Пульс және оның қасиеті
Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының созылуына әкеледі. Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз (сур. 48).
Сурет 48.
|