Емхана мен аурухананың әр түрлі бөлімдерінде емдеу-қорғау тәртібін жүргізу ерекшеліктері.
Тақырыбы: Емхана мен аурухананың әр түрлі бөлімдерінде емдеу-қорғау тәртібін жүргізу ерекшеліктері. Орындаған: Хамидолла А.К. Тексерген: Ахметов А. А. Факультет: ЖМ Курс: 1 Тобы: 019-1 Емхана мен аурухананың әр түрлі бөлімдерінде емдеу-қорғау тәртібін жүргізу ерекшеліктері.
Емдеу мекемелерінің негізгі екі түрге бөлінеді. Олар: Амбулаториялық; Ауруханалық; Мекемелердің амбулаториялық түріне амбулаториялар мен емханалар,сауықтыру орындары, диспансерлер, әйелдер консультациялары жатады. Бұл мекемелер медициналық жәрдем көрсетуден басқа, халықтың денсаулығын қорғау және аурудың алдын алу сияқты көптеген профилактикалық жұмыс атқарады. АМБУЛАТОРИЯ – аруханадан тыс медициналық жәрдем көрсету және дәрігерлер негизги мамандықтар бойынша қабылдайды. Ауылды жерлерде амбулаторияға фельдшерлік пункттер жақын болады, амбулатория дәрігерлері жоспарлы түрде шығып, олардың жұмысын тексеріп, ауруларды қабылдайды. Амбулаториялар аудандық емханаларға немесе медициналық-санитарлық бөлімдерге қарайды. Амбулаториялық жағдайда медициналық жәрдем учаскелік принцеп бойынша жүргізіледі, ол шұғыл түрде сырқат адамды айқындап білу, оларды тұрақты бақылап тұруды және дер кезінде білікті жәрдем көрсетуді қамтамассыз етеді, сондай-ақ ауруларды зерттеуге және эпидермияға қарсы шаралардың тиімділігі мен учаскедегі санитарлық мәдениетті көтеруге мүмкіндік береді. Амбулаториялық мейіркеш міндетіне – кабинетті және сырқатты қабылдауға дайындау, дәрігерге қабылдау кезінде көмектесу, амбулаториялық қағаздың паспорттық бөлімін толтыру, рецепт жазу, күрделі емес медициналық манипуляцияларды орындау. Емхана –біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме. Емханада барлық диагностикалық кабинеттер бар, олар қазіргі құрал жабдықтармен және ең жаңа аппаратуралармен жарақтанған, мұнвң өзі сырқатты білімді медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Емханада дәрігерді барлық мамандық бойынша қабылдайды, лабораториялық, рентгендік және басқа түрлі тексерулер жасайды. Емханаға келе алмайтын науқастар дәрігерді үйге шақырып, одан білікті көмек пен консультация алады. Әрбір емханада процедуралық кабинеттер бар, онда иньекция жасайды, аранайы құжаттар толтырылады. Созылмалы ауруы бар адамдар диспансерлік есепте тұрады және прафилактикалық тексеруде болады. Көптеген емханаларда тәулік бойы істейтін шұғыл жәрдем пунктері бар. Емханадағы мейіркеш міндетіне– дәрігердің қабылдауына даярлық, алдын ала тіркеуден алған амбулаториялық карточкаларға лабораториялық зерттеу нәтижелерін жапсыру, қызуы жоғары сырқаттарды дәрігердің бірінші кезекте қарауын қамтамасыз етеді. Сауықтыру орны – өнеркәсіптік кәсіпорындарда, совхоздарда, құрылыстарда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында және кәсіптік-техникалық чилищелерде ұйымдастырылған медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың бөлімшесі. Сауықтыру орында қарапайым емдеу процедуралыры (байлап таңу, қыздыру, оңқа қою, дәрі құю т.б.) орындалады. Мейіркештер жұмысы учаскелік принцип бойынша жасалады.
Диспансер – белгілі бір аурумен ауратын науқастарды тауып, есепке алатын емдеу – профилактикалық мекеме. Өкпе ауруына қарсы тері – венерологиялық, қатерлі ісік, наркологиялық диспансерлер және эпидемиялық аудандарда қалқанша бездеріне қарсы диспансерлер бар. Диспансрлер арнайы емделулер жасалып, диспансерлик сырқаттар мен профилактикалық шаралар жүргізіледі. Әрбір диспансер мейіркеші сырқат есебін жүргізеді, профилактикалық шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігерлер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронаждық жұмыс атқарады (сырқат және туыстары үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу).
Әйелдер консультациясы– босанатын үйдің немесе емхананың құрамдас бөлімшесі. Екіқабат әйелдерге сол кезеңде акушерлік – гинекологиялық жәрдем көрсету және оларды диспансерлеу жүзеге асырылады. Мейіркеш дәрігердің қабылдау кезеңіндегі өз міндеттерінен басқа екіқабат әйелдерге патронаждық қызмет көрсетеді, оларды жеке басының гигиенасы мен жаңа туған нәрестенің күтімін үйретеді.
Медициналық жедел жәрдем станциялары – еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылған. Аса қажет жағдайда халыққа күні – түні медициналық қызметкердің бәрі де бригадир дәрігерге көмектеседі және оның барлық тапсырмаларын дер кезінде, тез орындауға міндетті. Фельдшерлер мен мейіркештер жұмысына кіріскенде арнайы киім алуға, өзі істейтін жедел жәрдем машинасының нөмерін білуге, аппаратураны, дәрі-дәрмегі бар жәшікті қабылдауға, оның ішіндегілерін тексеруге сондай-ақ барлық құрал-жабдықтадың түзіктігін, ал жетіспеген немесе сынықтары болған жағдайда оларды жою шараларын қабылдауға, машинаның жүрісін әзір екенін, оның санитарлық жағдайын, радиобайланыстың дұрыстығын тексеру тиіс. Осы мақсатта мамандығын жоғарлату үшін арнайы сабақтарға қатысуы қажет.
АУРУХАНАЛАР– төсек тартып жатқан сырқаттарға арналған емдеу профилактикалық мекеме. Ауруханалар салу жұмысы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтер бойынша іске асырылады. Қазіргі ауруханалардақажетті емдеу диагностикалық аппараттармен, құралдармен, жабдықталған медициналық мекеме. Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдері: қабылдау, әкімшілік-шаруашылық, емдеу бөлімдері. Емдеу бөлімдеріне диагностикалық және емдеу кабинеттері, операциялық, процедуралық, жараны тану, арнайы бөлімдер жатады. Емдеу бөлімінің сондай-ақ жүріп тұратын сырқаттардың дем алуына арналған орындар, буффеттер мен асханалар (санитарлық торап, асхана, әжетхана, кір жуатын жер) енеді. Аурухана мейіркеш міндетіне: 1)Емдеу-диагностикалық жұмыс, дәрігерлік аралау кезінде қатысу, дененің темпиратурасын, қан қысымын өлше, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және организмінің физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда жедел дәрігерге дейін жәрдем көрсету. 2) Сырқат күтімін – киіндіріп шешіндіру, іш киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне профилактика жүргізу, ауыр науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б. киіндіріп шешіндіру, іш киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне профилактика жүргізу, ауыр науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б. 3) Дайындық жұмысы – медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздау; дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау. 4) Құжаттар жұмысы –дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу, лабораториялық аспаптармен зерттеуге және консультацияға жолдама беру, дәрігерлік аралап шығуға дейін аурудың тарихын дайындау.
Қолданылған әдебиет: Сырқаттың жалпы күтімі Заликина.Л.С.
|