СӨЖ тақырыбы №14. Аурудың оқу тарихын ресімдеумен науқасты курациялау.
2. Мақсаты:Студенттерге науқасты қарап тексеру және сырқатнама жазуды үйрету. 3.Орындау түрі: 1) Науқас төсегінің маңында баяндау. 4.Келесі сұрақтарға көңіл бөлу қажет: 1. Науқас шағымдарын және анамнез жинау шарттары. 2. Науқасты физикалық қарап тексеру және негізгі симптомдарды анықтай білу. 3. Сырқатнамадағы тағайындау парағын толтыру ережелері. 4. Лабораториялық нәтижелерді талдау. 5. Орындауға талаптар: Ауру тарихы (сырқатнама): 1. Орындауға талаптар: жұмыс көлемі 16-20 қолжазба бетінде болуы керек; жұмыс сауатты орындалуы керек, мазмұндалуы мәдениетті болуы керек; мәтінді мазмұндау барысында қолданған әдебиеттерге жүгінуі керек; библиография дұрыс толтырылуы керек. 2. Ауру тарихы құрылымында болуы керек: сыртқы парағы (белгіленген форма бойынша толтырылады); паспорттық бөлімі, науқас шағымдары, осы аурудың тарихы, өмір тарихы, объективті зерттеудің және хирургиялық жергілікті зерттеулердің нәтижелері. Болжама диагнозды негіздеу, аспаптық және лабораториялық зерттеудің нәтижелері, клиникалық диагнозды негіздеу, ем тағайындау (хирургиялық және консервативті ем), операция барысын хаттамалау, күнделікті бақылау күнделігі (3-4 күн) ауруханадан шығару (белестік, өлімдік) эпикризі, берілген кеңес, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Сырқатнаманың титулды беті С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық;
|