БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
БАО қызметі қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру міндеттерін жүзеге асыруға, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жобалау, жобалау-іздестіру, сараптау және құрылыс-монтаждау ұйымдары саласында және техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша маманданатын ИТҚ аттестаттауын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған. БАО келесі функцияларды жүзеге асырады: · Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарында жұмыс істеуге рұқсат беру үшін құрылыс саласының инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу; · құрылыс саласындағы, соның ішінде техникалық реттеу жүйесі бойынша басшылар мен мамандарды тиімді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жүйесін құру; · ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы білім беру сапасын арттыру проблемалары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу ұжымдарының жұмысына қатысу; · ҚР БҒМ-мен және құрылыстық жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеу: оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін, оқу үдерісін, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорыту; · біліктілік арттырумен байланысты бағдарламаларды, жобаларды, ұсынымдарды және басқа да материалдарды сараптау; · ҚР Өңірлік даму министрлігінің салалық кеңесінің мәжілістерін және құрылыс саласы ИТҚ-нің біліктіліктерін арттыру және білім беру үдерісінің сапасы мәселелері бойынша басқа да кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; · бейіндік жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарының оқытушыларын техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша қайта оқыту; · құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеу; · оқу орталықтарының оқытушыларын «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері», «ҚР құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесі» курстары бойынша даярлау және аттестаттау; · инжинирингтік қызмет. НОРМАТИВТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ; Орталық функциялары: құрылыс саласындағы техникалық нормалауды дамытудың негізгі бағыттары бойынша талдау жасау; · Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау және құрылыстағы нормативтік базаны ары қарай жетілдіру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу; · Қоғам құзыретіне енетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің түйткілді мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау; · еуропалық стандарттарға сәйкес объектілерді жобалау мен салудың еуропалық нормаларын (EN Еурокодтарын) енгізуді сүйемелдеу және техникалық қамтамасыздандыру; · сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың сапалы әзірленуін қамтамасыз ету; · құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР ӨДМ Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитетінің құрылыс саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен ықпалдасуы. Орталық құрылымы: Орталық 2 бөлімнен тұрады: Нормативтерді әзірлеу бөлімі және Талдау және әдіснама бөлімі.
|