Ағымдық бақылау тапсырмалары
Ағымдық бақылау № 1 Нұсқа Ілияс және Фатима (жоба құру) Нұсқа Ілиястың шығармашылық өмір жолы (Иллюстративті -танымдық презентация жасау) Нұсқа Ілиястың әдеби мұражайы (хабарлама дайындау) Нұсқа Ілияс жайлы естеліктер негізінде Ілиястың көркем бейнесін сомдау Нұсқа «Менің Ілиясым» тақырыбында эссе жазу
Ағымдық бақылау № 2 Нұсқа І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштар мен шөптерге анықтама беріңіз, суретін көрсетіңіз. ü Ағаштар мен бұталар түрлері: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік. Барлығы: 31. ü Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай. Барлығы: 50 Нұсқа Поэзиялық ой толғау. «Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез, Шалма орап мұсылманның абызындай», деген өлең жолдарындағы кербез жуаларға, «сепсе қурай сырға қадап» деген тіркестегі қурайдың «сәнденіп» тұруына поэзиялық ойтолғау жазу.
|