Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

 

Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___» _________2014 ж., № ___

Білім беру бағдарламасы: бакалавриат

Шифр 5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі

СИЛЛАБУС

Басқару есебі» пәні бойынша

Курс: 3

Семестр: 5

Кредит саны: 3

Оқытушы: э.ғ.д., доцент, Мархаева Б.А.

 

 

Телефоны: 3022148 № 121 бөлме

 

 

Алматы, 2014

Құрастырған: э.ғ.д., доцент ____________Б.Мархаева

қолы

 

Силлабус 5В050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған «Басқару есебі» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған

 

 

Силлабус «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасының отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.к,. доцент _____________________ Л.Нургазиева

қолы

 


Кіріспе

«Баскару ece6i» пәні бойынша бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарың дамыған шетелдердің оқу орындарындағы білім беру жуйесі мен бухгалтерлік eceпті ұйымдастыру тәжірибесін ескере отырып құрастырылды.

Баскару есебінде бухгалтерлік ақпараттың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қарастырылады және зерттеледі.

Бірінші бағыты - өндірістік есеп. Heriзri мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының ece6i, өндірістік үстеме шығындар ece6i және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар ece6i мен өнімнің өзіндік құнын калъкуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, урдіс-пе-урдіс, қайта бөлу т.с.с. - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің және өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және қыскартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Екінші бағыт - алынған нақты шығындар мен есептік өзіндік құн туралы ақпараттарды болашақтағы өндірістік шығындарды болжау үшін пайдалану, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін барлық деңгейдегі (цехтар, өндірістер, фирмалар) басшыларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бюджеттеу және нормативтік әдіс негізінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен нормалардан ауытқуларды анықтау сұрақтары да қарастырылады.

Үшінші бағыты - басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ақпаратты қалыптастыру. Өндірістік зиянсыздықты талдау әдістері, ұзақ мерзімді қаржы салымдарының шешімдерін қабылдау әдістемелері мен кағидаттары, баға қалыптасуының және күрделі қаржы салымдары өтімділігі қарастырылады.

Басқару есебінде бухгалтерлік есептің әдістері мен қоса талдаудың дәстурлі әдістері де қолданылады.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:

- дәріс (лекция) оқу;

- практикалық сабақтар жүргізу;

- ОБСӨЖ;

- курстық жұмысты орындау;

- СӨЖ.

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге басқару есебінің мәні, қажеттілігі, мақсаттары, функциялары, қызметтері, арнайы әдістері мен тәсілдері, кәсіпорында ұйымдастыру принциптері туралы жүйеленген теориялық білім беру, сондай-ақ баламалық таңдау негізінде тиімді басқару шешімдер қабылдау бойынша тәжірибе алу болып табылады.

Аталмыш пәнді оқытудың міндеттері:

- кәсіпорында басқару есебінің қажеттілігін және мәнін негіздеу;

- негізгі категориялар, терминдар мен түсініктерді игеру;

- басқару есебіндегі шығындар жіктелуі туралы білімді қалыптастыру;

- кәсіпорындағы өндірістік есептің мәнін, қызметтері мен ұйымдастыру мәселелерін игеру;

- негізгі және көмекші өндірістердің ұйымдастыру мәселелерін үйрену;

- шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін игеру;

- кәсіпорындағы өндірістік есепті ұйымдастыру және өнімнің өзіндік құнын калькуляция-лаудың әртүрлі әдістері мәселелері бойынша тәжірибе алу және арттыру.

Алдыңғы деректемелер: әкономикалық теория, микроэкономика, математика, статистика, информатика, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп

Соңғы деректемелер: экономикалық талдау, аудит, бизнесті жоспарлау, бизнесті бағалау, жобаларды талдау.

Пәнді оқу барысында студенттер «Есеп және аудит» мамандығы бакалаврының біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:

- білу: экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы пәндерінің теориялық негіздерін; экономиканы мемелекеттік реттеудің мақсаты және әдістерін, сондай-ақ мемлекеттік сектордың экономикадағы рөлін; әлеуметтік-этикалық құндылықтарды; іскерлік этиканың нормаларын және оларды ұстануды; Қазақстанның заң жүйесінің негіздерін және заңдылықты; қоғамның әлеуметтік дамуының тенденцияларын;

- істей алу: өзінің кәсиби қызметінде жалпылай әлеуметтік-этикалық құндылықтарды ұстану; топта жұмыс істеуге қабілетті, өзінің көзқарасын қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну;

келісімге келу, өзінің көзқарасын коллективтің пікірімен сәйкестендіру; кәсиби және мамандық саласында жоғары көрсеткіштерге ұмтылу; кәсиби қызметінде ниформациялық технологияларды қолдану; қәсиби қызметіндегі түрлі жағдайларда икемді және мобильді болу;

- дағдыны меңгеру: қәзіргі күндегі техниканы қолдану; кәсиби қызметіне қатысты жаңа білімді меңгеру және білім алуды магистратурада жалғастыру; кәсиби және этикалық нормаларды ұстану; белгісіздік және тәуекелділік жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдауды меңгеру.

Пәндік мамандандырылған:

- білу:

- басқару есебінің теориялық негіздерін, сондай-ақ оның мазмұнын, мақсатын, пәнін, негізгі категорияларын, термин мен түсініктерін;

- басқару есебіндегі шығындардың жіктелу бағыттарын;

- өндірістік есепті ұйымдастырудың негіздерін;

- шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістерінің сипаттамасын;

- зиянсыздықты талдаудың және бюджеттеудің теориялық негіздерін;

- инвестициялық жобаларды бағалаудың әдістерін;

- істей алу:

- кәсіпорында басқару есебінің қажеттілігі мен мәнін негіздеуге;

- түрлі мақсатттарға сәйкес шығындарды жіктеуге;

- есеп-шоттарда негізгі және көмекші өндірістердегі шаруашылық операцияларды дұрыс есепке алуға, сондай-ақ үстеме шығындарды бөліп таратуға;

- тапсырыстық, үрдіс-пе-үрдіс және нормативтік жүйесінде өнімнің өзіндік құнын есептеуге:

- абзорпшен-костинг және директ-костингті қолдана отырып, өзіндік құнды есептеуге және пайда айырмашылығын түсіндіруге;

- кәсіпорынның негізгі бюджетін құрастыруға, арнайы басқару шешімдерін негіздеуге;

- инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеуге;

- дағдыны меңгеру:

- басқару есебінің қажеттілігін дәлелдеуді;

- шешім қабылдау, талдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мақсаттары үшін шығындарды жіктеуді;

- типтік операциялардың шоттар корреспондециясын жасауды және өзіндік құн туралы есептілікті құрастыруды;

- шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің тиісті әдісін таңдау;

- әртүрлі баламалы калькуляциялау жүйелерінде өнімнің өзіндік құнын есептеуді;

- әртүрлі бюджет түрлерін жасауды және зиянсыздық талдауын жүргізуді;

- кейбір стандарттық басқару шешімдерін қабылдауды;

- негізгі баламалы көрсеткіштерді есептеуді және инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдауды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 711. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия