Студопедия — Практикалық және семинар сабақтардың әрбір модуль бойынша тақырыптарының аталуы мен нөмірі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Практикалық және семинар сабақтардың әрбір модуль бойынша тақырыптарының аталуы мен нөмірі.






1-модуль

№1 сабақ

Тақырыбы: Тарихи грамматика пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық грамматикадан өзгешелігі мен байланысы. «Тарихи грамматика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны,салалары, тіл білімінде алатын орны. Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы, басқа пәндермен байланысы. Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері. Ретроспективті, перспективті, тарихи диохрондық, салыстырмалы –тарихи, типологиялық т.б. әдістер туралы. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, зерттелуі. «Көне қазақ тілі» терминін енгізу мәселесі туралы ғылыми пікірлер: Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, М.Т.Томанов, Б.Сағындықұлы және т.б. Қазақ тілінің өзге тілдерден негізгі айырмашылығы,ерекшелігі.

Мақсаты. Тарихи грамматика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны, салалары,тіл білімінде алатын орны. Барлық түркі тілдеріне ортақ заңдылықтарды айқындап, түп негізді тануға, тілдің даму жолдарын анықтау.

№2 сабақ

Тақырыбы: Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы. Тарихи лексикология салалары. Семасиология мен этимология. Сөздің лексикалық жүйесіндегі орны. Лексикалық мағына. Сөздің пайда болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс.Сөз мәні. Халық дүниетанымының сөздегі көрінісі туралы. Сөз мағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері туралы.Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық, семантикалық, грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Олардың мағыналарын ішкі семантикалық құрылымы мен этимологиясын пайымдау. Көне түркілік мұралар мен М.Қашқаридің «Дивани лұғат ит түрк», Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» және «Кодекс Куманикус» т.б. тарихи ескер- кіштер деректеріне сүйене отырып, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.

Мақсаты. Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс.Тарихи лексикология салалары Сөздің пайда болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігін меңгеру

№3 сабақ.

Тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантикасы туралы. Көпмағыналық,сино- нимдік, антонимдік құбылыстардың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. Омонимнің пайда болу жолы мен тарихы. Тарихи омонимдер туралы.

Мақсаты Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі-номинация терриясы аспектісінде М. Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи,Қ.Жалаири, Э.Бахадур еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолымен сипатын анықтау

№4 сабақ.

Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимологиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы. Лексикалану (жаңа ата жасау) процесі.Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі-номинация теориясы аспектісінде М. Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи,Қ.Жалаири, Э.Бахадур еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолының ізі, сипаты.

Мақсаты: Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимологиясын меңгерту. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы.

№5 сабақ.

Тақырыбы: Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Қазақ танымының әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрінің тілдегі көрінісі болып саналатын атаулардың тарихи мәні. Орта ғасыр ескерткіштеріндегі араб-парсы сөздері. Моңғол тілінен енген кірме сөздер.Орыс тілінен енген кірме сөздер мен олардың кезеңдік сипаты, зерттелуі. Орыс тіліндегі түркі сөздері. Кірме сөздердің мағыналық дамуы мен тілді байытудағы рөлі, кіру қажеттілігі. Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз мағынасының дамуын көрсетуі. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі толық мағыналы сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер арасындағы сабақтастық, қолданылу сипаты. Көнерген сөздердің этималогиясы.Табу мен эвфемизм, тарихи сипаты. Қазақ лексикографиясының тарихы. «Дивани лұғат-ит түрк», «Кодекс Куманикус», т.б. сөздерінің мәні мен маңызы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. шыға бастаған глоссарийлер мен сөздіктер. Г.Ю.Клапрот, Е.Бунин, Т.Бокин, И.Ильминский, Ж.Кушербаев, т.б. сөздіктері туралы. Жасалу мақсаты, практикалық мәні, құрылысы.

Мақсаты: Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз мағынасының дамуын көрсетуін меңгерту.

№6 сабақ

Тақырыбы:Тарихи фонетиканың зерттелу нысаны, мақсаты, міндеті. Түркітануда, қазақ тіл білімінде дыбыстардың зерттелу тарихы. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі ерекшеліктері. Дыбыс, әріп, фонема. Фонеманың мәні мен тарихи жіктелуі. Аллафондардың тарихи дамуы мен фонемалық түрге дейін даму сатысы.Силла- бофонемалық туралы ұғым. Дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы. Дауысты, дауыссыз фонемаларды топтастырудың тарихи принциптері. Дауысты, дауыссыз фонемаларға тән сипат. Көне түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар, олардың зерттелуі (Баскаков Н.А., Щербак А.М., Аралбаев Ж.,Томанов М. және т.б.). Ең көне дауысты дыбыстар: а,у,ы Олардың жіктелуі мен даму сатылары.Көне түркі ескерткіштерінде дауыстылардың белгіленуі. Жеке дауыстылардың дамуы.Дифтонгтар.Қазақ тіліндегі дауыстылар жүйесі, оның көне және орта түркілік мұралар тіліндегі дауыстылар жүйесіне қатысы мен өзіндік ерекшелігі. «Ә» дыбысының қалыптасуы жөніндегі пікірлер. «Ә» дыбысының қызметі мен фонемалық сипаты. Диалектілерде кездесетін дауысты дыбыстар сәйкестігінің тарихи септілігі, негізділігі. Дауысты дыбыстар сәйкестігінің шығу себебі мен мотиві: а-е,а-ә,ы-і,ұ-ү,ұ-ы,ү-і,о-ұ, т.б.

Мақсаты:Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тііліндегі көрінісі, ерекшелігі, айырмашылығы. Басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастар. Аффрикат дауыссыздарды меңгеру

№7 сабақ

Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы. Түбір құрамындағы тіл алды дауыстылардың тіл арты дауыс- тыларына сәйкес келуі. Сингармониялық параллельдер мен варианттар туғызудағы дауысты дыбыстардың мағыналық үлесі.

Дауыссыз дыбыстар жүйесі, дамуы. Ол туралы түркологияда ғы пікірлер. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тііліндегі көрінісі, ерекшелігі, айырмашылығы. Басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастар.Аффрикат дауыссыздар-тсж; дж; дз; тһ; дһ; ди; ти, т.б. Тектес сәйкестік пен әр тектес сәйкестік туралы проф. Б.Сағындыкұлының ғылыми теориясы. Аффрикат дыбыстардың қалыптасу кезеңі мен жеке фонемаларға жіктелу сипаты. Зерттелу тарихы.Аллафондық даму нәтижесінде жасалған фонемалар, генезистік ерекшелігі мен сипаты.

Мақсаты: Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы. Дауыссыз дыбыстар жүйесі, дамуы. Ол туралы түркологияда ғы пікірлер.

2-модуль

№8 сабақ

Тақырыбы: Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер. Қазақ тіліндегі анлаут позициядағы – ж дыбысы қыпшақ тобындағы тілдерге тән негізгі ерекшелік екендігі. Ч аффрикатының көнелігі, қазіргі қазақ диалектілерінде кездесуі-реликтілік құбылыс. Көне түркілік –г-ғ дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністері. Дауыссыз дыбыстардың сапалық сипаты. Басқа түркі тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер. Инлаут пен анлаутта кездесетін және кездеспейтін дауыссыз дыбыстар. Сөз соңында н-ң ауы- суы, не ң-н ауысуы. Протоалтайлық Р дыбысының дамуы, қазақ тіліндегі көрінісі. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз- дардан басталатын сөздердің молдығы-тілдің көнелігінің кепілі. Қатаң дауыссыздардың ұяңдау процесі, кезеңі, қазіргі тілдегі көрінісі. Инлауттағы дауыссыз дыбыстардың келу сипаты, басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі. Интервокал позицияда қатаң дауыссыздардың ұяңдануы. «Қазақы», «қалмақы»,т.б.сөздер дегі ұяңданудың басты тарихи себебі-сөз мағынасын жасауда ғы қызметімен байланыстылығы.

Мақсаты: Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер. Дауыссыз дыбыстардың сапалық сипаты. Басқа түркі тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер.

