Студопедия — Мәдениет тақырыбын көтеруі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мәдениет тақырыбын көтеруі.






Ілиястың журналистік қызметі туралы белгілі ғалым, профессор Темірбек Қожакеев: «Ілияс – қазақ совет журналистикасының шоқтығы биік, ірі өкілі, оған алғаш келген жыл құстарының бірі...» - дей келе,- «...өзінің журналистік қызметімен ел жоғын жоқтаушы, ел мұңын мұңдаушы екенін дәлелдеген. Үнемі жұрт атынан сөйлеп, ел мұқтажын тілге тиек етіп отырған».

1920 жылдардың басында Ілиястың оқуы аз, білімі таяз болатын. Бірақ өз бетімен оқып, ізденіп, білімнің кемістігін толтырып, ақындық, жазушылық жолға түседі. Ал газет қызметіне араласуы − оның білім дәрежесін біршама биіктете түседі. Ол тұста Ілияс «Тілші», «Жас алаш», «Ақ жол», «Жетісу әйелі», «Сана», «Жас қайрат», «Шаншар», «Жаңа мектеп» және тағы басқа баспасөз орындарына жазғандарын бастырып, аты біршама белгілі болып қалған журналистің бірі.

Бірақ біржола журналистикамен айналысты деуге болмайды. Ол кезде ақын, жазушы, журналистердің басым көпшілігі кеңсе қызметінде істейтін... Бірлі-жарымы оқытушы қызметін атқаратын. Өйткені, жағдай олардан тек жазушылықты ғана емес, әкімшілік-ұйымдастырушылық жұмысты да талап етті. «Мен осының бірімін, - деп жазды І.Жансүгіров, - қалам ұстап, жазуды кәсіп қылып, қалам өнерін басқа шеберлердің өнеріндей тереңдетіп жүрген мен емес. Сондықтан менің жазғандарымның бәрі кездейсоқ, көк аттының көңіл-күйі, жазуға мүмкіндік болғанда ғана жазып отырам», - деп ағынан жарылады.

Ілиястың очеркпен көбірек қалам сілтеген дәуірі - отызыншы жылдар. Осы тұста сөз зергері газет, журнал тапсырмасымен өнеркәсіп орындарынан, колхоз, совхоздардан бірталай очерк берді. 1931-1934 жылдары оның қаламынан «Октябрьдің «Октябрі»», «Сталин колхозы», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде», «Қоян-құс» деген очерктер туды. Бұлардың бәрінің түп қазығы -колхоздастыру кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар, социалистік жарыс.

Мәселен, «Октябрьдің «Октябрі»» очеркі-Ертіс өңіріндегі жаңадан қоныс тепкен бір совхоздың қарбалас күндерінен елес. Жазушының суреттеуінде дала-бейне бір еңбек майданы. Қаптаған техника-тракторлар мен комбайндар. Қырдың қыртысы қопарылып, айнала егін теңізі болып кеткен. Кешегі құла тұз-бүгін көшесінде автомобилі жүйткіген, телеграф бағаналары тізілген. Бұл-дүлей табиғатты бағындырған совет адамдарының қаһармандық қимылының жемісі, социализмнің құдіретті күші. Міне, осы көріністерді Ілияс публицистика тілімен сөйлетеді.

Жазушының «Жарыс», «Төменнен толқын» деген очерктері Екібастұз көмір кені Риддер шахталарындағы социалистік жарысты, жұмысшылардың олқылықты жою жолындағы күресін, шаруашылыққа жанашырлық сезімін өзек еткен әкелі-балалы екі шахтердің (Жауатар мен оның баласы Рахымжан) өзара социалистік жарысын көрсету арқылы Ілияс шахта өмірінің сырын шертеді.

Ал «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде» деген очерктерінде Ілияс шығарма желісін бір күннің оқиғаларына құрып, адам мінездерін аша түседі. Бұларда кейіпкерлердің бейнесі өзіндік кескін-келбетімен, мінезімен оқшау. Алғашқы екі очерк Қаскелең ауданының «Еңбекші талап» колхозынан жазылған. Бұл – ертерек ұйымдасқан, шаруашылығы өрге басқан колхоз еді. Міне, осы колхоздың бірде озат бригадасын, бірде екпінді соқашыларын, олардың ізгі мақсат – мүдделерін жан сүйінер жақсы істерін үлгілі комсомолецтердің Бәтіш, Мәскуре сияқты еңбек екпінділерінің бейнесін жасайды.

Ілиястың «Бір күн ішінде» очеркі де тәуір. Ең алдымен оның тілі көркем, композициясы ширақ, сондықтан оны оқу жеңіл. Мұнда отызыншы жылдардың басындағы ауыл өмірінің суреті табиғи. Адамдардың портретін де, пейзажды да автор жақсы береді. Очерктегі басты тұлға – Маров. Ол – МТС – тің саяси бөлімінің бастығы. Очеркті оқып шыққанда Маровтың байсалды мінезі, іскерлігі жадында қалады.

«Әдебиет майданы» 1937 жылғы бірінші санында І.Жансүгіровтің «Қазақстан астанасы Алматы» деген публицистикалық очеркін басады. Онда ғылыми - танымдық, тарихи деректер мол. «Алматының жері жақсы», «Алматының тарихынан», «Алматы 1916 жылы», «Бүлік», «Қала сонда қандай еді?», «Ескі басшылықтың Алматысы», «Қала қалай өсіп келеді?», «Қаламыз – мәдениет ордасы», «Алматы жолдары», «Үлкен Алматы», «Бақша мен курорт», «Одақтас республиканың астанасы» деген тараулар оқушыны астанамыздың тарихын, күрес жолын, өсу белестерін, соңғы жетістіктерін білуге бірден қызықтырады. Ілияс, әсіресе, Алматының әсем табиғатын суреттеуге ұста. Жазушы Алматының келешегіне көз жіберіп, алдағы уақытта оның мәдениетті үлкен қала болатынын айтады. Сол көрегендік сөздері бүгінгі өмірде нақты орындалғанын айтпасқа болмайды. Алматы кешегі Ілияс көргендей емес, бірақ публицистің «Қаламыз – мәдиниет ордасы» деген бір ауыз сөзі бүгін 68 жыл астана болған қалаға лайықты теңеу екені талассыз. «Ілияс Жансүгіровтің бір топ очерктері бүгінгі күннің еңбек адамдары жайында», - дейді, белгілі Ілияс мұрасын зертеуші ғалым Мырзабек Дүйсенов. «Хабар ретінде жазылған жалаң очеркке ден қоймай, көркем очерк жазуға талаптанған. Бұл талабы жеміссіз болмаған. Әңгіме – очерктерінің сәтті шыққандарының композициялық тұтастығы берік, сюжеттік желісі тұтас, суреттеу, бейнелеу жағынан да кәдімгі көркем шығармаларға қойылатын талаптарға жауап бере алады»,- дей келе, Ілиястің әңгіме – очерк жазудағы аз-кем ол қылықтарына да ден қояды. «...Композициялық тұтастығын сақтай алмай, көрген – білгендерін жинақтап, қорытындылай алмай, соның салдарынан әңгіме – очерктерінің етек – жеңі жиналмай шұбалаң шығып, нақты адам бейнесі ашылмай қалған кездері де жиі ұшырасады.Мысалы «Нұрша», «Баулыған балапан» және т.б.әңгімелері көркем шығармадан гөрі, жай баяндама тіліне ұқсас» – дейді, М.Дүйсенов.

«Очерк деген әдебиеттің бүгінгі бір керекті түрі. Қазіргі өмір қарқыны, құрылыс артына күнбе-күнгі сәйкес әдебиет түрі — очерк. Өткір қалам, екпінді стиль, дәл сурет, көпшілікті тез ұйымдастырушы пікір осы очеркте. Әдебиеттің екпінді түрі осы» д еп жазған. Бұл жанрларды сол кездегі ескі мен жаңа арасындағы бітіспес күрестің, жаңа заманмен бірге келген жаңалықтардың, жаңа дамудың қажет етіп отырғанын жақсы түсінген.

І.Жансүгіровтің «Жемісті жыл» мақаласы («Социалды Қазақстан», 1937, 1 январь),- Қазақстанның 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндігінің қорытындысына арнап жазылған.Бұл мақаласында автор қазақ артистері, жазушы, ақындарының әні, жыры, пьесалары Мәскеуде қандай баға алғандығы жайлы, өткен жылдың жемісті болғандығына тоқталады.

I. Жансүгіровтің журналистік мұрасын өрлей өтетін, негізгі пафосын, мазмұн-рухын танытатын 3-4 тақырып бар. Солардың бірі саяси оқиғалы тақырыптар «Қазан төңкерісі һәм қазақ, қырғыз» («Тілші» газеті, 7.11.1923) атты жалғыз мақаласы.

