Модаль сөздер айтушының ойға деген әр түрлі көзқарасын білдіреді. Модаль сөздерді морфология тұрғысынан жеке сөз деп қарауға негіз болатын тірек, біріншіден, семантикалық белгісі – сөздердің грамматикалану сипаты болса,екіншіден, түрлену жүйесінің болмауы,үшіншіден, синтаксистік сипаты,яғни айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы болып табылады.Қазіргі қазақ тілінде мұндай модаль сөздер тобына негізінен мына лексемаларды жатқызуға болады: сияқты,сықылды, сиқатты,әлбетте,сыңайлы,сынды,тәрізді, мүмкін,ықтимал,аңғары, асылында,расныда,рас, меңзес, көрінеді,білем,дейді.Бұлар семантикалық сипаты жағынан болжалдық, міндеттілік, қостау, сенім білдіру, тілек, қалау, күдік, күмән секілді т.б. мәндерді білдіреді.
2.Жіктік жалғау және жақ категориясы. Жіктік жалғаудың қызметі ойды білдіретін негізгі қимыл,іс-әрекетті оны іске асырушымен байланыстырып, сол арқылы мағыналық жағынан қимылдың кім арқылы,қай жақ арқылы жүзеге асуын білдіреді.Сондықтанда жіктік жалғау кейде баяндауыштық, предикаттық жалғау деп те аталады.Жіктік жалғау есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер түбір тұлғада жіктеледі және 1- 2 жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі.ЕКіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді.