Осы Кодекстiң 69 және 75-баптарында көзделген ескiру мерзiмi кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуiнен босату кезiнде тең жартысына қысқартылады.
86-бап. Соттылықты жою мерзiмдерi
Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн осы Кодекстiң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзiмдерi қысқартылады және тиiсiнше:
а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға;
б) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн бiр жылға;
в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.
87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiз бен жиырма
бір жас аралығындағы адамдарға қолдану
Ескерту. 87-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Он сегiз бен жиырма бір жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетiнiң сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда, осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады.
Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бөлім
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары
88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану негiздерi
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
а) есi дұрыс емес жағдайда осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;
б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;
в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;
г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексiмен және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен белгiленедi. P950514
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған және өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қауiп келтiрмейтiн адамдар жөнiнде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану мақсаттары
Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген жаңа әрекеттердi жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының;
түрлерi
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:
а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
г) интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерiн тағайындауы мүмкiн.
2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмысы үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.
91-бап. Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда
емдеу
Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеудi қажет етпесе, осы Кодекстiң 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкiн.
92-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
1. Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететiн болса, осы Кодекстiң 88-бабында көзделген негiздер болған жағдайда психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкiн.
2. Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететiн, бiрақ интенсивтi қадағалауды қажет етпейтiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
3. Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
4. Интенсивтi қадағалайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамдық қауiптi әрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа адамдарға айрықша қауiптi болған тұрақты және интенсивтi қадағалауды талап ететiн адамға тағайындалуы мүмкiн.
93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
ұзарту, өзгерту және тоқтату
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот белгiлейдi.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгiленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиiс. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.
4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнiнде қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.
Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданғаннан кейiн жаза тағайындау
1. Қылмыс жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу кезiнде өз iс-әрекетi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескiру мерзiмi өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негiз болмаса, ол сауыққаннан кейiн сот жаза қолдана алады.
2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейiн бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезiнде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бiр күнi бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен жазалау мерзiмiне есептеледi.
95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнің в) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөнiндегi өзге де жаза түрлерi амбулаториялық-психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
1-1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнің г) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – бас бостандығынан айыру орнында, ал өзге жазалау түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
2. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психиатриялық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдарында көзделген тәртiп пен негiздер бойынша жүргiзiледi.
3. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрi емделуi қажет болмай қалған кезде көшiрме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдарындакөзделген тәртiп бойынша жасалады.
4. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолдануын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс
96-бап. Адам өлтiру
1. Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -
алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өлтіру:
а) екi немесе одан көп адамдарды;
б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен ұштасқан;
г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;
д) аса қатыгездiкпен жасалған;
е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;
и) бұзақылық ниетпен;
к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;
л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;
м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;
н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;
о) кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру;
п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру –
мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.07.10 N 175-IV, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi
Анасының өзiнiң жаңа туған сәбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтiруi -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру
1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған
кiсi өлтіру
Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi
шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi
өлтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -
үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру
1. Абайсызда кiсi өлтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру -
бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;
г) аса қатыгездiкпен;
д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
е) жалдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;
и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса;
л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян
келтiру
1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;
г) ұйымдасқан топпен;
д) бұзақылық ниетпен;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;
ж) бірнеше рет жасалса;
з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру
Ескерту. 105-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
106-бап. <*>
Ескерту. 106-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен.