Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

сурет 6-сурет. Цель: формирование умений по оформлению перечислений во внебюджетные фонды


Цель: формирование умений по оформлению перечислений во внебюджетные фонды

Задание

По данным практической работы №10 оформите платежные поручения на перечисление взносов в соответствии с образцом сайта www.pfrf.ru


 

Образец платежного поручения

                                           
Поступ. в банк плат.   Списано со сч. плат.                                    
                                                                           
                                                                           
                                                                         
ПЛАТЕЖНОЕ ПОРУЧЕНИЕ №                  
                                    Дата   Вид платежа          
                                                                           
Сумма прописью    
 
 
ИНН   КПП   Сумма    
     
 
Сч.№    
   
Плательщик  
  БИК    
Сч. №    
Банк плательщика  
  БИК    
Сч. №    
Банк получателя  
ИНН   КПП   Сч.№    
     
 
Вид оп.   Срок плат.    
Наз. пл.   Очер. плат.    
Получатель Код   Рез. поле    
               
   
 
 
 
 
Назначение платежа  
                  Подписи   Отметки банка  
                                                                           
М.П.                                          
                                                                           
                                                                           
                                                     
                                                                           

 

Жалпы сипаттама

Трансмиссивті механизммен берілетін жұқпалардың қоздырғыштары вирустар, риккетсиялар, спирохеталар, олар табиғи ошақтық және табиғи антропургиялық аурулар түрінде таралады, көбісі қауіпті және аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына кіреді (мысалы: оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар).

Жабайы, ауылшаруашылық және үй жануарлары қоздырғыштардың жұқпа көзі және сақтаушысы болады, адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты, эпидемиялық процестің белсенділігі мен маусымдылық көтерілуі тасымалдаушы жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен байланысты. Қоздырғыштарды кенелер, бит, бүрге, масалар тасымалдайды.

Трансмиссивті жұқпалардың қатарында біздің елімізде кездеспейтін, басқа жерлерден әкелінетін жұқпалы аурулар да бар, олар: сары қызба, Эбол, Ласса, Марбург қызбалары.

Қан инфекциялары қоздырғышына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Вирусты геморрагиялық қызбалар – Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, сары қызба, Эбол, Ласса, Марбург қызбалары;

2. Вирусты энцефалиттер – кене энцефалиті, жапон энцефалиті;

3. Риккетсиоздар – бөртпе сүзегі, Ку қызбасы, цуцугамуши қызбасы;

4. Боррелиоздар (спирохетоздар) – қайталамалы бит сүзегі, Орта Азия қайталамалы кене сүзегі;

5. Бактериоздар – оба, туляремия

Инфекция көзіне байланысты бөлінеді:

  1. Антропонозды жұқпалар – бөртпе сүзегі, безгек, Эбол қызбасы;
  2. Зоонозды жұқпалар – оба, туляремия, кенелік энцефалит.

Кейбір жұқпалардың қоздырғыштары трансмиссивті механизммен берілмейді, бірақ қанмен берілетін болғандықтан қан жұқпалары тобына жатқызылады.

 

Оба

Оба –әр түрлі берілу механизмдермен берілетін, пневмония белгілерімен сипатталатын, қызбамен, ауыр түрдегі интоксикациямен, сепсис, лимфа жүйесі мен ішкі мүшелердің зақымдалуымен өтетін зооантропонозды, табиғи-ошақтық, аса қауіпті, карантиндік, конвенциялық трансмиссивті жұқпалы ауру.

Оба ертеден белгілі ауру, «чума» атауы арабтың «тумба» - бұршақ деген сөзінен алынған. Өйткені аурудың негізгі белгісі - ісінген лимфа бездері бұршаққа ұқсайды.

Обаның 3 пандемиясы тіркелген:

· І пандемия «Юстиниан обасы» атымен әйгілі болған, Шығыс және Европа елдерінде ҮІ ғасырда таралған, 100 млн. адам қайтыс болған.

· ІІ пандемия «қара өлім» деп аталған, 1348 жылы Азиядан Европа елдеріне таралған, 50 млн адам қайтыс болған, Еуропаның ¼ халқы қырылған. Осы пандемия кезінде алғашқы рет карантиндік (quarantena – 40 күн) шаралар қолданған.

· ІІІ пандемия 1894 жылы Кантоне мен Гонконгтан басталып бүкіл әлемге таралған, 10 жыл ішінде 87 млн. адам қайтыс болған.

Оба ауруының этиологиясы, эпидемиологиясы XIX ғасырдың соңында – XX ғасырдың басында, обаның 3-ші пандемиясы кезінде толық зерттелген.

Қоздырғышын 1894 жылы француз ғалымы А.Иерсен ашқан, кеміргіштерден бүрге арқылы таралатынын дәлелдеген.

1912 жылы орыс ғалымдары Д.К. Заболотный, И.А. Деминский табиғи ошақ түсінігін енгізген, кеміргіштердің ауру таратушы екендігін дәлелдеген.

Этиологиясы. Оба ауруының қоздырғышы – Yersinia pestis – 1,5-07ммк қысқа, жылжымайтын грамтеріс таяқша. Экзо- және эндотоксин бөліп шығарады. Температура 220С градуста 4 ай, 1000С градуста 1 минут сақталады. Тағам, су мен заттардың бетінде – 3 ай, іріңде – 40 күн; қанда, қақырықта –1 ай сақталады. Жоғары температура, дезинфекциялық заттар: 3-5 % лизол ерітіндісі,3 % және 10 % ізбес сүті,1-5 % хлорамин ерітіндісі,5 % карбол қышқылы әсерінен тез өледі.

Инфекция көзі. Оба ауруының негізгі жұқпа көзі – кеміргіштер, өкпелік түрінде – науқас адам, үй жануарларынан – түйе, мысық. Табиғи ошақтарда обаның негізгі таратушылары: сарышұнақ, сұртышқан, құмтышқан, тарбаған және қоянтәрізділер.

Синантропты, антропургиялық ошақтарда: сұр және қара атшалмандар. (1-сурет)

1-сурет. Обаның табиғи ошақта таралуы 1-сурет Антропургиялық ошақта таралуы

Клиникасы. Денеге енген қоздырғыштар лимфа жүйесі арқылы таралып, лимфа түйінінде көбейеді, геморрагиялық қабыну тудырады – бұршақ (бубон) пайда болады. Қоздырғыштар алғашқы бубондардан жаңа лимфа бездеріне таралып - екіншілік (бубон) түйіндері пайда болады. Қорғаныс қабілеті нашар болса қанмен түрлі мүшелерде таралып екіншілік іріңді ошақтар пайда болады - септикоциемия. Өкпеге таралса – екіншілік өкпе ошағынан қоздырғыштар ауа-тамшы жолымен тез таралады. Егер қоздырғыштар тыныс алу жүйесі арқылы түссе – алғашқы өкпелік оба ошағы пайда болып, тез арада септикалық түріне айналады.

Оба ауруының клиникалық түрлері:

1. Бубон (бұршақ)

2. Тері-бубон

3. Өкпелік

4. Септикалық

Инкубациялық кезеңі – бірнеше сағаттан - 6 тәулікке дейін.

Түйін түрінің белгілері: қатты ісінген лимфа бездері бірігіп, өте ауыртпалы болады, ауруды басу үшін науқас аяқтарын бүгіп, қолын көтеріп тұрады. Түйін 8-12 күннен кейін жарылады, жасыл-сары түсті қою ірің шығады. Жоғары температура -39-400С, қалтырау, бас ауру, әлсіздік, галлюцинация. Ауыр түрінде қан құсу, нәжісте, зәрде, қақырықта қан пайда болады. Септикалық түрі бірдеспен басталады, ауыр интоксикация, менингоэнцефалит, жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдалуы 1-3 күнде өлімге соқтырады. 1989 жылы Атырау облысында 15 жастағы қыз септикалық түрдегі обадан 18 сағатта қайтыс болған.

Берілу механизмдері:

1.Трансмиссивті механизм бүргелердің шағуы арқылы.

Қан сорған бүргенің асқазанында қоздырғыштар тез көбееді, жиналып ²оба блогы²-тығыншық пайда болады. Аш бүрге қайта-қайта басқа кеміргіштерді шаққан кезде, қанға толған асқазаннан қоздырғыштарды лоқсу арқылы шаққан жеріне түсіреді, ауру таратады. Бүргенің 1 мл қанында 100 млн жуық оба таяқшалары табылған.