№9 сабақ

Тақырыбы: Сингорманизм заңы. Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынана туындайды. Сингорманизм түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушы- лық қызметі. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-бірін ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылы- сының тарихи сипаты.-П фонемасының у-ға айналу сыры. Ассимиляция – дауыссыз дыбыс тардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзін- дік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері, негізділігі. Диссимляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себебі. Протезалық, эпентеза-лық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағына- сының өзгерушілік қызметі. Дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы. Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер. Екпін. Екпін түрлері, орны, сипаты. Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер. Орфография мен графика. Графика туралы түсінік. Көне түркі жазуы. Жазу-мәдениет көрсеткіші. Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.

Мақсаты: Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынана туындайды. Сингорманизм түрлері, зерттелуі.

№10 сабақ

Тақырыбы: Тарихи сөзжасамның зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті, сөздік құрамды дамытудағы маңызы мен ролі. Сөзжасамның негізгі заңдылықтары: аналогия, абстракция, ассоциация, мотивация. Атау теория сы туралы. Сөзжасамның түркі тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі жайы. Тарихи сөзжасамның негізгі ұғымдары, әдістері. Туынды сөз. Туынды сөз мағынасының қалыптасуындағы негіздеме (мотивация) мәселесі. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық мағына. Этимон түбірлер – сөзжасамдық тұлға. Сөзжасамдық макро және микро семалар.Сөзжасамдық мағынаның дамуындағы көп мағыналық пен синонимияның, антонимияның өзіндік ролі. Түбір мен негіз. Негіздің уәжі, уәжделеу. Түбірдің архисемасы, түбірлес сөздер мағынасындағы ортақ сема, өзек сема, негізгі сема, арнайы сема. Атау мағынасы, семалық дәрежесі. Туынды сөздегі номинативтік белгі. Мотивацияның тарихилығы, негізділігі.

Мақсаты: Сөзжасамның негізгі заңдылықтары: аналогия, абстракция, ассоциация, мотивация. Сөзжасамдық мағынаның дамуындағы көп мағыналық пен синонимияның, антонимияның өзіндік ролі. Түбір мен негіз. Негіздің уәжі, уәжделеу.

№11 сабақ

Тақырыбы: Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы. Сөз мағы насындағы өзгерістер. Дауысты және дауыссыз дыбыстарының сәйкестігі нәтижесінде пайда болатын сөзжасамдық қалыптар. Семантикалық сөзжасам (конверсия) – тұлғалық өзгеріске ұшырамай-ақ, жаңа мағына иеленген туынды сөздер туралы. Функциональдық мағынаның даму жолдары. Конверсия және тарихи синкретизм. Семантикалық сөзжасамның нәтижесінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық дамуындағы ерекшеліктер. Транспозиция құбылысы туралы, түрлері мен мағыналық құрылымы. Синтетикалық сөзжасам тәсілінің ерекшелігі. Сөзжасам жұрнақтарының мағыналық сипаты. Синтагматикалық және парадигматикалық қатысты-лығы. Сөзжасам жұрнақтары-ның әуелгі лексикалық мағынасы мен грамматикалану тарихы. Сөзжасамдық мағына туғызудағы негіз бен жаңа сөз туғызушы жұрнақтың рөлі. Синтетикалық сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы рөлі, маңызы.

Мақсаты: Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы. Сөз мағынасындағы өзгерістер. Дауысты және дауыссыз дыбыстарының сәйкестігі нәтижесінде пайда болатын сөзжасамдық қалыптар.

№12 сабақ

Тақырыбы: Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылуы, бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі. Лексикалану процесі туралы. Аналитикалық тәсілдің тарихи көнелілігі.Силлабофонемалардың бірігуі арқылы болған сөздер туралы ғылыми көзқарас. Сөздердің күрделенуі арқылы жасалған туынды сөздердің өзіндік ерекшелігі. Тұрақты тіркестердің, күрделі сөздердің номинативтік мағынасы. Олардың шығуының еркін тіркестермен байланысы. Еркін тіркес пен күрделі сөздің байла -нысы мен ерекшелігі туралы қазақ ғалымдарының ғылыми пікірлері.Аналитикалық сөзжасамның ерекшелігі. Термин жасаудағы мәні.

Мақсаты: Аналитикалық тәсілдің тарихи көнелілігі. Қазіргі қазақ тілінің деректерімен салыстырғандағы ерекшеліктері,бірлігі,дамуы.Көне мұралардағы негіздердің номинативтілігі.

