Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар
СӨЖ тақырыбының жоспары:
• Пән бойынша жобаларды орындау және өткізу кестесі:
*Ескерту: Сабақты жүргізуші оқытушы кафедраның бекіткен пән бойынша СӨЖ тапсырмаларды «Кеңес беру кестесінің» күндері мен сағаттары бойынша студенттерге береді.
Ұсынылатын әдебиет: Негізгі: 1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с. 2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б. Қосымша: 1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с. 2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б. Оқыту және сабақ беру әдістері: Дәріс:проблемалық, сұхбаттасу -дәрәстер, лекция-визуализация, пікірталас - дәрістер, нақты жағдайды талқылау дәрісі. Семинарлық, тәжірибелік және зертханалық сабақтар: Белсенді оқыту түрі: командалық- бағытталған оқыту (TBL), пресс-конференция Дәстүрлі оқыту: жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, өзіндік жұмыстар, тестілеу, препараттарды микроскоппен көру және салу СӨЖ – жобалар/презентациялар, эссе, реферат, альбомдар дайындау. · Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОСӨЖ*) Бағалар шкаласы**
Білім бағасының критериі** «Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады. «Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалды 75 %-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50 % игерген, бұған қоса зертханалақ және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады. * Ескерту:Кредиттік жүйедегі білім алушылар үшін. **Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер.» негіздерінде құрастырылған. Пән бойынша интегральды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі (ағымды жылдағы ҚММУ бекіткен рейтингтік жүйесіне сәйкес дайындалады), «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы қағида». ҚММУ Ғылыми кеңесінің басылымы
|