Моғолстан мемлекеті. Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.
1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.