М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлердің мағыналық дамуы.Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.

№13 сабақ

Тақырыбы: Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты, мәні. Зерттеу тарихы. Сөз – лингвистикалық зерттеудің негізгі нысаны. Лексикалық мағына мен грамма тикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты, қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, дамуы. Тіл дамуындағы заңдылықтардың, сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері. Этимон түбір.Түркітанудағы зерттелуі. Олардың тұлғалық және мағына лық сипаты. Түркі түбірлерінің феномендік қасиеті. Морфемалар. Қосымша морфемалардың пайда болу жолдары, мағыналық сипаты, грамматикалануы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфе малар, олардың түрлері. Деривациялық және реляциялық мағыналар. Түбірдің сипаты. Этимон түбірлердің бір буындығы. Силлабофонема теориясы туралы. Түбір синкретизмі туралы. Түбірлер дамуының кезеңі, ішкі флекция мәселесі.

Мақсаты: Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты, мәні. Қосымша морфемалардың пайда болу жолдары, мағыналық сипаты, грамматикалануы.

№14 сабақ

Тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі бір буынды түбірлердің мағыналық, тұлға- лық сипаты, қазіргі қазақ тілінің деректерімен салыстырғандағы ерекшеліктері, бірлігі,

дамуы. Көне мұралардағы негіздердің номинативтілігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлердің мағыналық дамуы, қазақ тілімен салыстыру. Түбірлердің грамматикалық тұлға мен түрленуі. Грамматикалық категориялар -дың қалыптасу тарихы мен сипаты. Сөздердің грамматикалық таптарға топтастырылуы, ол туралы ғылыми ойлар. Есім мен етістіктің сөз табы ретінде жіктелу процесінің грамматикалық категориялар -дың шығуымен сабақтастығы. Сөз таптарының функциялық дамуы. Еліктеуіш сөздердің ерекше табиғаты. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Зат емсім. Зат есімнің дамуы, лексика-грамматикалық сипаты. Түбір және негіз есімдер. Дара және күрделі зат есімдер. Жалпы, жалқы есімдердің пайда болуындағы мотивацияның ролі. Ономастикалық атаулардың шығу тарихын зерттеудің тарихи танымдық маңызы. Зат есімнің грамматикалық категориялары. Септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғау. Олардың зерттелуі мен даму тарихы. Жалғаулардың тарихы туралы жаңа ғылыми қөзқарастар. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Сын есім. Зерттелу тарихы. М.Қашқари сын есім туралы. Сын есімнің құрамы, қалыптасу жолы, дамуы. Шырай түрлері, шырай туралы ғылыми пікірлер. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Сан есім. Зерттелу тарихы. Сан есімнің дүние жүзі тілдеріндегі көрінісі, ортақтық сипаты туралы ғылыми ойлар. Жеке сан есімдердің қалыптасуы. Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Сандардың таңбалық сипаты туралы ғылыми ойлар. Есімдік. Зерттеу тарихы. Қалыптасу, даму жолы. Есімдіктердің түрлері, генезисі. Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі. Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы. Түбір етістіктің тұлғалық және мағыналық дамуы. Зат есім мен етістіктің генетикалық тектестігі. Көне түркі тілдеріндегі етістік жүйесі мен ерекшелігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің көрінісі, грамматикалық құрылымы. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Күрделі етістік. Тарихы, номинативтілігі. Салт және сабақты етістіктер. Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі. Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары. Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі. Есімше және көсемше тарихы. Рай тұлғаларының тарихы. Шақ тұлғаларының тарихы. Етіс тұлғаларының тарихы. Етіс тұлғаларының грамматикалық және мағыналық құрылысы. М.Қашқари етіс туралы. Етістіктің қызметі. Үстеу- негізгі белгілері, сипаты, ерекшелігі. Үстеудің сөз табы ретіндегі қалыптасу жолы. Үстеу-екіншілік атау. Негізгі үстеу мен туынды үстеу. Үстеудің арғы негізі туралы ғылыми пікірлер. Еліктеуіш сөздердің семантикалық және грамматикалық сипаты. Еліктеу теориясы туралы ілім. Еліктеуіш сөздердің түрлері. Көне түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің сипаты мен ерекшелігі. Көмекші сөздердің пайда болу, қалыптасу жолы. Десемантизация және грамматикалану процестері. Зерттелуі, түрлері. Шылаудың пайда болу жолдары, грамматикалық мағынасы.

Мақсаты:Есімді сөйлемдер,олардағы бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын көмекші етістіктің болуы не болмауы туралы пікірлер. Баяндауыш сөйлемнің негізгі тұтқасы.Есімді, етістікті жай сөйлемдердің дамуы.. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің орын тәртібі.Көне өзбек тіліндегі сөйлем құрылымының сипаты,сөйлемнің жинақтылығы,қарапайымдылығы. 18-19ғғ жазба нұсқаларындағы сөйлемнің сипатын меңгеру

№15сабақ

Тақырыбы: Тарихи синтаксис зерттеу нысаны. Синтаксистік тұлғалардың дамуы, түрлері. Қазақ тілі синтаксистік жүйесі- нің басқа түркі тілі синтаксистік жүйесімен ұқсастығы, айырма- шылығы. Синтаксистік жүйені айқындаудағы негізгі принцип- тер.Түркітанудағы және қазақ тіл білміндегі тарихи синтаксис- тің зерттелуі.Сөз тіркесі, ондағы өзгерістер.Орхон-Енисей жазбаларындағы сөз тіркесінің құрылымдық, мағыналық сипа- ты. Есім, етістік сөз тіркесінің дамуы. Сөз тіркесінің даму бағыттары. Зерттелуі.Байланысу түрлерінің қалыптасуы.Қабысу – түркі тілдерінің тарихындағы байланыстың ең ежелгі түрі. Матасу, меңгеру- синтетикалық тәсілдің қалыптасқан кезінің жемісі. Изафеттік тіркестер, түрлері. Сөз тіркесінің коммуни кативтік мақсаттарға қызмет ету жағдайлары, лексикалануы.Сөз тіркесініңдаму бағыттары. Зерттелуі. Байланысу түрлерінің қалыптасуы. Қабысу-түркі тілдерінің тарихындағы байланыстың ең ежелгі түрі. Қабысу, Меңгеру-синтетикалық тәсілдердің қалыптасқан кезінің жемісі. Изафеттік жұрнақтар, түрлері. Сөз тіркесінің коммуникативтік мақсаттарға қызмет ету жайлары, лексикалануы. Жай сөйлемнің дамуы. Тілдік элементтердің номинативтік, коммуникативтік қызметтердің сараланбаған көне көздері, атаулы сөйлемнің көнелік сипаты. Жай сөйлемдер, олардағы бастауыш баяндауышты байланысыратын көмекші етістіктің болуы мен болмауы туралы пікірлер. Баяндауыш сөйлемнің өзекті тұтқасы. Есімді жай сөйлемдердің, етістікті жай сөйлемдердің дамуы. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Көне түркі ескерткіштердегі сөздердің орын тәртібі. Көне қазақ тіліндегі сөйлем құрылымының сипаты, сөйлемнің қарапайымдылығы. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқаларындағы сөйлемнің сипаты. Құрмалас сөйлемнің граматикалық және семантикалық сипаты. Көне түркі жазба мұралары тіліндегі құрмалас сөйлемнің көрінісі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік. Құрмалас сөйлемнің пайда болу, қалыптасу тарихы туралы пікірлер. Сөйлемді құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы. Сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Құрмалас сөйлем түрлері, дамуы. Құрмалас сөйлем дамуындағы жазба әдеби тілдің рөлі.

Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлері,дамуы. Құрмалас сөйлем дамуындағы жазба әдеби тілдің рөлі.

Көне түркі жазба мұралары тіліндегі құрмалас сөйлемнің көрінісі. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік. Құрмалас сөйлемнің пайда болу,қалыптасу тарихы туралы пікірлер.

3.2. Модульдер бойынша СӨЖ-дің аталуы мен нөмері.

1. СӨЖ тақырыбы:Тұрақты тіркестердің тарихи дамуы..

СӨЖ тапсырмасы

1.М.Қашқари,Баласағуни,Қ.Жалаири еңбектеріндегі тұрақты тіркес.

2. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің пайда болуы.

3.Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестері.

2.СӨЖ тақырыбы: Тарихи фонетика мәселелері.

СӨЖ тапсырмасы:

1.Қазақ тілі фонетикалық жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктері.

2.Дауысты дыбыстар жүйесі.

3. Жеке дауыстылардың дамуы.

3. СӨЖ тақырыбы: М.Қашқари ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің фонетикасы туралы..

СӨЖ тапсырмасы

1.М.Қашқари еңбегіндегі дауыстылар жүйесі.

2.Ә дыбысының тарихы.

3.Орта ғасырдағы мұраларда Ә дыбысының кездесуі.

4. СӨЖ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсері

СӨЖ тапсырмасы:

1.Дауыссыздар жүйесі дамуының ерекшеліктері.

2.Жеке дауыссыздардың тарихи өзгерістері

3.Протеза, эпентеза, дауыссыздардың элизияcы.

4.Екпін. Сингорманизм

5. СӨЖ тақырыбы: Дауыстылардың бір-біріне әсері..

СӨЖ тапсырмасы

1.Дауыстылардың редукцияcы мен элизиясы.

2. Буын

6.СӨЖ тақырыбы: М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрк» еңбегі мееен «Кодекс куманикустың» қазақ тіліне қатысы.

СӨЖ тапсырмасы:

1.М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрк»еңбегіне реферат жазу

2. «Кодекс куманикус» еңбектеріне реферат жазу

7. СӨЖ тақырыбы: «Құтадғу білік», «Оғузнаме», «Мұхаббат наме», «Жами ат тауарих» еңбектерінің қазақ тіліне қатысы.

СӨЖ тапсырмасы

1.«Құтадғу білік», «Оғузнаме», «Мұхаббат наме», «жами ат тауарих еңбектерін конспектілеп, шолу жасау.

2-модуль

8. СӨЖ тақырыбы: М.Қашқари еңбектері.

СӨЖ тапсырмасы:

1.М.Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар.

2.М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы.

3..М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары.

9. СӨЖ тақырыбы: Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі.

СӨЖ тапсырмасы

1.Көне түркі тіліндегі үндестік заңы.

2.Сингармонизм заңы.

3.Дыбыс үндестігі,түрлері.

10. СӨЖ тақырыбы: Ж.Баласағұнидің дастаны

СӨЖ тапсырмасы:

1.Ж.Баласағұни дастанындағы түбір сөздер.

2. Ж.Баласағунидің дастаныдағы бір буынды сөздердің мағыналық құрылымы

11. СӨЖ тақырыбы: Қазақ тілі тарихи морфологиясын білудің әдістері

СӨЖ тапсырмасы:

1.Салт және сабақты етістіктер.

2.Етіс категориясы.

3.Етіс формаларының дамуы.

4.Шақ категориялары.

5. Рай категориялары

12. СӨЖ тақырыбы: Түбір сөз дамуының негізгі тәсілдері

СӨЖ тапсырмасы:

1.Түбір сөздің негізгі тәсілдері.

2. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа түркі тілі синтаксистік жүйесімен ұқсастығы.

3. Түркітанудағы және қазақ тіл біліміндегі тарихи синтаксистің зерттелуі.

13. СӨЖ тақырыбы: Етістің категориялары

СӨЖ тапсырмасы:

1.Көне түркі тілдеріндегі етістіктің зерттелуі.

2.Қабысу түркі тілдерінің тарихындағы байланысының ең ежелгі түрі

3.Матасу, меңгеру – синтетикалық тәсілдің қалыптасқан кезінің жемісі.

14. СӨЖ тақырыбы: Тарихи синтаксистің зерттелуі

СӨЖ тапсырмасы:

1.Есімді жай сөйлемдердің дамуы.

2.Етістікті жай сөйлемдердің дамуы.

3.Көне түркі тілдеріндегі есімді,етістікті жай сөйлемдердің зерттелуі.

15. СӨЖ тақырыбы: Cөз тіркесі.

СӨЖ тапсырмасы

1.Сөз тіркесі, түрлері.

2.Құрмалас сөйлем типінің қолданыс жүйесі.

3.Құрмалас сөйлемнің тарихы туралы ғылыми пікірлер.

4.Н.Сауранбаев, С.Аманжолов құрмалас сөйлем тарихы туралы







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1965. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия