ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Курс оқытушылары: 1. Нуртаева Ж.Ж., - к.ф.н, аға оқытушы 3. Уразбаева С.А. - оқытушы 4. Качан О.Л. - аға оқытушы 5. Айтбаева А.Д. - оқытушы 6. Беткенова М.С. - оқытушы 7. Торгаева А. С. - оқытушы 8. Куанышева С.М - оқытушы 9. Бухаева Т.Ж. – оқытушы 10.Мурсалимова М.М. - оқытушы 11. Есенгельдинова А.Т. - оқытушы
2012-2013 ж. Дүйсенбі - Сенбі ҚазГЗУ, Астана қаласы 8:30 – 18:00 Ағылшын тілі кафедрасы № 427 кабинеті, тел. 70-30-48, ішкі телефон 1094
2. Пән: Ағылшын тілі - модульдер: 1, 2, 3 Семинар (практикалық) сабақтары – 90 сағат СОӨЖ - 30 сағат CОӨЖ -15 сағат (сабақтан тыс) СӨЖ – 135 сағат Сабақ өткізілетін тіл – ағылшын. Өту орны – ҚазГЗУ-дің оқу аудиториялары
«Шет тілі» пәні жаратылыстану-гуманитарлық және әлеуметтік бағыттағы мамандықтар үшін жалпы білім беру циклінің міндетті түрде оқылатын курс пәндерінің бірі болып табылады.. Қазақстан Республикасының сыртқы байланыстарының кеңеюі және сапалы өзгеруі жағдайларында шет тілін меңгеру әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпымәдени прогресінің қозғалыстағы факторы болып табылады. Пререквизиттер: шет тілін мектептен кейінгі білімнен де жоғары деңгейде білуі қажет. Дәлірек айтсақ, сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдылары толық түрде қамтылуы тиіс. Постреквизиттер: Pre-Intermediate Курстың мақсаты: Шет тілін белгіленген бағыттардың жоғарғы оқу орындарындағы жалпы білімдік блоктың пәні ретінде үйретудің негізгі мақсаты ауыз-екі, күнделікті сөйлеуді практика жүзінде меңгеру және кәсіби қарым-қатынаста қолдана білу үшін мамандыққа қатысты тілді меңгеру болып табылады. Бағдарлама студентті оқу бағдарламалар арқылы қарастырылған шектеулі сағаттар саны ішінде тіл білімінің белгілі көшеліне үйретуді қарастырады және студентті кәсіби және этномәдени жалпыадамзаттық түрдегі біліммен ақпараттарға баулиды осылай, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы мамандықтардың болашақ маманын оқытудың гуманизациялық тезисін іске осыра отырып. Бағдарламада студентке арналған оқу кешенінің тақырыптық-мазмұндық жоспары ұсынылған, қамтамасыз ету деңгейінің талаптары белгіленген, сөйлеудің барлық түрлері бойынша студенттің дағдысы мен іскерліктерін бағалау критерийлері және параметрлері жасалған, студенттің өздік жұмыстарын тексеру түрлері жасалған, сонымен қоса әдебиеттер тізімі, үйретуші бағдарламалар тізімі, курс глоссарийі, аралық және қорытынды бақылаулар, тестік тапсырмалардың үлгілері берілген. Осы курстың мақсаты – сөйлеу тақырыбының, фонетикалық, грамматикалық және лексикалық материалдар негізінде сөйлеу қызметінің барлық төрт түрі бойынша студенттерде коммуникативті компетенцияны қалыптастыру. Коммуникативті компетенция дегеніміз - ресми және ресми емес жағдайда ШТ мәдениаралық қарым-қатынастың құралы ретінде қарастыру, өзін-өзі ұстау мәдениетінің болуы, шет тілінде сөйлеушілердің қарым-қатынас психологиясын түсіну, сөйлеу этикасының бірліктерін түсіне білу және қолдана білу. Бірінші курста қарым-қатынас жасаудың белгілі сатылары оқытылып жатқан тілде ауызша және жазбаша сөйлей білудің негіздері қаланады (әлеуметтік-күнделікті, әлеуметтік – мәдени, оқу –кәсіби. Курстың тілдік материалы нормативті дұрыстылықпен сипатталады және қолданылатын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстарды, сөз тіркестерінің және сөйлеу клишелердің әр түрлілігін қамтиды. Бұл аталғандардың барлығы ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасаудың негіздерін практикалық түрде меңгеруге көмектеседі. Курстың оқыту материалдары таңдалған лексико-грамматикалық минимумда құрылған монологтік және диалогтік түрдегі аутенттік мәтіндерді қамтиды. Курс өтілгеннен кейінгі білім және іскерліктер: Оқытылатын курстың соңында студент білуі керек: - фонетика: әріптік, алфавиттік және сөйлеудегі әріп тіркестерінің оқылу және дыбысталуының негізгі ережелері; - орфография: белгілі дыбыстарға сәйкес әріптердің және әріп тіркестерінің жазылуы, негізгі тілдің өте жиі кездесетік лексико-грамматикалық белгілерінің орфографиялық сәйкестіктері; - лексика: сөзжасам модельдері көпмағаналы сөздердің контекстуалды мағыналары оқытылып жатқан мамандыққа сәйкес терминдер және тіл астарының лексикалық құрылымы; - грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық және техникалық тілдердің неғұрлым жиі кездесетін спецификалық грамматикалық құбылыстары.
Істей алуы керек: - оқу: мәтіндерді сөздіктермен және сөздіксіз оқу, берілген тапсырма ақпаратын табу, оқылғанның мазмұнын есте сақтау; - жазу: бланк толтыра білу немесе іскери хат жазу; - аудару: аударманың нормаларын сақтап, сөздік қолдана отырып шет тіліндегі мәтінді ана тіліне аудару; - тыңдап-түсіну: шет тілінде айтылғанды түсіну; - сөйлеу: тілдің сөйлеу нормаларына сәйкес шет тілінде өз ойын жинақтап жеткізу, сұрақтар қоя білу және аларға жауап айту, оқытылған тақырыптар көлемінде шет тіліндегі әңгімеге араласу, коммуникативті репликаларды дұрыс пайдалана білу, оқылған және тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтып беру.
Курстың талаптары: 1. Сөйлеу - танысу, жанындағы әңгімелесупшіні таныстыру, таныс емес адам туралы сұрау, өзі, басқа бір адам туралы сұрақтарға жауап беру іскерлігі; - отбасы жайлы айту, қасындағы адамның отбасы туралы сұрау, туысқандық байланыстар және қарым-қатынастар туралы айту іскерлігі; - өзінің қасындағының оқуы, күнделікті өмірі, демалыс уақыты туралы айту іскерлігі; - өзінің үйі, пәтері, бөлмесі туралы әңгімелеу, ұнаған үй, пәтер, бөлмесін суреттеу; - өзінің ойын жеткізе білу, ас мәзірі, тамақтану, тамақ, ұлттық ас мәзірі, тапсырыс беру, ас мәзірін талқылау, қаралығын білдіре білу іскерлігі. 2. Таңдап-түсіну - танысу жағдайында туысқандық қарым-қатынастарда, отбасы міндеттілігінде, күнделікті өмірде шет тілінде сөйлеу әрекетін толық түсіну; - шет тілінде сөйлеушінің оқу, демалыс, пәтер, тағам жайлы әңгімесін толық түсіну; - шет тілінде сөйлеушінің қалада, саяхатта жүру бағыттары жайлы әңгімесін толық түсіне білу. 3. Оқу - анкеталар, бланктер, афишалар, газет хабарландырулардың мазмұнын түсіну; - келесі тақырыптарды қысқа карапайым аутенттік мәтіндерді толық түсіну («National stereotypes», «Weather», «Dating», «At the doctor’s», «Travelling», «People», etc; - саяхат проспектілерін түсіну: көрнекті жерлері, орналасқан жер, жергілікті жерде жүре білу. 4. Жазу - бланк, анкета толтыра білу, еркін түрде өзі туралы жаза білу; - жеке – бас хатын/өзі туралы, отбасы туралы эссе жаза білу; - оқу, демалыс, студенттік өмір, саяхаттар жайлы жаза білу; - күнделікті жағдайлар туралы хат/эссе жаза білу; - ас мәзірін құрастыра білу, сүйікті ас дайындаудың жолын жаза білу; - гастрономиялық дәстүрлері, ас мәзірі туралы суреттей білу.
|