Оқу-ағарту, елдің сауатсыздығын жою, көңіл көзін ашу —екінші тақырып. I.Жансүгіров - ағартушы журналист. Адамшылықтың, тіршіліктің негізі, тұтқасы өнер-білімде екенін, жалпы тіршілік жарысында «мәдениет», «теңдік» деген кембеге бұрын жеткізетін — оқу, оқыту екенін жақсы түсінген, ол тек «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады. «Жетісуда оқу мәселесі» деген мақаласында елді ағарту проблемаларын батыл қойды. Ескі мектептерді есептен шығаруды, жер кесіп беріп жаңа мектептер салдыруды, жарақсыз, жарамсыз мұғалімдерді босатуды, мектептерді жабдықтауды, ағарту мәселелері туралу үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлгілі, үлкен мектептерге оқушылар жіберуді, қырғыз-қазақ институтын аянышты халден шығаруды талап етті. Бұларды Жетісу өкімет орындарының, азаматтарының, жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды.

«Ауылдағы оқытушылар міндеті» (25.6.1925) бас мақаласында «Мұғалім — ауылдағы мәдени қазық. Оның міндеті — мінезін түзеу, өзін-өзі ұстай білу, жаман әдет-ғұрыптан, сасық салт-санадан таза болу, елдің дау-шатағынан, үй арасындағы ауылжақ, атқа мінерліктен аулақ жүру» деп ескертті. Көрінген ауылдан тамақ, тамаша, өсек-әңгіме іздейтін, балаларға үлгі-өнеге, білім-тәрбие бере алмайтын, айналасын түтін айналдырып үркітіп жексұрын болған мұғалімдерге совет мектебінде орын жоқ. Мұндайларды оқу жұмысының маңайынан күреп тастауымыз керек деп міндет қойды. Автордың айтуынша, мұғалімдер жас баланың ғана емес, жалпы қара бұқараның тәрбиешісі, тіршілік, шаруа, саяси, мәдени көсемі болуға тиіс. Бұл үшін әлеумет жұмысына араласу, ысылу, газет, журнал оқу керек. Өйтпеген мұғалім салдыр-салақ, ынжық болады. Жұрт сауатсыз, шаруа шабан, қоныс шашқын, елде неше түрлі жегіштер, саудагерлер жұртты тонап жатыр. Осының бәріне мұғалімдер араласып, бас-көз болуға тиіс. Мұны істемеген мұғалім мұғалім емес.

«Жетісу қазақ институты өмірі» (11.1.1925) мақаласында институттың ашылу, даму, қиындықтарды жеңу тарихы әңгімеленді де, нақты міндеттері сараланды. «Институт мақсаты,— деді автор,— қазақ елінің бастауыш еңбек мектептеріне оқытушы боларлық, ауылдағы әлеумет істеріне мұрындық боларлық, жұрттың ескі әдет-ғұрып, тозық салт-санасымен, сауатсыздық, надандығымен күрес балуаны боларлық, соқыр сезімді қазақ, қырғыз жұртшылығына жаңа салт-сананы, тәлім-тәрбиені егерлік мәдениет қайраткерлерін шығару».

Ағартушы журналистің жоғарыда айтқан үлгілі мектептердің озық тәжірибесін пайдалану, оқу ісін мектеп, мұғалім, жабдық, жобалармен қамтамасыз ету, ел мен ағарту мекемелерінің байланысын жақсарту туралы көп ойлары бүгінгі мектеп реформасының талаптарымен мүлде үндесіп жатыр. Сондықтан оның оқу, оқыту тақырыбына жазған материалдары мәнін әлі жойған жоқ.

Журналист Ілиястың асқақ көтере, құлшына жырлаған үшінші тақырыбы — қазақ әйелінің тағдыры. Ол «Тілші» газетіне «Қазақ әйелінің өмірінен» (8.3.1924) арнаулы мақала жазған. Оны қазақ әйеліне арналған гимн десе де болғандай. Мұнда алдымен, «Алып анадан, ат биеден туады». «Қазақ әйелі — қазақ анасы, қазақ бесігі» деп анықтама береді. Мұнан соң қазақ әйелінің парасат, қабілетін былай деп құлшына жырлап кетеді. «Кешегі Алатау жайлап, Арқа күзеп, - Сыр қыстаған заманда, ұшы-қиыры жоқ -бұлттай көшпелі үркінде шаруа ұйтқысы қазақ бәйбішелері болған. Асауға алыптай құрық салып, күш ат ерттеп, лақпа қашағанды бастырып ұстайтын ер жүректі қыздары болған. Халық шаруасына төтен келген жапан даланың жалмауыз, ақсүйек жұттарында арық-тұрақ малды күрек ашып асыраған кесел-кербезсіз шаруа құты келіншектері болған. Бет жалаған аяздарда, борандарда, елдің үркін-қорқын жаугершілік заманында көш жөнекей босанып, жас баласын құндақтап, үсінбей-қабынбай көшіп кете беретін қайратты қатындары болған».

Мәдениет пен өнер саласы − Ілияс Жансүгіровтің газетке сүйіп жазатын тақырыптарының бірі. Ілияс еліміздің әдебиетін, музыкасын, әні мен күйін жинау мен, оларды өзінің творчествосына ұқыпты пайдаланумен ғана шектелмей, газет - журналдарға жазған мақала, очерктерінде, жасаған баяндамаларында халқымыздың ауыз-әдебиетін, әні мен күйін жинау, үйрену қажеттігін ақындарға, жазушыларға жалпы интеллигенттерге үнемі ескертіп, баспасөз беттерінде үн көтеріп отырады.

І.Жансүгіровтің «Қазақ күйлері жиналсын» атты мақаласы «Еңбекші қазақтың» 1927 жылғы 18 шілде күнгі санында басылған.Бұл мақаласында Ілияс:Елде не көп, ән көп, әдебиет көп, күй көп.Бірақ біз ел әдебиетінің, ел өнерінің бәрін де жинап жеткізе алмай жатырмыз.Ел өнері –бізде әлі ақтарусыз жатқан қазына»-деп ағынан жарылады. Сонымен қатар автор «Енді күйді жинау керек, оның жыл құсы-Затаевич,қалайда осындай ынталы мамандарды кезінде пайдаланып қалған олжа»-дей келе, Жетісу,Қарқаралы, Семей өңірлеріндегі ел арасына кеңінен тараған күйлерді дер кезінде жазып алмаса кеш болатындығына ерекше назар аударады. «Біздің елде ертеректе Тойтан деген бір шал 40 күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін де ешкім білмейді тек күй аттарын айтып, аңыз қылысады. Сүйтіп Тойтан өлімі 40 күйді ала кетіп отыр. Жалғыз Тойтан емес, толып жатқан домбырашылар, күйшілер күйімен бірге зым-зия жоғалып жатыр. Елде жастан домбырашы шығу, жаңадан күй шығу өте сирек», - дейді. І.Жансүгіров Затаевичтің Семей арқылы Қарқаралыға барып, әндермен бірге алып қайтқан төмендегі күйлерді «Қосбасар», «Абылайдың қара жорғасы», «Боз айғыр», «Аққу», «Ақ боран», «Асанқайғы», «Бес төре», «Сарыөзен», Шал-кемпір», «Терісқақпай», «Кенесарының көкбалағы», «Қалмақ-қара жорға», «Тәттімбеттің былқылдағы», Жетісу, Қарқаралы өңірлерінен жиналған күйлерді «Ақсақ құлан», «Мәдіген –Шора», «Жошы хан», «Ахмеди күйі», «Борлы қыз», «Қара жорға», «Қосбасар», «Бұлбұл күйі», «Шашубай күйі»,» «Желмая», «Қорқыттың күйі» тағы басқа күйлерді атап, «өзге елдің, жалпақ қазақтың күйі де әзіргі атаусыз атаусыз жатқан, ақтарусыз жатқан қазына, қалайда күй жиналсын»-деген жанашырлық тілегін жеткізеді.

Келесі «Театр туралы» деген мақаласында («Еңбекші қазақ», 1929ж, 10 сентябрь). Ілияс: Мәдениет саласындағы сүбелі ісіміздің бірі - театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Қазақстан театры төрт жасқа толып келеді, негіз салынды, өгіз аяңмен болса да қазақ театры осы күнге шейін өрлеудің, өсудің жолында келеді. Бірақ театрдың өгіз аяңы осы кезде бәсеңдеуге айналды, тасбақа аяңға түсті. Көп болып көмектесіп, театрдың жұмысына жәрдем беруді тілейді. Театр туралы жұртшылық пікірі көтерілу керек дейміз. Сол көптің бірі болып, өз пікірімізді айтқымыз келеді» - деп театрдың кемшілігін қалай жоюды, оның негізгі жоспарының жоқтығын, театр әдебиетінің өте аздығы мен репертуарының ескілігіне қынжылады. Сонымен қатар жаңадан репертуар жасау мәселесіне жазушылар ұйымы кең қатыссын деген пікірі мен театр артистері – Иса, Әміре, Қалыбек, Серке, Елубай, Құрманбек, Манарбектердің ойнау мәнерлері туралы, әйел-артистердің аздығы, театрдың керекті жабдықтарының (артистердің киімдері, декорация) жарамсыздығы жайындағы ойлары ашық айтылған.

Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінде (1931жыл,24-25 январь) жарияланған «Ән, әншілер жайында» мақаласында жаңа ән туу үшін алдымен әнші туатындығын, ел әндерінің үш салаға бөлінетіндігін (ой музыкасы, сөз музыкасы,қимыл музыкасы), Біржан, Ақан, Әсет, Мұхит, Шолақ, Жарылғапберлі, Ғазиз, Ыбырай, Жаяу Мұсалардың салған әндерінің бір-бірінен өзгешеліктеріне тоқталады. Әміре, Қали, Балабек, Пысмылда, Манарбектердің елдің дайын әнін салудағы шеберліктері жайында өз ойларын ортаға салады.Қазақ әндерін хорға түсірудің керектігін, мұның «үлгілі жол,коллектив жолы» екендігін, қырдағы үлгі –қос дауысты театрдың ән-күйіне енгізуге байланысты және музыка құралдарының (домбыра,қыл қобыз, сыбызғы, сырнай) өз ұлтымызға қажеттілігімен қатар өнерлі елдің мандолина, рояль, пианино, скрипка, гитарына, духовойларына қол артудың маңыздылығын байыптайды.Сонымен қатар қазақ жастарының музыка мамандығын игерулеріне жол ашу қажеттігін мәселе етіп көтереді. Жазушының бұл мақаланы жазудағы мақсаты-ауыл, қаладағы клуб,сахналарымыздың өркендеуіне шама-шарқынша көмек көрсету екендігін айқын сезінуге болады.

Ілияс Жансүгіров жоғарыда аталған мақалаларында қазақ өнерінің (Ән- күйлері, театры, әншілері, артистері) дамуы мен көкейтесті мәселері жайындағы ойларын, Абайдың сөз өрнегі, ақындық шеберлігі,қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы туралы өзіндік талдау, пікірін білдірсе, Албан Асан ақын өлеңдерінің әлеуметтік маңызы мен мәнін тереңнен ашып, Мәскеу де өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің (1936жыл) онкүндігіндегі алған жоғары бағасы, атқарылар алдағы жұмыстар жайындағы ойларын, Пушкин аудармаларының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызы туралы ойларын ортаға салған. Ілиястың өзінің қысқа ғұмырында талай қызметтің тізгінін ұстағаны көпшілікке кеңінен таныс.Осылардың ішінен қаламгерлік, журналистік қызметін ерекше мақтан еткен.Өзі бұл жайында: «Менің көрнекті еңбегім қазақтың журналистикасында жатыр... әрбір газет мақалаларында, жазу техникасында біраз істеген еңбегім жоқ емес» («Жаңа әдебиет» журналы, 1931, № 6- 7, 33- бет) деген. Сонымен қатар Ілияс баспасөздің қоғамда алар орнын, атқарар ролін зор бағалаған.Оны «өмір жаршысы» деп таныған,очерктің маңызын, өзіндік ерекшелігін: «Очерк- әдебиеттің ең бір керекті түрі. Қазіргі өмір қарқынына, құрылыс қарқынына күнбе- күнгі сәйкес әдебиет түрі- очерк.Өткір қалам, екпінді стиль, дәл сурет, көпшілікті тез ұйыстырушы пікір осы очерк»- деген анықтамамен берген.

Ілиястың бүркеншік есімдері:1923-1925 жылдары “Тiлшi” газетiнде Матай, Ағын, Шолжық деген аттарды қойып жүрсе, 1928 жылдарда Таңқыбай, Сақа, Құйқалық дегендерi бар. “Жаршы” журналының 1930 жылғы 2 санында басылған “Егерде...” деген сықақ әңгiмесiне “Сона” бүркеншiк атын қойған. Басқа да “Балгер”, “Жа-жа”, “Қаптағай”, “Салпанқұлақ”, “Сапалақ”, “Құлақ”, “Жетiм бала”, “Қара бұқара”, “Тоқай темiр”, “Қайнар”, “Құрметшiл” деген аттары да болған екен. Әзiрге табылғаны 19 б олды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2161. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия