуыстың табанын шұқып тексергенде ұлпаның бір мүйізше тұсында ауыру сезімі бар. ЭОД -24мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* Витальді экстирпация әдісі

* +Консервативтік әдіс

18.

18 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Денсаулығы жақсы, аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауыру сезімі бар. ЭОМ-35 мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

19.32 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

20.

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Жылдам дамитын терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысын НЕҒҰРЛЫМ таңдау дұрысырақ болады?

* Рентгенография

* Трансиллюминация әдісі

* +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

* Ауру тарихын жинау

* Қағып тексеру

21. 32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде жұмсарған, ашық түсті дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Шұқып тексеру

* Қағып тексеру

* Ауыру тарихын жинау

* Рентгенография

* +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

22.

32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды,тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар. ЭОМ- 45 мкА

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* + Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

23.Ұлпаның жедел іріңдей қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Рентгенография

* Трансиллюминация әдісі

* +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

* Ауру тарихын жинау

* Қағып тексеру

24.

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып (сүңгілеп) тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Диагноз қою үшін аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

* Сипап тексеру әдісі

* Қағып тексеру әдісі

* Рентгенография

* +Электроодонтометрия

* Ауыру тарихын жинау

 

25.

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде көрінген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Периодонттың созылмалы қбынуы

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

26.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған дұрысырақ болады?

* Рентгенография

* Трансиллюминация әдісі

* +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

* Ауру тарихын жинау

* Қағып тексеру

27.

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

28.

16 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексерегенде ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

29.

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ауыру тарихын жинау

* + электроодонтометрия

* Қағып тексеру

* Рентгенография

* Сипап тексеру

30.

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. ЭОД-22мкА.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

35 жасар ер адам төменгі сол жағындағы тісінің ас қабылдағанда ұзақ сыздап ауыратындығана шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы көрінеді. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды. Қағып тексергенде ауырмайды, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Жедел дамыған терең тісжегі

* Периодонттың созылмалы қабынуы

32.

40 жастағы әйел төменгі сол жағындағы тісінің ауыратындығына, температуралық тітіркендіргіштерден және түнгі уақытта ауыру сезімінің ұлғаятындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің медиальді-шайнау бетінде салбыраған қырлары бар, іші ас қалдықтарына толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде сауыт қуысымен байланысқандығы анықталды. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ұлпаның жедел жалпылай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* +Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

* Ұлпаның жедел шіри қабынуы

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

33.

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ауру тарихын жинау

* Сипап тексеру

* Қағып тексеру

* Рентгенография

* +Электроодонтометрия

34.

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде аздап ауырады. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

* + Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

35.

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Қағып тексергенде ауырмайды. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

36.

45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Қызылиек полипі

* Тіс сауытының табанының перфорациясы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* + Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

Ұлпаның созылмалы өсе қабынуын тіс сауытының табанының перифорациясымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған дұрысырақ болады?

* + Рентгенография

* Сипап тексеру

* Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

* Ауру тарихын жинау

* Қағып тексеру

45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар,іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аздап ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

* Девитальді экстирпация әдісі

* Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* Девитальді ампутация әдісі

* +Витальді экстирпация әдісі

* Консервативтік әдіс

Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

* +Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

* Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

* Температуралық тітіркендіргіш әсерінен аз уақыттағы ауыру сезімі

* Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

* Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

* Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

* +Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

* Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

* Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

* Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

41.

Ұлпаның жедел жалпы қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

* Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

* +Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру ыстыктан удейд1

* Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

* Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

* Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

 

42.

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

* Ауырмайтын уақытаралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

* Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

* +Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

* Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

* Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

43.

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы жәй қабынуын салыстыруға болады?

