Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОРЫТЫНДЫ





 

Ауыл шаруашылық дақылдарының, оның ішінде бақша дақылдарының өнімділігін арттырудың алғы шарттарының бірі болып егістікті зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден тазарту болып саналады. Қазақстанда 2005 жылдан бастап карантиндік нысан болып есептелетін қауын шыбынымен күресуге деген қажеттілік туындады. Бұл зиянкес өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өте қауіпті және жойылуы қиын зиянкестердің бірі болып табылады.

Қауын шыбыны бунақ денелілер классының (Insecta) қос қанаттылар отрядының (Diptera) ала қанаттылар тұқымдасына (Trepetidae) кіреді. Ғылыми зерттеулердің мәліметі бойынша өсімдік жемістеріне зиян келтіретін шыбындардың 5000 түрі бар. Оның ішінде бақша дақылдарының жемістеріне зиянды 2 түрі бар. 1. Жерорта теңіздік немесе шығыс қауын шыбыны (Bactroctra cucurbitae Cog); Таралған аймағы: Австралия, Жапония, Үндістан, Малайзия, Гавай аралдары; 2. Орта азиялық немесе Белуджистандық қауын шыбыны (Capromya myiopardalis pardalina big); Таралған аймығы: Израил, Ауғанстан, Түркия, Азербайжан, Иран, Ирак, кейінгі 10-12 жылда Түкменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстанда бақша дақылдарында таралған.

Соңғы жылдары климаттың жылынуына байланысты біздің аймақтарда да пайда бола бастады. Бұл зиянкестер Қазақстан Республикасы аумағында және бірқатар шет мемлекеттерде карантиндік нысан болып табылады. Ал Қазақстан аумағында қауын шыбыны 2005 жылы бізден көршілес Қызылорда облысында 70гектар бақша егістігінде кездесті және осы облыста жылдан жылға қауын шыбынының таралу аймағы кеңейіп, 2011 жылы 3170,5 гектарға жеткендігі байқалды. Біздің ОҚО облысының Мақтарал ауданында 2010жылдың жазғы айларында, Түркістан ауданында Жібек жолы ауыл округының Сауран ауылында 13-ші қыркүйек күні “Дустлик бірлескен кәсіпорны” ЖШС-нің 10гектар қауын егісінің 1 гектарынан қауын шыбынының дернәсілдерімен залалданған түйнектер табылды және ҚР АШМ АӨК МИК “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” ММ-нің ОҚО Түркістан аудандық филиалының карантиндік нысандарды анықтаушы мен агроном- энтомолог маманы осы залалданған 1 гектар жерден алған қауын үлгілерін Жамбыл облысы Тараз қаласы Аймақтық өсімдіктер карантин зертханасына жіберу барысында қауын түйнектерінің осы карантиндік зиянкестің дернәсілдерімен залалданғаны анықталды.

2011 жылы осы шаруашылықта қауын шыбынымен залалданған егістік көлемі 10 гектарға жетті және 2011 жылдың 22-ші маусым күні Жібек жолы ауыл округы Сауран елді мекенінің маңындағы “Дустлик бірлескен кәсіпорны” ЖШС-нің 10 гектар қауын алқабынан табылған шыбының 2 данасын Сарыағаш кедендік өткеліндегі ҚР АШМ АӨК МИК “Республикалық карантиндік зертханасы” ММ филиалына жіберіп қауын шыбыны деген сараптама куәлігін алдық.

Ауа райы жағдайына байланысты бір ұрпағының даму кезеңі 30-45 күнге созылады және жылына 2-3 ұрпақ беріп дамиды.

Қауын щыбынының дене ұзындығы 4,5-6мм түсі қызғылт сары түсті, көздері өткір қызыл немесе жасыл түсті, кеуде бөлігінің арқа жағы қара дақтары бар ақ түсті болып келеді. Екі қанатында көлденең қызғылт сары үш қатар жолғы бар. Жұмыртқасының көлемі 1мм. Жұмыртқаларын қауынның жаңадан пайда болған түйнектерінің қабығының астына салады, одан шыққан дернәсілдерінің (личинка, құрттардың) пішіні құрт тәріздес, барлық шыбынның құрттарына ұқсас бас жағы сүйір, ақшыл-сары түсті, үстіңгі жағында көзбен байқалатын екі қатты өсіндісі болады, аяғы жоқ, ұзындығы 8-10 мм шамасында. Қуыршаққа айналар алдында құрттар қауын түйнектерін тесіп шығып 1 тәуліктің ішінде топыраққа 10-15см тереңдікке кіріп жалған піллә ішінде қуыршаққа айналады. Ал қыстаушы қуыршақтар 20см тереңдікте жатады.

Қауын шыбыны бақша дақылдарының барлығын залалдайды, оның ішінде көбінесе қауын, қарбыз және қиярды залалдайды. Негізінен бақша дақылдарына қауын шыбынының дернәсілдері көп залал келтіреді. Осы дернәсілдер бақша дақылдарының етті шырынды қабатымен және ұрығымен қоректенеді. Бақша дақылдарының ішінде қауын шыбынының дернәсілдері 10-15 күн қоректеніп дамиды. Залалданған жемістері шіриді және жеуге жарамсыз болып қалады.

Осы зиянкестермен залалданған бақша дақылдарының түйнектерінде залалдану дәрежесіне байланысты дернәсілдердің щыққан бір немесе бірнеше тесіктері болады. Залалданған тесіктерден шыққан шырынды тамшылар кеуіп, қоңыр түсті төмпешікке айналады, бұл өнімнің сапасын төмендетеді. Залалданудың әсерінен өсімдіктің өсуі тоқталады, Өнім түсімі 20% төмендейді. Кейбір аймақтарда залалдану салдарынан бақша дақылдарының өнімін 50-100% дейін азаяды.

Қауын шыбыны ауаның орташа тәуліктік +200С болғанда, қауын гүлдеп, түйнектей бастағанда ұша бастайды және өмір сүру мерзімі 2 ай. Аналығы ұшып шыққаннан кейін 7-8 күн өткен соң көлемі 3-4см болатын жас түйнектердің қабығының астына 1-2 жұмыртқадан, ал зиянкестің сан деңгейі көп болған жағдайда бір түйнекке 60-70 жұмыртқадан қояды. Бір аналық 120-180 данаға дейін жұмыртқа қояды. Ересек қауын шыбыны залалданған жерден шыққан жеміс шырынымен қоректенеді және таңертеңгі уақытта белсенді қозғалыста болады, кешке қарай шыбын жапырақтың астында қимылсыз отырады. Түйнектерінің ішінде 10-15 күн болады. Жазды күні топырақ қабатының қабатының 10-15см тереңдігінде жалған піллә ішінде қуыршаққа айналады, ал күзге қарай қыстауға кететін дернәсілдер топырақ қабатының 10-20см тереңдігінде қуыршаққа айналады.

Күрес шаралары: Бізде карантиндік нысан болып есептелетіндіктен алдымен карантиндік шараларды ұйымдастыру: осы зиянкестің шыққан жерлеріне карантин қою және зиянкестің шыққан егістігінің маңайында 500-1000 мертге дейінгі жерде бақша дақылдарын ектірмеу. Осы аймақтан шыққан өнімдердің басқа ауыл округтеріне, аудан арасында, облыс арасында, басқа да жерлерге тасымалдауын болдырмау мақсатындағы іс-шараларды іске асыру.

Агротехникалық: тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында түйнектеген бақша дақылдары толық пісіп үлгермейтіндіктен осы түйнектерде зиянкестің дернәсілдері болғандықтан, күзде егістіктегі бақша дақылдарының түйнектің түгелімен жинап, 50-100см топырақ қабатына көміп тастау, қыстаушы қуыршақтарының жемістердің айналасында 5-30см тереңдікте болатындығын ескере отырып күзде қараша айында бақша дақылдары егілген жерлерде 20-30см тереңдікте сүдігер (зябьлевая вспашка) жырту және 20-25 күн өткен соң көп көлемде суғару. Суғару нәтижесінде қуыршақтардың бір бөлігі жер бетіне шығып қалады, оны құстар жейді. Пленка астына ерте пісетін бақша дақылдарын егу.

Химиялық: химиялық препараттар ересек особьтарға қолданылатындықтан, бақша дақылдары гүлдей бастағанда алғашқы дәрілеу жұмыстары 10-12 күн аралықта қайталанып жүргізіліп тұруы тиіс. Маусым ішінде 4 ретке дейін дәрілеу жұмыстары таңертең ерте сағат 5.00-8.00 аралығында жүргізілуі тиіс. Қолданылатын препараттар 300л суға 1л 50% карбофос к.э. мен 0,7л 25% децис к.э. препараттарын араластырып 1гектарға себу, нурелл-Д 505 0,6л/га және т.б. Қазақстан Республикасы территориясында рұқсат етілген химиялық препараттардың бірін пайдалану.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 649. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия