Студопедия — Бап. Зорлау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Зорлау






1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлауды:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
г) бірнеше рет жасалса –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;
г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал д) тармағында көзделген жағдайларда, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған жәбірленушіге қатысты жасалса, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге жазаланады.
Ескерту. 120-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері

1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол іс-әрекеттерді:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса;
в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
г) бірнеше рет жасалса, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал г) тармағында көзделген жағдайларда, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалса, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 121-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық;
қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге
де іс-әрекеттер

1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң;
жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң;
жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық;
сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету

Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

124-бап. Жас балаларды азғындату

1. Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау, -
төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

125-бап. Адамды ұрлау

1. Адамды ұрлау -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
2) кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
4) кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер түсініледі.
Ескерту. 125-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131; 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте;
и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса,-
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол:
а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

128-бап. Адамды саудаға салу

1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау –
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
д) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі әйелге қатысты;
е) екі және одан да көп адамға қатысты;
ж) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
з) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;
к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
л) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі адамға қатысты;
м) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу –
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса,–
мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133-бабында сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін, құқыққа қайшы өтеулі мәміле түсініледі.
2. Өзге мәмілелер – сыйға тарту (адамды басқа тұлғаға өтеусіз беру), айырбастау (адамды бірдеңеге алмастыру), алмастыру (бір адамды басқа адамға ауыстыру), жалға беру (адамды төлемақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, адамды төлемақы нысанасы ретінде пайдалану, адамды мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында беру және басқалар.
3. Егер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені пайдаланылған болса, жәбірленушінің жоспарланған пайдалануға берген келісімі назарға алынбайды.
4. Осы Кодекстiң 113-бабында, 125-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 126-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 128, 132-1, 133, 270 және 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасына байланысты қылмыстар болып танылады.
Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 567. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия