Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың





Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.

Қоғамдық денсаулықты ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту проблемалары денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің нақтылы құзіреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.

Барлық дәрігерлер жоғары деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімдігін қамтамасыз етушілер болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алулары керек.

Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясы мен тактикасын адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғары деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамды тұрақты дамытумен бірбүтін және жүйелі түсіну қажет.

 

2.2 Пәннің мақсаты:

Қоғамдық денсаулықты жетілдіруге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын даярлау.

2.3. Оқу міндеттері:

· қоғамдық денсаулықты бағалау және басқару методологиясы және әдістемесін үйрету;

· қоғамдық денсаулықты жүйелі түрде талдауға оқыту;

· қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге дайындықты қалыптастыру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттерде білімді қалыптастыру:

· әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгермелілігімен байланысты халық денсаулығы көрсеткіштері мен тенденциялары туралы;

· денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздері туралы;

· халықтың өлім жене аурушылдық деңгейлері мен құрылымымен бірге Қазақстан халық денсаулығының қазіргі жағдайы туралы;

· халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі аймағындағы Қазақстан Республикасының заңдылық негіздері туралы;

· біріншілік медициналық-санитарлық, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;

· халыққа санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;

· халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық-ағарту жұмысының принциптері, әдістері мен құралдары туралы;

· азаматтарды әлеуметтік сақтандыру негіздері, әлеуметтік кепілдіктер түрлері, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты дәрігерлік сараптау принциптері туралы;

· экономика негіздері және денсаулық сақтаудағы экономикалық қатынастар туралы;

· денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері, медициналық мекеменің қызмет етуін қамтамасыз етудегі менеджер ролі туралы;

· денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік әрекеттің негіздері, осы жүйедегі бизнес және маркетинг туралы;

· медициналық көмек сапасын басқару принциптері: денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау, талдау және бағалау туралы;

· денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріндегі тіркеу және есеп беру жүйесі туралы.

Студенттерде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:

әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты халық денсаулығы жағдайы көрсеткіштерін есептеу және бағалау;

· негізгі себеп-салдар байланыстарын анықтау, халық денсаулығына факторлардың әсер дәрежесі мен бағытын бағалау;

· халық денсаулығын зерттеуде медициналық-статистикалық әдістерді қолдану;

· қолайсыз факторлардың әсерін болдыртпау және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстарды өңдеу;

· медициналық мекемеде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізу, мекеме және қызметкерлер жұмысына шолу жасап, есеп берулер құрастыру;

· халық аурушылдығы, өлімінен экономикалық тиімділікті және шығынды, жалпы және өзіндік медициналық көмек құнын есептеу;

· денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-профилактикалық және санитарлық эпидемияға қарсы жұмысын талдау және бағалау;

· медициналық көмек сапасын бағалау;

· халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысу;

· денсаулық жағдайы және денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері жұмысын талдау және бағалауда компьютерлік технологияны игеру;

· кәсіби міндеттерді шешуде ғылыми, оқу, нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану.

 

Студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

· Курстастарымен жақсы өзара қарым-қатынасты құру;

· Басқа студенттердің көзқарасын сыйлау;

· Қарым-қатынаста/араласуда шынайылық таныту;

· Кішігірім топтармен жұмыс істей білу;

Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:

· ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін анықтайтын заңнамалық актілердің негізгі ережелерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру:

· Жұмыста аналитикалық зерттеу әдістерін қолдану;

· Компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;

· Өз бетімен оқу барысында интернет қорларын белсенді;

· Өзін жетілдіруге арналған on-line оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және т.б. қолдану;

· Нормативтік-анықтамалық әдебиеттермен, статистикалық жинақтармен, зерттеудің заманауи әдістеріне қатысты өзіндік жұмыс дағдыларына баулу.

2.5. Алғы реквизиттері:саясаттану, информатика, экология, социология, құқы негіздері, экономикалық құқы негіздері, биостатистика.

2.6. Соңғы реквизиттері:дәлелдеу медицинасының негіздері, ішкі аурулар, хирургия, акушерлік және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік практика.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4148. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия