Тақырып: ГЭС СУ ҚОЙМАСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ
Лекция мақсаты: Негізгі қарастырылатын сұрақтар Су қоймаларының жіктелуі, спецификасы. Су қоймаларының әсер ету сферасын уақытты-кеңістікті ұйымдастыру. Су қоймаларының қоршаған ортаға әсерін бағалау. Ысқаша мазмұны Су қоймалардың спецификасы, сыныпталуы және міндеті. Су қоймалар деп – көлемі 1 млн кубтан артық болатын жасанды суаттарды немесе адам қолымен өзгертілген гидрологиялық режимді табиғи көлдерді айтамыз. Суқоймалардың қазіргі замандағы гидро-климаттық жүйедегі ең басты міндеті болып құрлықта суды сақтау табылады. Суқоймаларды падаланудың негізгі сегіз бағытын атап көрсетуге болады: 1. Қалалар мен елді мекендерді, өнеркәсіптік мекемелерді сумен кепілді қамтамасыз ету; 2. Суқойма және энергетика 3. Су тасқындарымен күресу үшін суқоймаларды пайдалану; 4. Суару мақсатында пайдалану; 5. Суқоймалардың рекреациядағы мәні; 6. Суқоймалардың балық шаруашылығындағы мәні; 7. Суқоймалардың су көлігі үшін мәні; 8. Суқоймалардың орман өрттерінен сақтану үшін мәні. К.К. Эдельштейн суқоймаларды гидроэкологиялық сыныптауды ұсынады: - Жоғары сапалы суы бар суқоймалар (ауыз су, техникалық, рекреациялаық мақсатта пайдаланылатын суқоймалар); - биологиялық өнімділігі жоғары суқоймалар (балық және ауыл шаруашылығында пайдаланылады); - су сапасы маңызды болмайтын басқа салалрда пайдаланылатын суқоймалар.
|