Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені кейінірек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлем қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді. Етістік грамматикалық сипаты жағынан сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз табы. Басқа сөз таптарындағыдай морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр- тұлғаларға бөліну етістікке де тән.Бірақ етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы нәтижесінде қалыптасып, туады, жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды.Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып танылатын етістікке тән белгілі мағына білдері алатын,бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі граммматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады. Етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір ала-құлалығы немесе тіпті кейде оның мәніне түсінбеушілік етістік категорияларының ерекшеліктерін анықтап, оларды жіктеуден де байқалып жүр.