Тест №284. Зәр шығару жүйесінің инфекциялық ауруларында қолданылатын
антибактериалды препараттар: 1. Ампициллин, фуросемид 2. Цефотаксим, дипиридамол 3. Офлоксацин, гидрохлортиазид 4. Фурагин, азтреонам 5. Цефуроксим, меркаптопурин Тест №285. Зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын фторхинолондар тобының препараттары: 1. Амоксициллин, карбенициллин 2. Цефуроксим, фурагин 3. Ципрофлоксацин, левофлоксацин 4. Нитроксолин, дексаметазон 5. Азтреонам, ципрофлоксацин Тест №286. Фторхинолондардың антибактериалды әсер механизмі: 1. ПАБҚ конкурентті антагонисті 2. Топоизомераза ферментін тежейді 3. Дегидрофолатредуктаза ферментін тежейді 4. Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзады 5. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады Тест №287. Зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын жұптастырылған сульфанламидті препарат: 1. Цефтриаксон 2. Азтреонам 3. Сизомицин 4. Ко-тримоксазол 5. Аугментин Тест №288. Балаларда зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде қолдануға ұсынылмайды: 1. Биосинтетикалық пенициллиндер 2. Цефалоспориндер 3. Фторхинолондар 4. Аминопенициллиндер 5. Нитрофуран туындылары Тест №289. Нитроксолин: 1. 8-оксихинолин туындылары 2. Нитрофуран туындылары 3. Хиноксалин туындылары 4. Антибиотик - макролид 5. Антибиотик - аминогликозид Тест №290. Созылмалы гломерулонефриттің патогенетикалық емі үшін тағайындалады: 1. Глюкортикостероидтар, цитостатиктер 2. Нитрофурандар, цефалоспориндер 3. Сульфаниламидтік препараттар, пенициллиндер 4. Макролидтер, глюкокортикостероидтар 5. Цефалоспориндер, иммунодепрессанттар
|