Оба ауруы кеміргіштерде өте ауыр, жедел түрде өтеді. Өлген кеміргіштен басқа кеміргішке ауысып, бүргелер табиғи ошақта ауру таратып отырады. Кеміргіштер арасында оба ауруы эпизоотия түрінде таралып, жаппай қырылып қалады. Бірақ, аман қалған кеміргіштің денесінде сақталған қоздырғыштар иесімен бірге қыстап шығып, келесі жылы көбейіп, қайта жұқпалы болады. Сөйтіп, табиғатта адамның әсерінсіз, оба ауруының ошағы пайда болып, ауру бірде өршіп, бірде бәсеңдеп тұрады.

2. Жанасу механизмі – ауру кеміргіштің, түйенің терісін сылу, етін, жүнін өңдеу кезінде жұғады.

3. Аспирациялы механизм – ауа-тамшы жолымен обаның өкпелік түрі жұғады, эпидемия түрінде таралып кету қауіпі өте жоғары.

Берілу жолы – тағам жолы арқылы, бүргенің шағуы, тұрмыстық-қатынас жолы, жарақат арқылы, ауа-тамшы жолы, ауа-шаң жолы дұрыс термиялық өңделмеген түйе, қояндардың етінен жұғады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет сақталады.

Лабораторлы диагностика. Экспресс-диагностика:бактериоскопия, серологиялық әдістер, ПЦР(полимеразды тізбектік реакциясы), РНГА(гемагглютинацияның тура емес реакциясы), ИФА(иммунды-ферментті реакциясы), РТНГА(гемагглютинацияның тура емес тоқтау реакциясы) жүргізіледі.

Диагнозды зертханалық түрде дәлелдеу үшін түйіннен, ісіктен пункция алынады, қан, құсық, зәр, нәжіс, бөлме ауасы және қоршаған ортадан жұғынды алып бактериологиялық әдіспен зерттеледі. Міндеті түрде серологиялық және биологиялық әдіс жасалады.

Обаның эпидемиологиялық ерекшеліктері. Обаның табиғи ошақтары шөлді, шөлейтті, далалы аймақтарда кездеседі. Табиғи ошақтар Қазақстанда, Орта Азияда, Африка, Америкада кездеседі. Жер шарының 6-7% жері обаның табиғи ошақтары, сондықтан «әр уақытта обаның өршу қауіпі сақталады» - деп тұжырымдайды ДДҰ мамандары. Қазақстанның 40% жері обаның табиғи ошағына жатады, Оңтүстік Қазақстан облысында обаның табиғи ошақтары Қызылқұм, Байырқұм аймағында бар.

Алдын –алу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1.Оба ауруын шет елдерден кіргізбеуге бағытталған шаралар.

2.Табиғи ошақтарда атқарылатын шаралар.

3.Ауру анықталған жағдайда жасалатын шаралар.

Оба ауруын шет елдерден кіргізбеу жұмыстарын шекарадағы, әуе, темір жолдарындағы санитарлық-карантиндік посттар атқарады.

Мақсаты: ауруды және күдіктілерді ерте анықтау, оқшаулау, заттар мен көліктерді дезинфекциялау.

ДСМ 27.09.2010 жылғы бұйрығымен оба бойынша энзоотиялық ошақтарда

санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу 2011-2015 жылдарға жоспарланған.

Обаға қарсы алдын алу шараларын обаға қарсы станциялар және СЭҚБ аса қауіпті жұқпалар бөлімдері ұйымдастырады.

Обаға қарсы станциялар Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Тараз, Шалқар, Арал, Қызылорда, Шымкент және Астанада жұмыс атқарады.Астана қаласында карантинды және зоонозды инфекциялар институтының филиалы жұмыс жасайды. Табиғи ошақтарда мезгілдік отрядтар көктемде және күзде обаға қарсы жұмыстарды жүргізеді.

Обаға қарсы станцияның міндеттері:

- Табиғи ошақтарда эпидемиологиялық, энзоотологиялық бақылау жүргізу, ошақтың шекарасын белгілеу;

- Обаның кеміргіштер арасында таралуын қадағалау, кеміргіштердің санын, түрін

бақылау;

- Ошақта дератизация, дезинсекция жасау;

- Алдын ала егулерді ұйымдастыру;

Алдын алу түрде обаға қарсы вакцина егілуі қажет:

1. Табиғи ошақ тұрғындарына

2. Табиғи ошаққа жаңадан келгендерге (геологтар, кеншілер)

3. Тірі дақылымен жұмыс істейтіндерге.

Обаға қарсы тірі, құрғақ вакцина тері астына, ішіне, үстіне егіледі, қайта егу жыл сайын.

 

Ошақта атқарылатын эпидемияға қарсы шаралар:

Адамдардың обамен науқастануы немесе оған күдікті жағдайлар туралы шұғыл хабарлама арнайы үлгідегі схема бойынша беріледі. Емдеу мекемесі—аудандық СЭҚБ және обаға қарсы күрес мекемесі (1 сағат)—Облыстық СЭҚД жэне Денсаулық сақтау басқармасы (2сағат)—Республикалық СЭС жэне МСЭҚК (3сағат).Эпидемиялық процесстің 3 звеносына бағытталған шаралар:

• Оба ошағында ауру мен күдіктілерді ерте анықтау, арнайы палатаға немесе бокстарға міндетті түрде оқшауландыру.

• Ошақта үйме-үй аралау арқылы аурулар мен күдіктілерді ерте анықтау үшін күніне 3 рет дене қызуын өлшеу.

•Тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылау.Түйе бастарының жағдайын бақылау.

•Вакцинация.

• Обаға қарсы мед.персонал мен ветеринарларды дайындау.

• Обаға күдікті симптомдары анықталған адамдарды провизорлық мақсатта ауруханаға жатқызу.

• Аурумен, аурудың заттарымен, мәйітпен қатынаста болғандарды 12 күн медициналык бақылауға алу. Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру.

• Күнделікті жэне қорытынды дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау.

• Медицина қызметкерлері ошақта жеке бас гигиенасын сақтап, 1 типтегі обаға қарсы киімді киюі қажет.

Обаға қарсы киімнің құрамына кіреді: комбинезон немесе пижама, шұлық, резеңке етік, орамал немесе қалпақ, хирургиялық халат, мақта-маталы бетперде, көзілдірік, резеңкелі қолғап, сүлгі.

Комбинезон және пижаманы қызметкердің бойына, размеріне қарай тығыз матадан тігеді, жеңі мен балағы таңғыштен байланатын болуы қажет. Хирургиялық халат ұзындау, бел байлағышы алдынан байлауға жеткілікті, ал жағасының байлағышы артынан байлауға жеткілікті болуы қажет.

Орамалдың көлемі 90 х 125 см, капюшон адамның бетін, маңдайын қастың үстіне дейіы және иек астын толық жабатын, тығыз матадан жасалған болуы шарт.

Респиратор немесе мақта -матадан жасалған бетперденің үзындығы 125см, ені 50 см, бетперденің ішіне қалындығы 1,5-2 см мақта салынуы қажет.

Көзілдіріктің шеттері денеге жабысып тұратын болуы керек, бір рет қолдану үшін целлофан пакетін пайдалануға да болады.

Инфекциялы аурудың түріне, қауіптілігіне байланысты обаға қарсы киімнің 4түрін қолданады:

Обаға қарсы киімді кию тәртібі:

1. Комбинезон немесе пижама

2. Шұлық

3. Етік

4. Орамал

5. Хирургиялық халат

6. Респиратор немесе бетперде

7. Көзілдірік

8. Резеңкелі қолғап

9. Сүлгі

Обаға қарсы киімді шешу тәртібі:

Обаға қарсы киім керісінше шешіледі. Алдымен биалаймен қолды дезинфекциялық ерітіндіге батырып 1-2 минут жуып залалсыздандыру қажет, кейіннен киімнің әр бір бөлшегін шешкен сайын қолды дезинфекциялық ерітіндіге батырып түру қажет.

1. Сүлгіні алып дезинфекциялық ерітіндіге батыру.

2. Етікті дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонымен жоғарыдан төменге қарай сүрту (әрбір етік бөлек тампонмен сүртіледі), дезинфекциялық ерітіндіге салып қою.

3. Көзілдірікті екі қолмен ұстап алға - жоғары - кейін артқа тартып шешеді.

4. Респиратор немесе бетперденің сыртқы жағын бетке тигізбей шешу қажет.

5. Халаттың алдыңғы байлауышын шешу, кейін биалайды түріп, білектің байлауышын шешу, халатты сыртын ішке қаратып шешу.

6. Орамалдың барлық үштарын желкеге жинап, бір қолмен орап шешу.

7. Қолғаптың бүтіндігін дезинфекциялық ерітіндіге салып тексеру, шешу. Обаға қарсы киімді шешкеннен кейін қолды жылы сумен сабындап жуады, кейін душ қабылдайды.

(2-сурет)

Сурет

Эпидемиологиялық мысал №1

11 қарашада 14 сағат 30 мин бір портқа радиохабарландыру келіп түскен. Хабарландыруда сағат 2100 –де портқа келетін «Nord» кемесінде обаға күдікті науқас анықталғандығы көрсетілген. Бұл кеме 8 қараша күні Азия мемлекеттерінің бірінен шыққан. Індетке қарсы шараларды жоспарлау.

 

Қырым – Конго геморрагиялық қызбасы

Қырым– Конго геморрагиялық қызбасы (көкала) - трансмиссивті механизммен берілетін, аса қауіпті, жоғары контагиозды, табиғи-ошақтық, зоонозды арбовирусты жұқпалы ауру.

Жедел түрде басталады, 2 толқынды қызба, жалпы интоксикация, геморрагия синдромы, петехиалды бөртпе, қанталау, қан кетумен сипаталады.

Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары Қырым геморрагиялық қызбасының эндемиялық аумақтары болып табылады, қоздырғыштың таралуына табиғи ортасы қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарының белсенділігі байқалуда, 1987-1996 жылдар аралығында 250 ауру тіркелген, 1989 және 1995 жылдары Жамбыл облысында аурудың 2 өршуі тіркелген. 1986-2000 жылдары 400 ауру табылған. Мойынқұм табиғи ошағында 182 ауру тіркелген.

2006 жылы ОҚО 5 ауру тіркелсе, 2010 жылы 17 ауру анықталған, 3 өлген. Кенелер 14 ауданда табылған, зерттелген 46 000 кенелердің 200 вирустар табылған. Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары кұмді, шөлді, шөлейтті аймақтарда кездеседі.

Қоздырғышы – РНКлы арбовирустар, көлемі 90 н.м жуық (5 сурет). Температура 20-70 градуста 3 ай сақталады. Температура 37 градуста 1 тәулік, 56 градуста 15 минутта өледі.

 

 


сурет 6-сурет

Қырым геморрагиялық қызбасынтудыратын вирусты 1945 жылы Қырымда вирусолог маман Михаил Чумаков ашты. Ол ауру жұқтырған солдаттар мен ауру тараған аймақта шөп ору-жинау жұмысымен айналысқан адамдардың қанын зерттеу барысында вирусты анықтады. 1956 жылы Африканың Конго елінде ауру баланың қанының құрамынан Қырым қанды қызбасын тудыратын вирусқа өте ұқсас вирус табылды. Инфекция көзі ірі қара мал, қой, ешкі (7 сурет), қоян, кірпі, кеміргіштер. Жануарларда симптомсыз, белгісі жоқ, жеңіл түрде өтеді.

 


 

Сурет

Берілу механизмдері:

1) Негізінен трансмиссивті - иксод кенелерінің шағуы арқылы (Hyalomma

Asiaticum- 6 сурет) таралады.

Иксод кенелері вирустарды табиғатта сақтаушы және таратушы болып табылады (8 сурет). Қойларда кенелердің 150, түйелерде 500 дейін экземпляры кездеседі.

Ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады.

Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы - вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы - биологиялық организм - кенелер, бүргелер және жабайы немесе үй жануарлары.

Сурет

2) Жанасу механизммен малдарды кенеге қарсы тексеру, кенелерден тазалау, науқасты тексеру немесе емдеу барысында қорғалмаған жанасу арқылы жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады.

Медицина қызметкерлері «апаттық жағдайда» (қолғаптың тесілуі), науқастың қаны медициналық манипуляция кезінде теріге немесе көз, ауызға тиген жағдайда жұқтыруы мүмкін.

Қазақстанда ауырғандардың 73,3% трансмиссивті, 23% - жанасу механизммен, 4% - медициналық көмек көрсету және күтім жасау кезінде қан арқылы жұқтырған. Қырым геморрагиялық қызбасы көктем-жаз айларында (сәуір-тамыз) жиі тіркеледі. Ауыл тұрғындары жиі ауырады, әсіресе 20-50 жастағылар. Жасырын кезеңі – 1-12 күн, орташа 1-7 күн.

Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері:

а) бастапқы кезең (1-3 күн) – жедел басталады, бастың қатты ауруы, әлсіздік, бұлшық ет, сүйек-буындардың ауруы. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, бет, мойын, кеуде аймақтары қызарады. Өлім жітім – 30%.

 

 

 


 

 

Сурет

б) геморрагиялық кезең (4-7 күн) – интоксикация белгілерінің күшейеді,

геморрагиялық бөртпелер, қанталау, мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қан кету. Дене қызуы 2 толқынды сызық түрінде- 3-5 күні төмендейді, 1-2 күннен кейін қайта көтеріледі. Қанның құрамында анемия, тромбоцитопения.

в) жазылу кезеңі – 1-2 айға созылады (9 сурет).

Адамдардың геморрагиялық қызбалармен ауруға бейімділігі өте жоғары. Жергілікті тұрғындарға жеңіл және субклиникалық геморрагиялық қызба түрі тән. Ал, аурудың ауыр түрі жұқпа ошағында бірінші рет болған адамдарда жүреді. Қырым қанды безгегін жұқтырған науқастар аса қауіпті. Кене сілекейі арқылы адам­ға жұққан вирустар қанда өте жылдам көбейеді. Бірінші кезеңде адамның ыстығы 39-40 градустан асып, басы ауырып, денесі түршігіп, кейде қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршықтары қызарады. Адамның дәрмені құрып, бұлшық еттері ауырып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін кеселдің геморрагиялық кезеңі басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызыл дақтанып кетеді. Лейкоциттер мен тромбоциттердің саны күрт азаюына байланысты адам ағзасының ауруға тө­зімділігі жойылуы және қан тамырларының жарақаттануынан қанталау мен қан ағу белгілері байқалады. Адамның мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлерінен қан ағады. Іші өтіп, бауыры ауырады, сары аурудың белгілерін береді. Осы аққан қандағы көкала қоздырғыштар аса қауіпті. Ауырғандардың өлімі 50-70 пайызға дейін жетеді.

Диагностикасы: Эпидемиологиялық анамнез, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулерге негізделеді. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында кененің шағуы, отбасы мүшелерінің науқаспен жанасуы, қанмен жанасу мүмкіндігін ескеру қажет.

1. Вирусологиялық әдіс - науқастың қаны және ошақтан жиналған кенелер вирустарға қарсы тексеріледі (тек арнайы тәртіптегі вирусологиялық зертханаларда жасалады).

2. Серологиялық әдіс: КБР, ИФР, ПГАР, ИФА.

Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық таралу мезгілде (көктем-жаз айлары) қауіпті аумақтарда клиникасы ұқсас науқастарды ауру секілді бақылау керек.

Емі. Этиотропты ем ретінде рибавирин, виразол, рибометил тағайындалады.

Науқасты ерте анықтау, ауруханаға жатқызу, төсек тәртібін тағайындау, белсенді патогенетикалық ем жүргізу емдеудің тиімділігін арттырады.

Алдын алу шаралары «Қырым геморрагиялық қызбасымен күресу шараларын нығайту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының маусымдық өсімін және вирустың табиғи қорын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотологиялық тексеру жүргізілуі тиіс.

Алдын алу шаралар тиімді болуы үшін медициналық, ветеринарлық, шаруашылық мекемелерінің және тұрғылықты халықтың белсенді қатысуымен комплексті түрде жасалуы қажет. Ветериналық мекемелер жануарлар мен мал қораларын кенелерге қарсы өңдеу, дезинсекция жұмыстарын жүргізеді. СЭҚБ мамандары халықтан сұрау (кім, қашан, қалай кенеге қарсы өңдеу жасады) және жанаурларды кенеге қарсы тексеру арқылы мал дәрігерлерінің жұмысын қадағалайды.


 

 

Сурет

Ошақтағы шаралар. Науқастарды ерте және толық анықтау үшін амбулаторлық қабылдау, дәрігерді үйіне шақыртумен қатар үйме-үй аралап тексеру, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Медицина қызметкерлерімен кеңес өткізу, Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша мәлімет беру (қызба, бөртпе, қан кетумен келген науқастарға аса көңіл аудару), ауруханаларды қорғаныс киім (халат, қалпақ, резеңкелі қолғап, бетперде, қорғаныс көзілдірік) дезинфекциялық препараттар, қосымша изолятор, қан және қан препараттарымен қамтамасыз ету қажет.

Емханада науқас адам анықталса медицина қызметкері қабылдауды тоқтатады, СЭҚБ-ға шұғыл хабарлама береді (№58/у үлгі бойынша), қорғаныс киім киіп (екінші халат, бетперде, резеңкелі қолғап, көзілдірік) науқасқа қажетті көмек көрсетеді, науқаспен қатынаста болған адамдардың тізімін жасайды, дезинфекция жүргізеді. Науқасты қоғамдық көлікпен тасымалдауға тыйым салынады. Науқасты ауруханаға жеткізген көлікті міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың табиғи ошақпен байланысы, кенелердің шағу жағдайы, жұқтыру қауіпі төнген адамдар анықталады. Қатынаста болғандар 12 күн медициналық бақылауға алынады. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалады: тұрғын бөлме 3% хлорамин, төсек жабдықтары 1% хлорамин немесе қайнату арқылы, көрпе матрастар камералық әдіспен залалсызданады. Ошақта кенелерге қарсы дезинсекция көктемде және күзде, жылына 2 рет жасалады. Мал қоралары, малдар 1-2% хлорофос, 1% севин, бутокс, ивомек, стомазинмен залалсызданады. Табиғи ошақтарға үй жануарларын уақытша жолатпау керек.

 

Сурет

Ауруханадағы тәртіп. Науқас адам міндетті түрде жеке палатаға немесе арнайы бокстарға оқшауландырылады, ауруханада жұқпа таралмауы үшін бөлек пост бекітіледі, науқаспен тек шектелген қызметкерлер жұмыс жасайды. Пост бөлек медициналық құралдар күтім жасауға арналған заттармен қамтамасыз етіледі. Изоляторға кірерде медицина қызметкерлері арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс. Еденді 0,5-1% хлорамин ерітіндісімен сүрту, қанмен ластанған жерлерге 3% хлорамин ерітіндісі құйылады. Ыдыстар 0,5-1% хлорамин ерітіндісіне 30 минутқа салып қою немесе 2% сода ерітіндісінде қайнату арқылы залалсызданады.

Мамандар даярлау және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Медицина қызметкерлерін даярлаудың мақсаты – Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілерін меңгеру, көмек көрсету және жеке бас гигиенасын сақтау, науқас келіп түскенде ауруханада тәртіп және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру, қырғалық таныту.

Түрлі санитарлық ағарту әдістері қолданылады: дәріс, әңгіме, қабырғалықтар, плакат, семинар, нұсқаулық, кеңес беру, санитарлық бюллетень шығару.

Әсіресе санитарлық белсенді топтарға ерекше назар аудару қажет, олардың міндеті - кенеге қарсы шараларды жүргізу, Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті науқас анықталса, СЭҚБ хабарлама беру, алғашқы көмек көрсету, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Кене энцефалиті

Вирусты (маусымдық) энцефалиттер – трансмиссивті механизммен берілетін, полиморфты клиникалық белгілерімен, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен, салдану, парездермен сипатталатын зоонозды, табиғи ошақтық, вирусты жұқпалы ауру.

Кене, маса, шіркейлер арқылы таралатын болғандықтан, бір белгілі аймақтың табиғатында қансорғыштар көп таралған жерлерде кездеседі, эндемиялық, табиғи ошақтық аурулар болып табылады.

Маусымдық энцефалиттердің жалпы, ортақ белгілері:

а) Қозды




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Порядок исчисления и уплаты страховых взносов | Профиль рынка. Клиникалық белгілері: жоғары температура, бас ауру, сандырақтау, түрлі салданулар

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2107. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия