Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
172-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету,
тарату
1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттiк құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен не өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау, сол сияқты мемлекеттiк құпияларды құрайтын, заңсыз алынған мәлiметтердi тарату мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда -
белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен не қылмыстық, азаматтық iс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге байланысты, сол сияқты жедел-iздестiру шараларын дайындау немесе жүргiзу барысында мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 172, 173 және 386-баптарында iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетін сомада келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 N 47 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
173-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды
жоғалту
1. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпиянықұрайтын заттарды жоғалтуы егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және iрi залал келтiруге немесе өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса,-
бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған қызметтiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы, егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және iрi залал келтiруге немесе өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 N 47 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
174-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен құрамалары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтару -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн толықтыру үшiн одан әрi шақырудан жалтару -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар
175-бап. Ұрлық;
1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау -
екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлiк құралының салонына заңсыз кірумен;
г) мұнай-газ құбырынан жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) iрi мөлшерде жасалған ұрлық –
в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мүлкi тәркiленiп үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
а) ұйымдасқан топ жасаған;
б) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстiң баптарында ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.
2. Осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.
2-1. Осы тараудың баптарында аса iрi мөлшер немесе залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асып түсетiн мүлiктiң құны немесе залалдың мөлшерi танылады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2005.11.22 N 90(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18№ 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу
немесе ысырап ету
1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) iрi мөлшерде жасаған болса –
в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
г) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса -
мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2003.09.25 N 484, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
177-бап. Алаяқтық;
1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу -
екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) iрi мөлшерде жасалған алаяқтық –
в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
г) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.