азақстан тарихы » пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? Палеолит, тас ғасыры
Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? Палеолит, 2 млн. Жыл бұрын
1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытай, Пекин маңында Джоу-Коудян
Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі палеолит
Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? 700-800 мың жыл бұрын
Қазақстаннның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасы
1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл обл, Талас ауд, Берің Тәңір
Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған
«Экзогамия» термині нені білдіреді? Өз ру ішінде неке болуға тыйым салу
Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: Аң аулау, терімшілік
Матриархат термині нені білдіреді? Әйелдің басшылық етуі
Микролит дегеніміз не? Тастан жасалған сына еңбек құралы
Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит
Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолит
Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит
«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Ер адам басшылығы
Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 18-18 ғасыр, б.з.д. 2-3 мың жыл бұрын
«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Андронов селосы, оңт Сібір
Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы-Дәндібай
Қола неден құралады? Қалайы және мыс
Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой
Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Жезқазған маңайы
Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия
Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды? Сақтар
Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 7-4 ғасыр
Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз: Орта Азия мен Қазақстан
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды? Қытай және Қара теңіз
Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Арал теңізі маңы, Сырдария маңы
Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Тиграхауда
Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу
Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Геродот
«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Геродот
«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы обл.
Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Акишев Кемал
Акинак дегеніміз не? Сақтардың қысқа қылышы
Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир
Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады? АлександрияЭсхаты
Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? Абайдың Ескендір поэмасында
Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: Гуньмо
Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Жетісуда б.з.д. 177ж
Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206
Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5 ай
Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан
XII-XIVғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi: Сол және Оң қанаттарға бөлу
Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кiмнiң меншiгiнде деп есептелдi? Хан руының;
1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiм қабылданды. Ол жорықты кiм басқарды? Бату
Көшпелi Өзбек мемлекетi қашан құрылды? 15 ғ-ң 20-жылдары
Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық маңайы
XIV ғ. орта кезiнде Шағатай мемлекетi екiге бөлiндi. Батыс бөлiгiн Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлiгі қалай аталды? Моғолстан
Атақты “Тарихи Рашиди” атты еңбектiң авторы: Мұхамед Хайдар Дулати
Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Шайбани
XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмiрiнде қай тайпалардың басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат
Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлi бөлiгiн құрады? Жошы ұлысының;
Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм?
Ақсақ Темір
Алтын Ордада хан жарлықтары қай тiлде жазылды? Түрік тілінде
Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ;
Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс
XVғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошы мен Шайбани
1480 ж. Жәнiбектiң орнына хан болған: Бұрындық хан (Керейдің баласы)
XV-XVІІ ғғ. қазақ қоғамы қандай екi әлеуметтiк топтан тұрды? Ақсүйек пен қарасүйек
Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан
Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс Баһадүр
“Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі: Төле би
ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз
Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте
Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Айтылғандардың бәрі
Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек
Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір
ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Айтылғандардың бәрі
Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет
Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Айтылғандардың бәрі
Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуреннахрға
1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл-Мұхаммед
Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздар
Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан
Қандай оқиға 1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? 1218ж. Отырар апаты
Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221ж
Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224ж
Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия жері
Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый хан
Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық;
Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана болды
Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан
Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428ж
Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза
Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді? Князь
Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? 15-16ғғ;
Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Яссы
Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды? Орыс хан
Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде – поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал
Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457ж
Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468ж
ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан
Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510ж
ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан
Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік
Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым хан
Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен
Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Сыма-Цань тарихи жазба
«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.д. 2 ғ;
Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түрік тілдес
Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552ж
Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553-572жж
582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдырауға алып келген бүлік
Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб
Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715-738ж
Қимақ мемлекетінің мұрагерлері: Қыпшақтар
Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды? Қарахан мемлекетінде
Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ;
Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыздарға
Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз мемлекетінің;
Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен
Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Ел
«Он оқ бұдын» деп: Батыс Түрік қағанатының тұрғындары
Қара.. және Сары... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түргештер
Бірінші Түрік қағанатынның ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм
ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керейлер
Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721-1722ж
Түркі сына жазбасын оқыған: У. Томсон
Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37-38 белгіден тұрады
В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894ж
Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Моңғолияда
М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029-1101ж
Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870-950ж
Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу бойында
Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан
«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті
Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс
Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581-583ж
Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603-704ж
Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552-603ж
Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары
«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытайда
Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704ж
«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 751ж
Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? 10ғ басы
Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007ж
Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз
Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756-940ж
«Тәңірі» дегеніміз: Аспан
Б.з.д. УІ-ХІІ ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі
Тұтық дегеніміз: Аймақ;
Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20
Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 9-10ғ басы
Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942-1205ж
Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 11-13ғ басы
Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: 9-11ғ басы
Қимақ қағанатының астанасы: Имақия
Қарахандар мемлекетінің астанасы: Бұхара, Баласағұн
Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент
“Түрік” этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542ж
Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын қаған
Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпа
Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603ж
УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тұнжабғы қаған
704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түргештер
Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік қаған
Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4
Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек, Жәнібек
Шыңғысханның заңдар жинағы: Ұлы Яссы
Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан
Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үш Елік
Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Ноғай орбасы, Әбілқайыр хандығы
Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасында
Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348ж Тоғлық Темір
Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы құрылтай қай жерде болды? Қарақұмда
ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті Жарғы
“Жеті жарғы” заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу
Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар
“Жеті жарғы” заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке хан
“Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? Төле, Қазыбек, Әйтеке
Қазақ қауымының қай тобы “ақ сүйек” қауымына жатқан? Төрелер мен қожалар
Қазақ қауымында кімдерді “қожалар” деп атаған? 1-ші Ислам миссионерлерінің ұрпақтары
Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Тек қана Төрелер
Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер
ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар
Қай жыл “Ақтабан шұбырынды” деп аталды? 1723ж
1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады? Жоңғар мен Еділ қалмақтары арасында әскери одақ құруға жол бермеу үшін
Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім-ай
1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілқайыр
1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Жоңғарларға
ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті? Бұланты өзені 1726ж
1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы
Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720ж
Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730ж
Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731ж Кіші жүз
1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев
Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731ж
Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734ж
Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734ж
Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кириллев
Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? 1864ж
А.И. Тевкелеев кім еді? Кіші жүзге жіберілген елші
Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр
Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы
Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Әскери қамал салу
Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748ж
1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы сұлтан
Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1756ж
Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771-1781ж
Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр
ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай сұлтан
Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы
Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли
ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Уәлиханов
Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758ж Цинь империясы
Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773-1775ж
Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? Сырым Датұлы
Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783-1797ж
Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан
Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы ханды
1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформа басталуы
С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797ж Есім хан
1783 – 1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралы ханды биліктен тайдыру
Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою
Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ;
Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801ж
Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Бекіністің тылында орналасты
Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Орал мен Еділ арасында
1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей сұлтан
Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823-1845ж
1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Бащқұрт-қазақ;
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір
Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады
Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасы. Әдістер мен қорытындысы
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Исатай мен Махамбет
1836 – 1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Ақбұлақ өзеніндегі
Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ;
1822 – 1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші жэне Орта жүздегі хандық билікті жою
1822 – 1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір қырғыздарының жарғысы, Орынбор қырғыздарының жарғысы
«Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» авторы кім? Сперанский
«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы
Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822ж
«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер соты шектелді
«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824ж
«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Ара қашықтыққа бөлу
Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824ж
Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845ж
Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір хан
Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Уақытша орыс кеңесіне көшті
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847ж
К. Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? 3 жүз
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл ҚЗ
Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841ж
К. Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты? Қырғыз манаптары
Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836ж Солт.ҚЗ оппозиция қозғ. жетекшісі
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұхаммедұлы
Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854ж
1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысының басталуы
1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Ш. Уәлиханов
Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864ж Ташкенттің жаулап алынуы
«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867ж
1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағынды? Түркістан
Батыс - Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала?
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір
1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Болыс басқарудан артық орын ала алмады
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар
1870-1873 жж. қазақ шаруалырының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау
Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? 19ғ 80жылдары
«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886ж
1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережеге сай қандай генерал - губернаторлық құрылды? Дала
1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы
ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? Олар 15 жылға салықтан босатылды, мал үшін несие алды
Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871ж
1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? 1881ж Санкт-Петербург
1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Әр адамға 4-5 десятина қазақ н/се қытай азаматтығын алу
1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғыр, Дүнген
Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 19ғ;
ХІХ ғ.Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды? Ұсақ шенеуліктер дайындау
ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медре
Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...
Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...
Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...