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуымен

* Баяу дамыған терең тісжегімен

* +Жедел дамыған терең тісжегімен

* Периодонттың созылмалы қабынуымен

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуімен

44.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық белгілеріне аталғандардың барлығы жатады, ТЕК мынадан басқасы:

* Сауыттың түсінің өзгеруі

* Тіс қуысы мен тісжегі қуысының байланысы

* Терең сүңгілеп тексергенде ауырады

* Сауыт ұшы проекциясында жыланкөз бар

* Беткей сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі жоқ

45.

Ұлпаның созылмалы шіри қабыну кезінде ұлпаның электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

* 2-6мкА

* 10-15 мкА

* 20-30мкА

* +60-90мкА

* 100-110мкА

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы шіри қабынуын салыстыруға болады?

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысымен

* Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуімен

* Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысымен

* + Периодонттың созылмалы қабынуының өршуімен

* Ұлпаның жедел жалпы қабынуымен

47.. Ұлпаның созылмалы қабынуын патогистологиялық зерттеу кезінде анықталады:а) микроорганизмдермен бірге құрылымсыз заттар түрінде тіндердің ыдырау аймақтары; б) ұлпаның өміршеңдігі сақталған шекарасындағы жас грануляциялық тіндердің түзілумен сипатталатын серозды қабыну ошақтары бар демаркациялық шекара (демаркационный вал). Бұл көрініс қандай ауруға тән:

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

48. Патогистологиялық өзгеріс жас грануляциялық тіндердің өсуімен , қан тамырларға бай, талшықты құрылымдармен сипатталады.Тін біртіндеп жетіліп, эпителиймен жабылады,нәтижесінде саңырауқұлақ пішінді полипке ұқсап тісжегі қуысына өсіп шығады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуыда

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуында

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуында

* Периодонттың созылмалы қабынуында

* +Ұлпаның созылмалы өсе қабынуында

49.. Төмендегі берілген ауруда келесі патогистологиялық өзгерістер анықталады: фиброзды талшықты құрылымның өсуі, клеткалардың санының азаюуы, сонымен қатар одонтобласттардың да азаюы және олардың вакуольденуі, дөңгелек клеткалық инфильтрация ошағы, қантамырлардың склероздануы, олардың өзектерінің тарылуы, ұлпаның петрификациясы. Осы көрініске тән ауруды атаңыз:

* Периодонттың жедел қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

50. Патогистологиялық зерттеу кезінде ұлпаның созылмалы жай қабынуына тән келесі морфологиялық өзгерістер анықталды: қантамырлардың кеңеюі,жалқықтың ошақты жиналуы, тіндердің домбығуы, коллаген талшықтарының ісінуі, лейкоциттердің, лимфоциттердің жиналуы байқалады. Бұл көрініс қандай ауруға тән:

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* + Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

51. Патогистологиялық зерттеу кезінде ұлпанының көп бөлігі майлы дистрофияға ауысып, анаэробты микрофлораның санының артуы, ал ұлпаның өміршеңдігі сақталған бөлігінде жалқықты қабыну ,абсцесс ошақтары мен қан құйылуы,колаген талшықтарының ыдырауы және олардың бөлшектенуі, көп мөлшерде лейкоциттер, лимфоцтиттер анықталды.Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

52.. Ұлпа тінін патогистологиялық зерттеу кзінде дентиклдер немесе петрификаттар, одонтобласттардың вакуолизациясы, ұлпаның торлы дистрофиясы, гиалиноз және созылмалы қабыну ошағы анықталады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* +Ұлпаның конкременттік қабынуы

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 

53.. Ұлпаның конкременттік қабынуының дамуының себебі:

* Химиялық препараттар

* Медикаменттер

* Стрептококктар,спирохеталар

* +Дентиклдер,петрификаттар (конкременттер)

* Саңырауқұлақтар, ұршық тәрізді таяқшалар

54.. 46 жастағы науқас жоғарғы оң жағының , әсіресе түнде болатын ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Бүгін ауырудың ұстамасы басын жылдам қозғалтқанда пайда болды.Бұрын ұзақ ауру сезімі суықтан және ыстықтан,әсіресе температураның ауысуына байланысыт болған. Объективті:үстіңгі оң жақ тістерінің барлығы бүтін,1,6 шы тістің шайнау төмпешіктері дентинге дейін қажалған.Қағып тексергенде жоғарғы сезімталдық анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай аурудың сипаттамасына тән?

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* +Ұлпаның конкременттік қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

55.

. 42 жас тағы науқас өздігінен сыздап ауыратын, температуралық тітіркендіргіштерге күшейе түсетін және жүгіргенде (таңғы жаттығу кезінде) ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Жақын арада тіс дәрігерінің қабылдауында болғанда төменгі сол жағының тістерінде тісжегі анықталмаған.Қарап тексергенде: төменгі сол жағының тістері бүтін, ал 3.7 –ші тісінің төмпешіктері қажалған,қағып тексергенде аздап ауырады.Бұл ауруға нақты диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісі жүргізу керек?

* Электроодонтодиагностика

* Эхоостеометрия

* Реодентография

* +Рентгенография

* Фотоплетизмография

56.. 48 жастағы науқас 2.6 шы тісінің суықтан және ыстықтан ұзаққа созылатын ауру сезіміне, кейде қысқа мерзімді шаншып ауыратын ауру сезіміне және тісіндегі ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі сол жағының барлық тістері сонымен қатар 2.7 тісі де бүтін, бірақ 2.7 ші тісінің шайнау төмпешіктері дентинге дейін қажалған,сүңгілеп тексергенде жалаңаштанған дентинде жоғарғы сезімталдық байқалды. .Бұл ауруға нақты диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісі жүргізіледі?

* Фотоплетизмография

* +Электроодонтодиагностика

* Эхоостеометрия

* Реодентография

* Полярография

57.. Төмендегі берілгеннің тек қана біреуінен басқасы ұлпаны өлтіре жансыздандыру әдісін қолдана отырып толық алып емдеу барысында жіберілетін қателіктерге жатады..

* Тістің сауыт қуысының қабырғасын тесіп алу

* Өзекте эндодонттық аспаптың сынуы

* Өзекті пломбылауға арналған материалды дұрыс таңдап алмау

* Өзекті толық пломбыламау

* + өзекті физиологиялық тесікке дейін пломбылау.

58.Төмендегі берілген емдік топ препараттардың тек біреуінен басқасын ұлпаны консервативті емдеуде қолданылады:

* Жансыздандыру

* Қабынуға қарсы

* Аллергияға қарсы

* Пластикалы ынталандырушы

* +Өлтіре жансыздандыру

59.. Төмендегі берілгеннің тек біреуінен басқасы ұлпаның қабынуын витальді әдіспен емдеу барысында жансызданудың асқынуына жатады.

* Анестетикке аллерг иясының болуы

* Гематома

* Нерв бағанасының жарақаты

* Жансыздандырушы әсері жоқ

* +Сезімталдылықтың барлық түрінің жоғалуы

60.. Түбір өзегіндегі іріңді жалқықты анықтауда төмендегі берілгендердің қайсысы индикатор болып табылады:

* 2% хлорамин ерітіндісі

* 0,06% хлоргексидин ерітіндісі

* +1% йодинол ерітіндісі

* 4% натрий гипохлорит ерітіндісі

* 3% сутегінің асқын тотығы

61.Ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу мүмкіндігі болған жағдайда төмендегі аталғандардың тек біреуінен басқасы аталған әдісті жүргізуге шектеші факторлар болып саналады :

* Науқастың жасы

* Тісжегі қуысының орналасуы

* Соматикалық патологияның болуы

* Пародонт тіндерінде II-III дәрежедегі ауырлықты қабыну үрдісінің болуы

* +Бірінші класстық тісжегі қуысы

 

62.. Ұлпаның қабынуын витальді әдіспен емдеу барысында ұлпаны жергілікті жансыздандыру үшін төмендегі берілген әдістердің тек біреуінен басқасының барлығын қолданады.

* Инфильтрациялық анестезия

* Интралигаментарлық

* +аппликациялық

* Өткізгіштік

* Интрасептальді

63.Ұлпаның қабынуын емдеу алдында премедикация жасау үшін төмендегі берілген дәрілік препараттар тобының тек біреуінен басқасын қолданады.

* Транквилизаторлар

* Наркотикалық емес анальгетиктер

* Седативті препараттар

* +Қан тамырларды кеңейтетін

* Антигистаминді

64. Төмендегі берілгеннің тек біреуінен басқасы өсімдік тектес седативті препараттарға жатады.

* Шүйгіншөп (Валериан) тұнбасы

* Пустырник тұнбасы

* +Бақбақ (одуванчик) тұнбасы

* Пиона тұнбасы

* Мелиса тұнбасы

 

65.Ұлпаның созылмалы шіри қабыну кезінде ұлпаның электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

* 2-6мкА

* 10-15 мкА

* 20-30мкА

* +60-90мкА

* 100-110мкА

66. Ұлпаның электрқозғыштығы 40-ден мкА-ге дейінгі көрсеткіші төменде аталған аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес болады?

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Тісжегі

* Периодонттың созылмалы қабынуы

* Жедел ұлпаның жартылай қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы

67.Мышьяк қойыртпағының девитализациялау әсерінің механизімі:

* Мумификациялаушы әсер көрсетеді

* Ұлпаға антисептикалық әсерін көрсетеді

* Нервтік рецепторлармен ауру сезімнің импульсін жіберуді тежейді

* + Тотықтырғыш ферменттердің қызметін тежейді

* Ұлпа тініне сусыздандыру әсерін көрсетеді

68.Ұлпаның конкрематозды қабынуын диагностикалау үшін төменде аталған әдістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?

* Электроодонтометрия

* +Рентгенография

* Сүңгілеу

* Пальпация

* Температуралық тітіркендіргішке реакция

 

69.Ұлпаның созылмалы жай қабынуының клиникалық көрінісіне төменде аталған ауру сезімдернің мінездемесінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Тітіркендіргіштерден туындайтын қысқа мерзімді ауыру сезімі

* +Тітіркендіргіштерден туындайтын ұзаққа созылатын ауыру сезімі

* Тісті тістеген кезде болатын ауыру сезімі

* Түнде күшейетін ұстамалы ауыру сезімі

* Үшкіл нервтің бұтағы бойынша таралатын ауыру сезімі

70.

Төменде аталған ауру сезімдерінің мінездемесінің қайсысы ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық көрінісінеНЕҒҰРЛЫМ сәйкес болады?

* Тітіркендіргіштерден туындайтын қысқа мерзімді ауру сезім

* +Ыстық тамақ қабылдағанда туындайтын ауру сезім

* Тісті тістеген кезде болатын ауру сезімі

* Үшкіл нервтің бұтағы бойынша таралатын ауру сезім

* Түнде күшейетін ұстамалы ауру сезім

 

71.

32 жастағы әйел 36 тісінің тамақ ішкенде қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, іші өскен тінге толы, шұқып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар және қанайды. Зондпен тіс сауытын айналдыра жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы салыстырмалы диагностика жүргізу үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?

* шұқып тексеру

* +рентгенография

* электроодонтометрия

* ауру анамнезін жинау

* өмір анамнезін жинау

72.

18 жасар қыз төменгі оң жақтағы тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 36 тісінің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауырады. ЭОМ-35мкА.

Қандай емдеу әдісін таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?

* девитальді экстирпация әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутация әдісі

* + витальді экстирпация әдісі

* консервативті әдіс

73.

30 жасар ер адам жоғарғы сол жақ тісіндегі қысқа уақытқа созылатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді-шайнау бетінде іші жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Тісжегі қуысының табаны шұқып тексергенде ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын реакция байқалады.

Аталған тексеру әдістерінің қайсысы қолдану емдеу тактикасын таңдау үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?

* рентгенография

* трансиллюминация әдісі

* +электроодонтометрия

* витальді бояу әдісі

* перкуссия

74.

18 жастағы жігіт жоғарғы оң жағындағы өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тісінің медиальді бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, сауыт қуысымен байланыспаған. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар?

Осы сипаттамаға аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +ұлпаның жедел толық қабынуы

* .ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* .ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

* .жедел дамыған терең тісжегі

75.

42 жастағы әйел төменгі сол жақ жағындағы тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде шеттері салбыранқы тісжегі қуысы бар, іші өскен тіндерге толы, шұқып тексергенде аздап ауырады және қанайды. Зондпен тісті айналдыра тексергенде қызыл иек бүртігі тісжегі қуысына енбеген. Рентгенограммада түбірлердің бифуркация маңында өзгеріс жоқ.

Қандай емдеу әдісін таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* девитальді экстирпация әдісі

* девитальді аралас әдісі

* девитальді ампутация әдісі

* + витальді экстирпация әдісі

* консервативті әдісі

! Ұлпаның созылмалы қабынуын патогистологиялық зерттеу кезінде анықталады:а) микроорганизмдермен бірге құрылымсыз заттар түрінде тіндердің ыдырау аймақтары; б) ұлпаның өміршеңдігі сақталған шекарасындағы жас грануляциялық тіндердің түзілумен сипатталатын серозды қабыну ошақтары бар демаркациялық шекара (демаркационный вал). Бұл көрініс қандай ауруға тән:

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

! Патогистологиялық өзгеріс жас грануляциялық тіндердің өсуімен , қан тамырларға бай, талшықты құрылымдармен сипатталады.Тін біртіндеп жетіліп, эпителиймен жабылады,нәтижесінде саңырауқұлақ пішінді полипке ұқсап тісжегі қуысына өсіп шығады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуыда

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуында

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуында

* Периодонттың созылмалы қабынуында

* +Ұлпаның созылмалы өсе қабынуында

! Төмендегі берілген ауруда келесі патогистологиялық өзгерістер анықталады: фиброзды талшықты құрылымның өсуі, клеткалардың санының азаюуы, сонымен қатар одонтобласттардың да азаюы және олардың вакуольденуі, дөңгелек клеткалық инфильтрация ошағы, қантамырлардың склероздануы, олардың өзектерінің тарылуы, ұлпаның петрификациясы. Осы көрініске тән ауруды атаңыз:

* Периодонттың жедел қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

! Патогистологиялық зерттеу кезінде ұлпаның созылмалы жай қабынуына тән келесі морфологиялық өзгерістер анықталды: қантамырлардың кеңеюі,жалқықтың ошақты жиналуы, тіндердің домбығуы, коллаген талшықтарының ісінуі, лейкоциттердің, лимфоциттердің жиналуы байқалады. Бұл көрініс қандай ауруға тән:

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* Ұлпаның жедел толық қабынуы

* + Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

! Патогистологиялық зерттеу кезінде ұлпанының көп бөлігі майлы дистрофияға ауысып, анаэробты микрофлораның санының артуы, ал ұлпаның өміршеңдігі сақталған бөлігінде жалқықты қабыну ,абсцесс ошақтары мен қан құйылуы,колаген талшықтарының ыдырауы және олардың бөлшектенуі, көп мөлшерде лейкоциттер, лимфоцтиттер анықталды.Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

 

! Ұлпа тінін патогистологиялық зерттеу кзінде дентиклдер немесе петрификаттар, одонтобласттардың вакуолизациясы, ұлпаның торлы дистрофиясы, гиалиноз және созылмалы қабыну ошағы анықталады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?

* Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* +Ұлпаның конкременттік қабынуы

* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2134. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.283 сек.) русская версия | украинская версия