Есеп айырысу операцияларының есебі
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма — қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді. Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары. Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар. Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады: 1) шотты ашу жүніндегі өтініш; 2) қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка; 3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы; 4) мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;
|